Метрология, стандарттау



бет12/57
Дата27.01.2023
өлшемі7.48 Mb.
#468816
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   57
Метрология, стандарттау және өзара ауыстырымдылық негіздері (средства измерения лаб)

БАС АССАМБЛЕЯ



ИСО кеңесі







Стандарттау-
дың ғылыми принциптерін зерттеу бойынша комитеті (СТАКО)

Техникалық бюро (ПЛАКО)

Сәйкестендіруді бағалау бойынша комитеттер (КАСКО)

Ғылыми-техникалық ақпарат бойынша комитет (ИНФКО)

Дамушы елдерге көмек көрсету бойынша комитет (ДЕВКО)

Тұтынушылар мүдделерін қорғау бойынша комитет (КОПОЛКО)

Стандартты үлгілер бойынша
комитет
(РЕМКО)



Атқарушы бюро (Атқарком)





Орталық хатшылық





Техникалық комитеттер





Комитетішілік



Жұмыс топтары


1.13.1 - Сұлба - ИСО құрылымы


Мүдделілік дәрежесіне қарай ИСО әрбір мүшесі ТК жұмысына қатысудағы өз мәртебесін анықтайды. Мүшелік бақылаушы ретінде де белсенді бола алады. Халықаралық стандарт (ХС) қабылданды деп есептелінеді, егер де ол ТК белсенді мүшелердің көпшілігімен (75 %) мақұлданса. 2000ж. басында МС ИСО шамамен 13 мың жұмыс жасаған. МС ИСО 75 % - негіз салушы стандарттар немесе сынау әдістерінің стандарттары. Халықаралық стандарттау тәжірибесінде өнімге стандарттарды әзірлеу кезінде негізгі басымдылық өнімді сынаудағы бірыңғай әдістерді бекітуге жасалынады, яғни оларсыз өнімнің өндірілген және қолданылған еліне қарамастан дайындаушы мен тұтынушы арасындағы өзара түсініктің болуы мүмкін емес. ХС сонымен қатар өнімге қойылатын талаптар қатарына оның адам өмірінің және денсаулығының қауіпсіздігін, қоршаған орта қауіпсіздігін, өзара ауысымдылығын және техникалық үйлесімділігін жатқызады. Нақты өнімнің сапасына қойылатын басқа да талаптарды қарастырса, онда оларды ХС бекіту тиімді емес, әртүрлі категориядағы тұтынушылар үшін нақты өнімге қойылатын нақты сапа нормалары келісім шарттардағы баға арқылы реттеледі.


Жалпытехникалық және салааралық ТК қызметінің нәтижелерін қарастырғанда ИСО маңызды жетістіктерін атап өткен жөн: өлшем бірліктерінің халықаралық жүйесін әзірлеу, бұранданың метрлік жүйесін, көліктің барлық түрінің жүк тасымалы үшін стандартты өлшемдер мен контейнерлер құрылымының жүйелерін қабылдау. Қазіргі уақытта 1979ж. құрылған ТК 176 «Сапаны қамтамасыз ету жүйелер» жұмысы аса үлкен назарды аударады. Оның міндетіне сапаны қамтамасыз ететін жүйені құрайтын негіз салушы принциптердің стандартталуы және үйлесімділігі. 1987ж. кәсіпорындардағы өнімнің сапа сұрақтарын шешу үшін бірыңғай келісімге бағытталған 9000 сериялы ИСО алғашқы төрт стандарттар нұсқасы, 1994ж. - екінші нұсқасы, 2000 ж. – үшінші нұсқасы жарияланған.
ИСО Одағының басқа да органдары болып Техникалық бюро және алты комитет жатады. Өнімдердің стандарттарға сәйкестену бағасы бойынша Комитетінің (ағылшын тілінде - КАСКО), тұтыну сұрақтары бойынша Комитетінің (ағылшын тілінде - КОПОЛКО), ақпараттық жүйе және қызмет бойынша Комитетінің (ағылшын тілінде - ИНФКО) қызметтерін қысқаша қарастырайық.
Әлемнің барлық елдерінде сертификаттаудың жаппай дамуына қарай 70 жылдардың басында «КАСКО» құрылды. Елдер үшін сертификаттаудың барлық аспектілері бойынша бұл органга халықаралық ұсынысты дайындау жүктелген (елдердегі сынақ орталықтарын ұйымдастыру, оларға қойылатын талаптар, сертификатталған өнімнің маркировкасы, сертификаттау жүйелерінен жетекшілік ететін органдарга талаптар және т.б.).
«КОПОЛКО» міндетіне:

  • өнімнің стандартталуынан алынатын максималды әсерді алуда тұтынушылармен жәрдемдесу жолдарын зерттеу, сонымен қатар тұтынушылардың ұлттық және халықаралық стандарттауға кең түрде қатысуы үшін қабылданатын шараларды бекіту;

  • тұтынушыларды ақпаратпен қамтамасыз етуге, олардың мүдделерін қорғауға, сонымен қатар оларды стандарттау сұрақтары бойынша оқыту бағдарламаларына бағытталған стандарттау ұстанымынан ұсыныстарды әзірлеу;

  • тұтынушыларды стандарттау, стандартарды тұтыну тауарларына қолдану және тұтынушылар мүдделерін қарастыратын басқа да стандарттау сұрақтары бойынша стандарттау жұмыстарына қатыстыру тәжірибесін қорыту жатады.

«КОПОЛКО» қызметінің нәтижесі-тұтыну ұйымдарының мүдделерін ұсынатын ұлттық және халықаралық стандартар тізімінің басылымы, сонымен қатар тұтыну тауарларының сапасын бағалау бойынша басшылық етуді дайындау. Олардың кейбіріне нұсқау жасасақ:

  • 12 басшылық ету «Тұтыну тауарларының салыстырмалы сынақтары»;

  • 14 басшылық ету «Тұтынушылар үшін тауарлар туралы ақпарат»;

  • 36 басшылық ету «Пайдалану сипатындағы тұтыну тауарларының стандартты өлшеу әдістерін әзірлеу».

«ИНФКО» міндеттеріне: ИСО «ИСОНЕТ» ақпараттық желісінің қызметін басшылық ету; ақпараттық қызмет көрсету аумағындағы ұйым мүшелерінің қызметін үйлестіру; стандарттаудың үйлесімділігі аумағындағы саясатты әзірлеу бойынша ИСО Бас Ассамблеясының кеңесін өткізу жатады.
ИСО (ИСОНЕТ) ақпараттық жүйесінің қызметі келесі іс-жүзіндегі мақсаттарға жетуге бағытталған: халықаралық және ұлттық стандарттар туралы, басқа да стандарттау бойынша құжаттар және әдебиеттер ақпараттарын алмасуын қамтамсыз ету; басқа халықаралық ұйымдардың (Біріккен Ұлттар Ұйымы – БҰҰ ЮНЕСКО және т.б.) ақпараттық жүйелерімен байланыс орнату; дерексөздікті құрау (түсінік сөздігі).
ИСО көкейтесті міндеті стандарттар қорының құрылымын жетілдіру. 90 жылдардың басында машинажасау (30% шамасында), химия (12,5% аралығында) аумақтарында стандарттар асыра жасалынған болатын. Денсаулық және медицина стандарттарына бар-жоғы 3,5%, табиғи ортаны қорғау үлесіне -3%. Салыстырмалы аз үлесті (10,5%) ақпараттану, электроника және ақпараттық қамтамсыз ету стандарттары алған. Келешекте әлеуметтік (қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау) және ақпараттық технология саласы ИСО қызметінде басымды болады.
Нақты өнімді әлемдік дайындаушылар болып табылатын әлемдік нарықтағы елдер мен фирмалардың өткір бәсекелестігі ХС әзірлеу кезеңінде басталады және көрінеді. Стандарттау бойынша аймақтық және халықаралық ұйымдар жетекші болуға үнемі күрес үстінде, себебі экономикасы дамыған елдер ХС нақты жобасында сәйкес ұлттық стандартты көреді және сол жобада өз ұлтық мүдделерін көргісі келеді. Барлық ТК әзірленген ХС ИСО жалпы санына 70% өнеркәсіпті дамыған әлем елдерінің ұлттық және фирмалық стандарттарына сәйкес болуы кездейсоқ емес. Біздің ел үшін ТК 55 «Ара материалдары және кесу ағаштары» шеңберінде қабылданған ИСО стандарттары мысал, мұндағы оларды әзірлеу кезіндегі ХС негізінде сәйкес қазақстандық стандарттар алынған.
ХС әзірлеудегі сол немесе басқа елдің жетекші болуы көп ретте олардың мамандарының ИСО, ХЭК, ХЭО, ТК, жұмыс ұйымдарының қызметіне қатысу дәрежесімен анықталады.
ИСО жұмысы қазіргі уақытта 200 техникалық комитеттер шеңберінде іске асады. Жалпы ИСО жұмыс ұйымдарының өкілдігі Германия, Ұлыбритания, АҚШ және Франциядан едәуір аз. Бұл жағдай елдің ХС әзірлемесін жасауда жетекші болуға әсерін тигізбей қоймайды. Осыдан келе халықаралық стандарттау бойынша жұмыстарға қатысатын Мемстандарттың және мүдделі министрліктердің (ведомстволардың) көкейтесті міндеті пайда болады ал техника және экономиканың сол немесе басқа сферасында алдыңғы қатарда болу мақсатымен стандарттау бойынша халықаралық ұйымдарда кең өкілділікті қамтамасыз ету.
Халықаралық стандарттардың енгізілуіне дәлел ретінде алдыңғы қатарлы елдердің Қазақстан аумағында өндірістік орындарын құруы. 2007 ж. Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласында «Daewoo Bus Kazakhstan» ЖШС тіркелді. Қазақстанда бұл өндіріс импортталатын жинақ машиналарынан алынатын шанақтарының, тізілімінің және агрегаттарының құралуынан ғана емес, сонымен қатар жақтаудың, шанақтың және олардың элементтерін құрастыру-пісірмесінен, және шанақтарды бояудан тұратын. алғашқы толық циклді автоқұрастырушы кәсіпорын болды. ЖШС «Daewoo Bus Kazakhstan» тең құқықтыға құрылтайшылары ЖШС «СемАЗ» (Семей автоқұрастыру зауыты) және корей компаниясы Daewoo Bus Global Corporation. Осы кәсіпорынды құру біздің республикамыздың экономикасына шет ел инвестициясын 2,5 миллион доллар сомасында тартуға мүмкіндік берді.
Daewoo Bus Kazakhstan зауытының қол жеткізетін басты мақсаты – шикізат экспортының жоғары технологиялық тауарлар экспортына елдің экономикасын қайта бағдарлауды қарастыратын 2003-2015 жылдар аралығындағы ҚР индустриалды-инновациялы даму Стратегиясына сәйкес Қазақстанның автомобиль өнеркәсібінің дамуы.
Daewoo Bus Kazakhstan автоқұрастыру зауытының жалпы ауданы 17 205 текше метр, ондағы 10 368 текше метрді орында халықаралық стандарттарға сәйкес Оңтүстік Кореядан шыққан осы заманғы жабдықтармен жабдықталған құрастыру цехі орналасқан.
ИСО ХС міндетті болып табылмайды, яғни әр ел оны толық, жеке бөлімдермен немесе мүлде қолданбауға құқылы. Алайда әлемдік нарықта өткір бәсеке жағдайында өнімді жасаушылар өз өнімдерінің жоғары бәсекеге қабілеттілігін сақтау үшін халықаралық стандарттарды қолдануға мәжбүр. Шет ел мамандарының пайымдауынша алдыңғы қатарлы өнеркәсіпті дамыған әлем елдері ИСО стандарттар қорының 80% қолданады. Әсіресе ИСО және басқа да халықаралық ұйымдар стандарттарының экономикасы көп ретте сыртқы саудаға тәуелді елдер қолданады. Ол Нидерланды, Швеция, Бельгия, Австрия, Дания, оларда өндірістің жалпы көлеміне қарасты сыртқы сауданың үлесі 40-50% құрайды. Бұл елдер ұлттық стандарттарды сәйкес халықаралық стандарттар қызмет ететін аумақтарды қолдануға асықпайды.
ИСО басылымының ақпараттарына сәйкес 1999 жылдан бастап көп ретте, әр түрлі абревиатуралар кездесе бастады. Әңгіме ИСО қабылдаған жаңа құжаттар түрі туралы. Олардың пайда болуы – бұл нарықтың нормативті құжаттарды соның ішінде белгілі бір сапа бойынша жылдам әзірленуін талап етуіне байланысты халықаралық ұйымның жауабы. Оларды дайындау мерзімі стандарттарды әзірлеу мерзімдеріне қарағанда қысқарған, ал қабылдау үшін пәтуаға келу талаптары төмендетілген.
ИСО ақпараттық орталығы келесі жаңа құжат түрлерінің атауларына орысша эквиваленттерін береді:

  • РАS (Publicly Available Specifications) — ортақ қолданыстағы техникалық шарттар;

— ТS (Technical Specifications) — техникалық шарттар;
— IТА (Industry Technical Agreements) — салалы техникалық келісімдер.
Бұл құжаттардың әртүрлі атаулары әртүрлі келісім дәрежелерін көрсетеді: ИСО жұмыс тобының техникалық эксперттері арасында — РАS үшін; ИСО техникалық комитетінің мүшелері арасында — ТS үшін, ашық семинарды өткізу барысында қол жеткен арнайы техникалық келісім — IТА үшін.
Басылымға қабылданған техникалық шарттар құжаттарына РАS категориясы беріледі, егер де оларды дауыс беруге қатысқан сәйкес комитет мүшелерінің жартысы мақұлдаса және ТS категориясы беріледі, егер де оларды дауыс беруге қатысқан комитет мүшелерінің 2/3 мақұлдаса. Ескерте кететіні халықаралық стандарттарды басылымға шығару үшін олардың жобаларын мақұлдайтын дауыс беруге қатысқан ¾ комитет мүшелерінің дауысы қажет.
ИСО мүшелігіндегі белгілі бір комитеттің әкімшілік қолдауымен IТА ИСО техникалық құрылымының шеңберінен тыс салалы семинарда әзірленген құжатты ұсынады. Осылайша ITA – бұл техникалық комитет мүшелерінің емес, семинарға қатысушылардың пәтуаға келу нәтижесі.
РАS және ТS тек бір тілде ғана жариялануы мүмкін. Олар іс-жүзіндегі дәрежесін келесі үш жылдық мерзімге ұзарту керек пе, құжатты жаңа сатыға ауыстыру керек пе немесе алып тастау керек пе деген мақсатпен әр үш жыл сайын талдауға түседі. Алты жылдан кейін РАS және ТS халықаралық стандартқа ауысады және алынып тасталады.
Халықаралық автокөлік өнеркәсібінің (ағылшын тілінде - IАТF) мақсатты тобының 1999ж. 1 наурызда жарияланған ИСО/ТШ16949 «Сапа жүйесі. Автокөлік өнеркәсібі үшін бұйымдарды жеткізуші. ИСО 9001:1994 стандартын қолдану бойынша салалы талаптар» ИСО-ТК 176 құжат өкілдерімен бірлесе әзірленген әзірлеме ТS мысалы бола алады.
Едәуір кеш сатыда толық халықаралық стандартқа ауысуы мүмкін ITA бұл нормативті құжатқа қарағанда ақпаратты құжат.
2000ж. қыркүйекте Миланда болған отырыста шығарылған ИСО Техникалық жетекшілігінің мақұлдануымен Канаданың (ағылшын тілінде - СSАI) стандарттау бойынша Халықаралық ассоциациясы мен Канаданың стандарттар Бюросы (ағылшын тілінде - SСС) Детройтта (АҚШ) 2001 ж. қаңтарда өткізілген денсаулықты қорғау бойынша ИСО 9004:2000 қолдануда ұсыныстарды әзірлеу бойынша семинарды ұйымдастырушылар ретінде болды.
Бұл семинардың басты туынды құжаты болып, денсаулық сақтау ұйымдарының сапа менеджмент жүйесінің әзірленуі бойынша алғашқы жарияланған салалы ұсыныстар болды. Бұл құжатқа ISO/ IТА – алғашқы салалы техникалық келісім мәртебесі берілді. Оның денсаулық сақтау сапа менеджмент жүйесінің әзірленуі немесе жақсартуы кезінде қолданылуы қарастырылуда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет