Метрология, стандарттау



бет33/57
Дата27.01.2023
өлшемі7.48 Mb.
#468816
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   57
Метрология, стандарттау және өзара ауыстырымдылық негіздері (средства измерения лаб)

негіздер



Ғылыми



Нормативті

Техникалық

Ұйымдастырушылық



Метрология



Өлшем біртұтастығын қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі

Жүйелер:

  1. Физикалық шама бірліктерінің мемлекеттік эталондары;

  2. Физикалық шама бірліктерінің өлшемдерін эталондардан жұмыс өлшеу құралдарына беру;

  3. Жұмыс өлшеу құралдарының әзірленуі, өндіріске қойылуы және шығарылымы;

  4. Өлшеу құралдарының мемлекеттік сынақтары;

  5. Өлшеу құралдарының мемлекет тексерілуі және мөлшерленуі;

  6. Заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандартты үлгілері;

  7. Заттар мен материалдардың физикалық тұрақтылықтары мен қасиеттері туралы стандартты анықтамалық мәліметтері.

Метрологиялық қызметтер:



Мемлекеттік



Ведомстволық

3.11.1 - Сұлба – Метрологиялық қамтамсыз етудің негіздері


СИ түріндегі сынақты жүгізу тәртібі мен бекіту:



  • түрді бекіту сынағы;

  • түрдің мемлекеттік тіркелуін бекіту туралы және түрді бекіту туралы сертификатты беру шешімін қабылдау;

  • бекітілген түрге СИ бақылауда бекітілген түрге сәйкестігін сынаққа алу;

  • шет елдердің құзырлы ұйымдарымен жүргізілген түрді бекіту немесе СИ түрін сынау нәтижелерін мойындау;

  • өлшеу техникасының тұтынушыларына апаратын қызмет көрсету.

Сынақты жүргізу тәртібі және түрді бекіту туралы шешім міндетті сынақ қорытындылары бойынша Қазақстанның Мемстандартымен қабылданады.
Түрлерін бекіту үшін СИ сынақтарын мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықтар (МҒМО) және өзге де арнайы СИ мемлекеттік сынақ орталықтары (СИ МСО) жүргізеді, олар өлшеу құралдарының Мемлекеттік тізілімінде аккредиттеледі және тіркеледі. Сынақ кезінде СИ техникалық құжаттамалар мен техникалық сипаттардың техникалық міндеттерге, техникалық шарттарға және өлшеу құралын тексеру әдістерінен тұратын оларға таралатын нормативті және қолдану құжаттарына сәйкестігін тексереді. Сынақтың оң нәтижелері кезінде Қазақстанның Мемстандарты СИ түрін бекітеді және түрді бекіту туралы сертификат береді. Түрді бекіту сертификаты берілген өлшеу құралдарын Мемлекеттік тізілімде тіркейді.
Сынақ алдында СИ сынақтарының бағдарламасы әзірленеді, ол метрологиялық сипатты және тексеру тәртібін анықтайды.
СИ сынағына ұсынылады:

  • өлшеу құралының үлгісі (үлгілер);

  • СИ МСО - мемлекеттік стандарттау органы бекітілген түрді сынау бағдарламасы;

  • әзірлеуші-ұйым жетекшісімен қол қойылған олардың әзірлемесі қарастырылған жағдайдағы техникалық шарттар;

  • қолдану құжаттары және Қазақстанға әкелінетін өлшеу құралдары үшін жеткізілетін өлшеу құралына қосымша ретінде жасаушы-фирманың ұсынатын мемлекеттік тілде және орыс тіліндегі құжаттамалар жинағы;

  • қолдану құжаттамасындағы «Тексеру әдісі» бөлімінің болмаған жағдайын тексеру бойынша нормативті құжат.

Сынақты келесі жағдайларда жүргізеді:

  • шығарылатын немесе импортталатын өлшеу құралының сапасының төмендеуі туралы тұтынушылардан алынатын ақпараттардың болуы;

  • нормаланған метрологиялық сипатына әсер ететін СИ құрылымына немесе жасау технологиясына өзгерістерді енгізу;

  • типті бекіту туралы сертификаттың жарамдылық мерзімінің аяқталуы.

Бекітілен түрді СИ сәйкестігіне сынау үшін келесі құжаттарды ұсынады:

  • түрді бекіту туралы сертификат көшірмесі;

  • түрді бекіту үшін СИ сынақтар актісінің көшірмесі және бекітілген түрге СИ сәйкестігінің соңғы сынақтар актісі, егер де олар жүргізілсе;

  • техникалық шарттар;

  • қолдану құжаттары.

Түрді бекіту туралы және оны алып тастау туралы ақпарат ҚР МСТ ресми басылымдарында жарияланады.

3.11.3 Өлшеу құралдарын тексеру




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет