Мұғалімдерге пайдалы ақпараттар



бет2/26
Дата24.04.2024
өлшемі205 Kb.
#499682
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Арт терапия

Күтілетін нәтиже: тұлға бойындағы қабілетін ашып, шығармашылығын шыңдайды. Өмірлік ұстанымы қалыптасады. Өз-өзіне талдау жасауды үйренеді. «Мен» бейнесі қалыптасады. Өзін – өзі қабылдауы артады. Демек тұлға бойындағы «Мен» қағидасын дамытуда арттерапиялық әдістемелерді (техникаларды) қолдану маңызды.
Психологиялық қызмет жүйесінде тиімділігі: оқушылардың қабілеттілігін арттыру үшін жинақталған әдістемелер жүйесі құрылады.
Практикада маңыздылығы: әр әдістемені жүргізудің әдіс-тәсілдер әрқилы. Олай болса, оқушылар психологиялық көмекті барынша алып, өздеріндегі қиындықтарды жеңуге тырысады, «мен» бейнесін қалыптастырады.
Тәжірибені өткізу әдістері: ермексазды терапия, әуен терапия, би терапия, ертегі терапия, қуыршақ терапия, сурет терапия.
Нысаны: 7 сынып оқушылары таңдап алынды. Бағдарлама негізінде зеттеудегі оқушы 3 таңдалды.
Мазмұны
Еліміздің эконамикалық-әлеуметтік ұмтылыстағы негізгі күш – адами капитал, оның еркі, жігері, табандылығы, білімі, қабілеті болып табылады. Сондықтан да, егемен еліміздің ақыл – ой, шығармашылық потенциалын өсіру бүгінгі күннің негізгі мақсаты болып табылады. Осы орайда оқушылардың тұлғалық «Менін» қалыптастыруда, арттерапияда авторлық бағдарламаның берері мол.
Бағдарлама аптасына 1 сағаттан 34 сағатқа жоспарланған. 7 тараудан тұрады. Бағдарламаның ұзақтығы - 45 минут. Зеттеудегі оқушы саны 3. Мұнда оқушылармен жүргізілетін түрлі әдістемелер алынған.
Тарау анықтамасы
I тарау. Диагностикалау – 3 сағат. Оқушының ішкі күйін, ортамен қарым-қатынасын, жеке мінез-құлқын зерттеу.
II тарау. Изо терапия, ермексазды терапия – 5 сағат. Арттерапиялық материалдарды пайдалала отырып, оқушы бойындағы үрей мен қорқынышты жеңуге, қол ептіліктерін дамыту.
III тарау. Әуен терапия, би терапия – 3 сағат. Физикалық ахуалы реттеліп, жаңа күш пайда болады. Өзіндік баға беруін, ішкі сезімін қалыптастырады. Тұлғаның өзіндік «Мен» қасиетін түсінуге, өзін-өзі игере алу қабілетін ашады. Дене мен сана-сезімі тең күш ретінде қарастырылады. Баланың бойындағы табиғат берген жеке тұлғалық жағымды қасиеттері кеңінен ашылып, дами түсуіне терең әсер етеді. Олардың әртүрлі сезімдері мен қайрат-жігерін, шығармашылығын, тәртібімен ұжымшылдығын арттырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет