2.1 Өнімді сертификаттау. Сертификаттау туралы түсінік
Өнімнің нақты, шүбәсіз және әділ бағасы оның әзірленуі, өндірісі, жеткізілуі және пайдаланылуы кезінде негізделген шешімді қабылдау мүмкіндігін береді. Мұндай баға алдымен нормативті құжаттармен келісілген экспериментті түрде анықталған өнімнің деректі сипаттамаларын және қасиеттерін салыстырумен негізделеді.
Сапаны бағалаудың көп түрлерінен жалпысы болып сертфикаттау табылады. Сертификаттау латын тілінен аударғанда «дұрыс жасалған» деген түсінік береді. Ол сертификатталатын өнімнің өндірісінде сынақты және жағдайды бағалауды жүргізуде, осы рәсімдерді орындауды бақылауда және тәуелсіз орган жағынан өнім сапасын қадағалауда негізделеді. Барлық осы операциялардың бірлесуі нормативті құжатта бекітілуіне және тұтынушылар үшін өнімнің кез келген маңызды сипаттамасын бақылай алуына мүмкіндік береді. Осының арқасында сертификаттау бекітілген талаптарға олардың қатаң сәйкестігінің сенімді кепілі, осы сәйкестену туралы шүбәсіз ақпарат көзі ретінде ғана емес, сонымен бірге өнімнің сапасын арттырудағы тиімді құралы және стимулы болып табылады.
Сертификаттау 60-жылдарға дейін жеке елдерде, олардың экономикалық, техникалық және әкімшілік шарттарымен оқшаулау дамыды. Сертификаттау 60-жылдардың аяғында-ақ халықаралық сауданың, маркетингтің және «нарықтық жаңалық» тауарларына бағдарлану салдарынан кең тарала бастады. 1970-1980 ж.ж. стандарттау бойынша Халықаралық ұйымның (ИСО) Халықаралық электротехникалық комиссиясымен (ХЭК) бірлесе сертификаттауды ұйымдастыруда бірқатар елдермен тәжірибе қорытындыланды және сертификаттауды жүргізу тәртібін, сертификаттау жүйелерін әзірлеуді, өнім сапасын қамтамасыз ету жүйелерін және т.б. ұсынатын әдістемелік материалдар кешені әзірленді.
Сертификаттау тұтынушылар мүддесін және ұлттық стандарттармен өзге де техникалық нормаларға сәйкес келмейтін импортты өнімнің пайда болуынан бастап, жалған жарнамадан, бұрмаланған ақпараттан және алаяқтықтан өз елінің нарығын қорғайды. Сонымен бірге өнімнің стандарттарына оны міндетті сертификаттау талаптарының қосылуы осы экспортталатын өнімнің беделін көтереді.
Халықаралық және аймақтық сертификаттау жүйелерін әзірлеу және қолдану 18 елді (350 млн. адам) біріктіретін 1993 жылы бірыңғай еуропалық нарықтың ұйымдастырылуы үшін жағдай жасады. Бұл үшін техникалық нормалар және ережелерді бірыңғайлауды жүргізу (нарықтың барлық бөліктерінде олардың тең мәнділігін кепілдендіру үшін), нарықтың барлық бөліктерінде өнімнің техникалық нормалар мен ережелерге сәйкестігін бағалау нәтижелерін мойындау үшін алғышарт жасау, сапаны қамтамасыз ету жүйелеріне еуропалық сертификатты әзірлеу қажет болды.
Қазақстанда мемлекеттік құрылымды өзгерту, кәсіпорынның дербес шаруашылығын арттыру, олардың сыртқы нарыққа тікелей шығуы, жаңа коммерциялық және қаржылық құрылымның пайда болуы мемлекеттік сертификаттау жүйесін қалыптастыруға жағдай жасады.
26 маусым 1992 жылы № 640-ХІІ қолданысқа енгізілген «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы» ҚР Заңына сәйкес: тұтынушылардың өмірінің, денсаулығының қауіпсіздігін, қоршаған ортаның қауіпсіздігін, тұтынушылардың мүлігіне зиян келтірудің алдын алуды қамтамасыз етуге бағытталған заңнамалық актілерде немесе стандарттарда талаптары белгіленген тауарлар, жұмыстар, қызметтер белгіленген тәртіпте міндетті сертификаттауға жатады.
Сертификатсыз тауарларды (оның ішінде импортты) іске асыруға, жұмыстарды орындауға және қызмет көрсетуге тыйым салынады. ИСО/ХЭК басшылық келісімімен сәйкестік сертификаттауы - бұл сәйкестендірілген өнім «процесс немесе қызмет» нақты стандартқа немесе өзге де нормативті құжатқа сәйкес екендігін дәлелдейтін үшінші жақтың әрекеті. Осылайша «сертификаттау» термині ары қарай тек үшінші жақпен сертификатталуды білдіреді. Үшінші жақ – бұл дайындаушыдан және өнімді тұтынушыдан да тәуелсіз орган немесе ұйым. Үшінші жақтың сертификаттауымен қатар өзін-өзі сертификаттау немесе дайындаушының қандай да бір нақты нормативті техникалық құжаттар (НТҚ) талабына өз өнімінің сәйкестігі туралы өтініші де бар.
Сертификаттау үш кең таралған іс-әрекеттерге негізделеді:
өнімді сынау;
өнімді өндіру жағдайын алдын-ала тексеру;
өнім және өндірісті ары қарай (сертификаттауды беруден кейін) қадағалау (бақылау).
Сынақтың сертификатталуы кезінде өндірістің бағалануын және қадағалануын дайындаушы және тұтынушыдан тәуелсіз үшінші жақ болып табылатын органдар (ұйымдар) атқарады.
Сертификаттаудың барлық жүйелерінде сол немесе басқа да формада үшінші жақпен сертификаттауға бағытталатын, сертификат берер алдында немесе дайындаушыға оны шығаруға құқық бергенде өнімнің өндіріс жағдайын тексеру қарастырылады, сонымен қатар сертификатталған өнімнің өндірісін қадағалайды (бақылау). Бұл сертификаттау кезінде тексерілетін оның сапа тұрақтылығына, оған қойылатын талаптардың тұрақты қадағалауына белгілі бір кепілдікті құрайды.
Сертификаттаудың ерекшелігі болып сонымен бірге өнімнің ғылыми-техникалық құжаттамаға сәйкестігін заңды түрде дәлелдейтін куәлігі ретінде өнімге қойылатын арнайы құжат – сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік белгісі.
Сәйкестік сертификаты – бұл құжат сертификаттау жүйелерінің ережелері бойынша басылған және сәйкестендірілген өнімнің (процесс, қызмет) нақты стандартқа немесе басқа да нормативті құжатқа сәйкестігі туралы қажетті сенімділіктің қамтамасыз етілуін хабарлайды. Сертификат стандарттың барлық талаптарына қатысты бола алады, сонымен бірге құжаттың өзінде нақты айтылатын жеке бөлімдерге немесе өнімнің нақты сипаттамаларына да қатысты. Сертификатпен ұсынылатын ақпарат соның негізінде берілген сынақ нәтижелерімен оны салыстыру мүмкіндігін қамтамасыз ету қажет.
Сәйкестік белгісі — бұл көрсетілген өнім (процесс, қызмет) нақты стандартқа немесе өзге де нормативті құжатқа сәйкестігіне қажетті сенімділіктің қамтамасыз етілуін көрсететін сертификаттау жүйелерінің ережелерімен сәйкес (немесе сертификаттау органымен берілген) қалыптасқан тәртіпте бекітілген белгі. Сәйкестік белгісі белгілі бір сертификаттау жүйесімен шектелген, бұл осы белгімен таңбаланған өнім стандартына сәйкестігін бақылайтын осы жүйенің (сертификаттау бойынша орган арқылы) ерекшелігін көрсетеді. Сертификатты немесе сәйкестік белгісін алу жасаушыға (жеткізушіге) белгілі бір міндетттерді жүктейді және арнайы ұлттық актілермен немесе келісімдермен (лицензиялармен) негізделеді.
Сертификаттаудың маңызды ерекшелігі мұнда барлық операциялар белгілі бір жүйенің шеңберінде жүзеге асады, ол олардың орындалуында нақты ережелерге ие және арнайы уәкіл орган – сертификаттау бойынша орган басшылығымен қызмет жасайды. Бұл орган үшінші жақ ретінде ұйымды және елдегі қолданыстағы заңнамамен және нормативті актілермен сәйкес жүйенің қызмет етуін басқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |