Мұғалімдерге пайдалы ақпараттар


Талдау: - Қалай ойлайсыздар, мен сіздерді сендіре алдым ба? Сабақ №9



бет8/26
Дата24.04.2024
өлшемі205 Kb.
#499682
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26
Арт терапия

Талдау:
- Қалай ойлайсыздар, мен сіздерді сендіре алдым ба?
Сабақ №9
ӘУЕНДЕГІ СЫРЛЫ БОЯУЛАР
Мақсаты: өзін-өзі қабылдау, өз ойын қалыптастыру. Тұлғааралық өзара түсінісу.
Керекті құралдар: Ақ парақ (А4), әуендер.
Өткізілу уақыты: 45 минут
Барысы: Барлық қатысушылар шеңбер бойынша отырады. Әуен қойылады, қатысушылар әуенді тыңдай отырып, пайда болған сезімдерін парақ бетіне түсіреді.
Рефлексия:
— Жаттығуды орындау барысында сіздің сезіміңіз?
— Топта өзіңізді қалай сезіндіңіз?
«Сиқырлы қоржын» ойын-жаттығуы
Нұсқау: Қатысушылар шеңбер бойымен отырады. Сиқырлы қоржынға адамның бойында кездесетін жағымды қасиеттер салынған. Психолог ортаға шығып, ойынның ережесін түсіндіреді. Ойын ережесі бойынша қатысушылар қоржыннан өз қасиетін нақты табу үшін «Сиқыршы, сиқыршы мен қандаймын?» деп айтып, қоржыннан парақты алады.
Нәтижені талдау:
— Қоржыннан сөздерді алғанда қандай сезімде болдыңыздар?
Сабақ №10
БЕЙНЕЛЕУ
Мақсаты: өзін-өзі қабылдау, шығармашылық қозғалыстар және тұлғааралық өзара түсінсу.
Қажетті құралдар: Жәй әуезді әуен.
Өткізілу уақыты: 45 минут.
Нұсқау: Алдын ала дайындалған ақ плакатка адамның табанының суреттері салынады, екі түрлі түспен. Ортаға екі қатысушы шығып, музыкаға ілесе отырып, өз табан іздерінен шықпай билеуі керек.
- Қандай сезімде болдыңыздар?
- Музыка мен би біздің сезімімізге әсер ете алады ма?
Топтың барлық мүшелері жұпқа бөлінеді. Қатысушының бірі жүргізуші, екіншісі – еруші. Бір-біріңнің көздеріңе қарап тұрыңдар. Егер сіз көшбасшы болсаңыз, қолыңмен, аяғыңмен, дауысыңмен, кеудеңмен мәнерлі, айқын әдемі жәй қимылдар бастаңыз. Қозғалыс кезінде өзіңнің денеңді, сезіміңді сезін. Еруші айнала бейне ретінде өзіңнің серіктесінің жаттығуларын бейнелейді. Мысалы, егер серіктесі оң қолын созса, еруші сол қолын созады. Басқа нәрсе ойламауға тырысыңыз. Сізді өз денеңіз «басқарсын». Екі минуттан соң рөлдер ауысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет