Метрология, стандарттау



бет15/57
Дата27.01.2023
өлшемі7.48 Mb.
#468816
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   57
Метрология, стандарттау және өзара ауыстырымдылық негіздері (средства измерения лаб)

1.15 ТМД стандарттау

ТМД шеңберіндегі стандарттау, сертификаттау және метрология үкіметаралық болып табылып 1992 жылдан бері жұмыс жасайтын «Стандарттау, метрология және сертификаттау облысындағы келісімді саясатты жүргізу туралы» келісімге сәйкес атқарылуда.


Стандарттау бойынша барлық ұлттық ұйымдар ұсынылған ТМД қатысушы елдердің Мемлекеттік аралық кеңесі (МАК) құрылған. МАК мемлекетаралық стандарттар қатысады. Стандарттау бойынша жұмыс стандарттау бойынша ұлттық органдардан түсетін ұсыныстарды қорытындылау негізінде МАК құрайтын бағдарламаға сәйкес жүргізіледі. Аккредитация сияқты көкейтесті аумаққа қатысты маңызды құжатқа 1988 жылы қол қойылды. Аккредитация аумағындағы көпжақты ынтымақтастық туралы хаттамаға барлық ТМД мемлекеттері қол қойды.
Халықаралық қоғамдастықпен Мемаралық кеңесті стандарттау бойынша аймақтық ұйым деп тану белгілері пайда болды: ХЭК және СЕН ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Ынтымақтастық туралы келісім жобасы ИСО жіберілді. МАК жұмысындағы ең күрделі қиындық туғызатыны сәйкестікті растайтын аймақтық жүйенің әзірленуі. Бүгінгі күні әрбір ел өз сәйкестік белгісімен ұлттық сертификаттау жүйесінің ережесі бойынша қызмет атқарады. Бірыңғай ереже және бірыңғай сәйкестік белгісіне өту ауыр болды және ұзақ уақытты алады деп күтілуде, алайда елдердің барлық өкілдері оның қажеттілігі туралы өтініш білдірген еді. Украина өзінің ерекше ойын айтуда, ол аймақтық жүйені құру тиімсіз деп есептейді.
МАК қоятын бірінші ретті келешектегі міндеттер:
стандарттау, сертификаттау және метрология бойынша ИСО, ХЭК, СЕН және өзге де халықаралық және аймақтық ұйымдар мен ынтымақтастықты дамыту;
— сынақ жүргізетін зертханаларды аккредитациялау бойынша Еуро-Азияттық аймақтық ұйымды МАК шеңберінде құру;
— стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша мамандар үшін оқу пәндерін біртүрлілікке келтіру жағдайын шешу.
ТМД мүшелігі болып табылмайтын елдерді стандарттау бойынша ұлттық ұйымдарды МАК жұмысына қатыстыру мүмкіндіктері туралы сұрақ қарастырылуда.

2 СЕРТИФИКАТТАУ






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет