Мұғалімдерге пайдалы ақпараттар



бет14/26
Дата24.04.2024
өлшемі205 Kb.
#499682
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26
Арт терапия

Барысы:
I бөлім
Әрбір қатысушыға фольга мен майлық - қағаздар таратылады. Фольгадан қуыршақ жасап шығару керек. Фольга - өте майысқақ және көнгіш материал болып табылады. Қуыршаққа киім дайындау үшін майлық - қағазды пайдаланады.
Жұмысты талқылау:
- Өз қолыңыздан шыққан қуыршақ ұнады ма?
- Сізге ұқсай ма? Несімен?
II бөлім
Қатысушылар қуыршақтар туралы ертегілер ойластыру қажет. Ертегі ойластырып болған соң, ертегіні сомдайды.
Рефлексия: Алған әсерлері туралы айтады.
Сабақ №20
ҚУЫРШАҚТЫҢ ТҮСІ
Мақсаты: адам бойындағы сенімділікті жоғарылату, шығармашылықты дамыту.
Міндеттері:
мазасыздық деңгейді төмендету;
— ішкі бейнені қалыптастыру;
— қиялды дамыту.
Керекті құралдар: Сурет салу үшін ақ парақ, қарындаш, фломастерлер, бояулар, (қатысушының қалауынша) өшіргіш, желім, қайшы.
Өткізілу уақыты: 45 минут
Шарты: Жеке параққа қуыршақ бейнесін салып, цилиндр түрінде желімдейміз. Дайын болған қуыршақты саусаққа киеміз. Кейін қуыршақ туралы әңгіме ойлап табамыз. Әңгімені мына сөздер арқылы бастаймыз: «Ертеде бір қуыршақ болыпты. Қуыршақ бір күні түс көреді. . . ». Кейін қатысушылар шеңбер жасай отырып, қуыршақтары туралы әңігмелейді. Жұмыс кезінде көңіл-күйін параққа салып, сурет бойынша әңгіме құрастырады.
Рефлексия: Әсерлерімен бөліседі.
Сабақ №21
ШӨПТЕН ЖАСАЛЫНҒАН ОЙЫНШЫҚТАР
Мақсаты: танымдық қабілетті дамыту, мазасыздықты жою, шығармашылық арттыру.
Міндеттер:
өзін-өзі көтермелеу;
— көңіл-күйді көтеру;
— танымдық қабілетті дамыту.
Керекті құралдар: Шөптер, жиектеме, таспалар, түрлі мата қиқымдары, түрлі-түсті жіп, қайшы.
Өткізілу уақыты: 45 минут.
Психолог: Біздің ата-бабаларымыз шөптен немесе сабыннан балаларына, немерелеріне қуыршақтар жасап беретін болған. Енді екі таңдау бар: біріншісі ешкі қуыршақ, екіншісі жылқы (тай) қуыршақ. Сіздер екеуінің біреуін таңдауларыңыз керек. Ешкі қуыршақ – көңілді және көңіл көтереді. Жылқы (тай) қуыршақ – қайрат, күш береді.
Нұсқау: Сіздер мына шөптен өз қалауларыңызша қуыршақ жасауларыңыз керек. Қуыршақ жасаған кезде, қажетті құралдарды пайдалануға болады. Жасалған бейнең (ешкі, тай) туралы әңгімеле немесе тарихи оқиғалар арқылы таныстыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет