Сабақ №15
СИҚЫРЛЫ ПІЛ
Мақсаты: қарым-қатынасты дамыту, жағымды көңіл-күй сыйлау.
Керекті құралдар: Қолға киюге дайындалған қуыршақтар.
Өткізілу уақыты: 45 минут.
Барысы: Сіздер мына таратылған қуыршақтардың ішінен өзіңізге ұнаған қуыршақты таңдаңыз?. Қатысушылар шеңбер бойынша орналасады және өз есімдерін ертегі кейіпкерлер арқылы әңгімелейді.
«Менің мүмкіндіктерім» жаттығуы
Қатысушылар жеке – жеке берілген ақ парақтарға төмендегі сөздерге жауап жазады:
— Істегім келеді
— Істей аламын
— Істеуім керек
Рефлексия:
Сабақ №16
Э. Г. Эйдемиллер мен О. В. Черемисиннің «Отбасылық социограмма» әдістемесі
Әдістеменің мақсаты: Аз уақыт ішінде субъектінің отбасындағы қарым-қатынасын, тұлғааралық қатынастағы орнын анықтау.
Әдістеменің мазмұны: Сыналушыларға диаметрі 110 мм болатын шеңбер салынған бланк парағы беріледі. Содан соң нұсқау оқылады: «Парақ бетінде шеңбер салынған оның ішіне өзіңді және отбасы мүшелерін дөңгелектер үлгісінде бейнелеңіз де, есімдерін жазып қойыңыз». Отбасы мүшелері бұл тапсырманы бір-бірімен кеңеспестен орындайды.
Нәтижелерді талдау: Авторлар ұсынған критерийлер бойынша тестілеудің бағалауы жүргізіледі.
1. Шеңбер аймағына енген отбасы мүшелерінің саны;
2. Дөңгелектердің көлемі;
3. Дөңгелектердің орналасу қатынасы;
4. Арасындағы қашықтақ.
Бірінші критерий нәтижелері бойынша, зерттеуші сыналушы бейнелеген отбасы мүшелерінің санан шынайы санмен салыстырады. Мүмкін, бұл сыналушының қақтығысты қатынастағы отбасы мүшесі болуы мүмкін, ол үлкен шеңберге кірмей қалады, «ұмытылып» кетеді. Осы арада басқа бір жануар, зат немесе адам отбасы мүшесі ретінде бейнеленеді.
Содан соң біз дөңгелектердің көлеміне назар аударамыз (2-ші критерий бойынша). «Мен» дөңгелегі басқаларға қарағанда үлкен болса, жоғары немесе жеткілікті деңгейдегі өзіндік баға, ал көлемі кішкентай болса, өзіндік бағаның төмен деңгейінің белгісі. Басқа отбасы мүшелерінің көлемі сыналушы көзқарасымен олардың мәнделегін білдіреді.
Келесі кезекте дөңгелектер шеңбердің шекарасына және бір-біріне қатысты орналасуына назар аудару қажет (3-ші критерий). Сыналушының өз дөңгелегін шеңбер ортасына орналастыруы тұлғаның эгоцентрикалық бағыттылығын білдіреді, ал өзін басқа отбасы мүшелерінен төмен немесе шет жағында бейнелеуі эмоциялық шеттелуді уайымдауына сілтейді.
Неғұрлым маңызды отбасы мүшелері үлкен дөңгелектер бейнесімен шеңбердің жоғары аймағында немесе орталық бөлігінде бейнеленеді.
Төртінші критерий бойынша дөңгелектер арасындағы ара қашықтықты талдау арқылы да көп мәлімет алуға болады. Бір дөңгелектің басқалардан қашықтау орналасуы отбасында қақтығыстық қатынастарды, сыналушының эмоциялық шеттетілуін сипаттайды. «Мен» құрылымының дараланбағанын, симбиотикалық байланысты білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |