Методикасы кафедрасы



бет3/3
Дата11.06.2016
өлшемі409 Kb.
#128866
1   2   3

ҚОРЫТЫНДЫ

Зат есімдер сөз таптары арасында оқушылар тілінде жиі қолданылатын сөздер екендігі тәжирибеде, байқау нәтижелері көрсетіп отыр, оқулықтарда берілген жаттығулар мен әдеби тіркестердің және оқушылар тарапынан түзілген, байланысқан қысқа әңгімелер мен шығармалар құрамының 30 – 40 проценті зат есімдерден құралған анықталып отыр.

Зат есімнің лексика – грамматикалық, морфологиялық және синтаксистік ерекшеліктерін ғылыми-теориялық тұрғыдан қарастыра отырып, зат есімнің лексика – грамматикалық қызметі жайында арнайы тоқталып, олардың әрқайсысының тұлғасы зерттелген. Зат есімнің морфологиялық белгілері, тәсілдері тұлғасы мен қосымшалары сөз етіледі. Сондай-ақ түбір және туынды зат есімдердің жасалу жолдары, күрделі зат есімдердің бастауыш сыныптарда оқыту жайы егжей-тегжейлі көрсетілген.

Зат есімнің «Қазақ тілі» бағдарламасы мен оқулықтарында алатын орны бастауыш сыныптарда зат есімді оқытуда жиі қолданылатын тиімді әдістер мен жаттығулар, оқыту эксперименті ғылыми жұмыста баяндалған.

Зат есімдердің лексика – семантикалық, морфологиялық және синтаксистік ерекшеліктері де бұл сөздермен грамматикалық формаларының тіл қатынасында ерекше орын алатынын айта кеткен жөн. Бастауыш мектеп оқыту жүйесінде «Қазақ тілі» практикалық курс екендігін ескере отырып, оқушылар санасында зат есім жөнінде алғашқы ұғым мен түсініктерді қалыптастыру, оқушыларды зат есім мен оның грамматикалық формаларын жиі қолдана білу дағдысын қалыптастыра білу мәселесі басты міндет екендігін оқу бағдарламасы да, оқыту тәжірибесі де анықтап отыр.

Зат мен олардың грамматикалық формалары жөніндегі ұғым, түсінік зат есімдерді оқыту, үйрену барысында сауат ашу, оқу, жазу емле сабақтарында бірте – бірте қалыптаса береді. Зат есімдеді оқушылардың өз сөздерінде қолдана білу дағдысы тіл дамыту сабақтарында біржолата қалыптаса баратынын есекерген жөн. Сондықтан да диплом жұмысын орындау бырысында осы мәселеге баса көңіл бөлініп, оқыту процесінде оқушылардың зат есімді өз сөздерінде неғұрлым жиі қолдана білу қабілетін қалыптастыру мәселесі негізгі мақсат ретінде белгіленіп, оны жүзеге асыру шаралары мен жұмыс түрлері анықталды.

Бастауыш сынып «Қазақ тілі» бағдарламалары мен оқулықтарын анализ жасау барысында оқу материалдары мен жаттығулар құрамында оқушылар ой - өрісіне сәйкес келмейтін кейбір қиын сөздер (зат есімдер) барлығын, олардың ішінде орыс тілінен алынған оқуға да, жазуға да қиындық тудыратын сөздер бар екендігін анықтадық (светофор, космонавтика, авиация т.б.) . Жаттығулар грамматикалық тұрғыдан негізделген болып, тіл дамыту, өздігінен сөйлем құрып, байланыстыра сөйлеу деген сияқты жаттығулар мен жұмыс түрлері кем екендігін айта кеткен жөн.

Сондықтан да, оқыту барысында оқушылармен, зат есімдер мен олардың грамматикалық формаларын жиі қолдана отырып, ауызша және жазбаша түрде қысқа көлемді әңгіме құрау, шығарма және мазмұндама жазу сияқты жұмыс түрлерін ұйымдамтырдық. Бақылау сынып пен эксперименттік сыныптарда ұйымдастырылған тәжірибе жұмыстары өзінің тиімді нәтижесін көрсетті. Эксперименттік сынып оқушыларымен салыстырғанда зат есім мен оның грамматикалық формаларын қолдана білу де ерекшелік көрсетті.

«Зат есім» тақырыбына тиісті сабақтарда оқушылардың тілін дамытуда, байланыстыра сөййлеуге, олардың сөз қорын молайтуға бағытталған тиімді жаттыңулар мен жұмыс түрлері оқу процесінде кеңінен орындалуы қажет деген тұжырымға келеміз. Әр бір өтілетін тақырыптың жүйесі құрамында қысқа әңгіме құрау, сұрақтарға зат есімдерді қолдана отырып толықтыра нақтылы жауап беру, қысқа көлемді әңгіме құрау, шығарма, мазмұндама жазу, әр түрлі лингвистикалық ойын түрлерін пайдалану сияқты жқмыс түрлерін тиімді де ұқыпты қолданса ой-өрісі кеңейіп, тілі дамып, сөз қоры зат есімдермен молайып, олардың практикалық дағдылары олан әрі қарай қалыптаса түсер еді, оқу үлгерімі де жоғарылай бермек.

Диплом жұмысында көтерілген мәселелермен кейбір әдістемелік тұжырымдар мен ұсыныстарымызды алда тұрған жұмыс барысында одан әрі жетілдіре, толықтыра береміз деген пікірдеміз.



ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1 К.Аханов, Ә.Айғабылов. Қазақ тілін оқыту. Әдістемелық нұсқау. – Алматы: «Мектеп», 1992 жыл.



  1. Д.Әлімжанов, Ы.Момынов. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы, 1985 ж.

  2. Ш.Әуелбеков. Бастауыш сыныптарда «Қазақ тілі» оқыту әдістемесі. Алматы, 1992 ж.

  3. Бастауыш мектеп бағдарламалары. Алматы: «Мектеп», 1994 ж.

  4. М.Балақаев, Р.Әміров. Қазақ тілі грамматика, емле, тіл дамыту. Бастауыш сыныптың 3-ші класына арналған оқулық. – Алматы: «Рауан», 1994 ж.

  5. М.Балақаев. Екінші сынып қазақ тілін оқулығына нұсқау. – Алматы, 1985 ж.

  6. М.Жұбанов. Әліппе бастауыш кластың бірінші класына арналған оқулық. Алматы: «Рауан», 1993 ж.

  7. Ә.Төлеуов. Сөз таптары. Алматы: «Мектеп», 1991 ж.

  8. М.Серғалиев. Қазақ тілі әдістемелік оқу туралы. Алматы: «Атамұра», 1996 ж.

  9. Б.Көтенбаев, М.Нұрғалиев. Морфологияны оқыту әдістемесі. Алматы: «Мектеп», 1992 ж.

  10. М.Райымжанов. Қос сөздің түрлері. «Бастауыш мектеп», 1994 ж.

  11. М.Ташиева. Буындап оқудан сауатты жазуға. «Бастауыш мектеп», 1994 ж.

  12. А.Ысқақов. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1991 ж.

  13. Қазақ тілінің грамматикасы. Морфология. Алматы, 2002 ж.

  14. Е.Қазыбеков. Қазақ тілі әдістемесі. Алматы, 1990 ж.

  15. М.Ұйықбаев. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы, 1991 ж.

  16. Т.Рамзаев. Қазақ тіліні оқыту әдістемесі. Пед училищеге арналған. Алматы, 1986 ж.

  17. Ш.Сарыбаев. Үшінші кластың «Қазақ тілі» оқулығына әдістемелік нұсқаулар. Алматы, 1989 жыл.

  18. Ш.Сарыбаев. Төртінші сыныптың «Қазақ тілі» оқулығына әдістемелік нұсқаулар. - Алматы, 1989 жыл.

  19. Б.Ысқақов. Екінші сыныпта шығарма жаздыру. «Бастауыш мектеп», 1997 ж.

  20. Т.Әбдікәримова, С.Рахметова, Б.Бабатаева. Ана тілі. 3 сынып. - Алматы: «Атамұра», 2003 ж.

  21. С.Рахметова, П.Жаманқұл, Б.Бабатаева. Ана тілі. 2 сынып. – Алматы: «Атамұра», 2002 ж.

  22. Г.Үәйісова, Р.Әміров, Ә,Жұмабаева. Қазақ тілі. 2 сынып. – Алматы: «Атамұра», 2009 ж.

  23. Б.Құлмағамбетова, А.Исанова, М.Исинғарина. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы: «Білім», 2000 ж.

  24. Г.Қосымова, Ж.Дәулетбекова. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы, 2001ж.

  25. Г.Ж.Тұрдалиева. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістемесі. - Астана: «Фолиант», 2007 ж.

  26. Аханов К., Айғабылов Ә. Қазақ тілін оқыту. Методикалық нұсқау. – Алматы: «Мектеп», 1992 жыл.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет