Мұғалімдерге пайдалы ақпараттар



бет20/26
Дата24.04.2024
өлшемі205 Kb.
#499682
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   26
Арт терапия

НЕГІЗГІ БӨЛІМ:
Қозғалыс нұсқаулығы:
Пікірталастың әрбір қатысушысына ұсыным құралдардан өздеріне ұқсамайтын «қызды» дайындау ұсынылады.
Ескерту: Егер топта ер адам болса, онда олар өздеріне ұқсамайтын ер баланы жасайды.
Басқа барлық нұсқаулықтар ұқсас:
1. Қуыршақ сұлбасын (қол мен аяғы жіппен оралған қуыршақты ) мақта немесе түрлі жіптерден жаса.
2. Қуыршаққа қайталанбас бейне беріңіз, оны тоқуға арналған әртүсті жіптерден әшекейлеңіз. (шашын жасаңыз, шаш үлгісін, киімін әдемілеңіз?).
3. Қуыршақ дайын болғанда оған есім беріңіз, оның мінез ерекшелігін атап өтіңіз. «Ол маған ұқсай ма?» деген сұраққа жауап беріңіз. Қуыршақпен бірге қарым-қатынас жасаңыз. Сізде туындайтын мәселелерге назар аудара отырып, қарым-қатынас жасаңыз.
4. Ақ парақты алып әңгіме жазуды бастаңыз (7-10 сөйлем) сіздің қуыршағыңыз туралы. Оны мынадай сөздермен бастаңыз «Баяғы өткен заманда маған ұқсамайтын қыз болған екен» . Оның атын көрсетіңіз, оның қандай екенін айтыңыз, нені жақсы көреді, өмірде оған не қымбат екенін. Қысқа әңгімені «Міне, бір күні...» деген сөздермен аяқтаңыз.
5. Мәтіні ішкі бетіне қалатындай етіп парақты төртке бүктеңіз. Келесі жол танитындай етіп бұрышына белгі қойып, парақты жүргізушіге беріңіз.
Ескерту: Жүргізуші қатысушылардан парақтарды алады да, араластырып таратады. Жазылған «хат» иесіне тап болмауы керек.
6. «Хат» алған кезде алдыңғы мәтінді бүктеген жерден ашыңыз, келген жеріңізден әрі қарай жалғастырып жазыңыз. «Міне, бір күні» деген сөзден бастап жазыңыз. Неден басталып, неден аяқталғанын суреттеңіз. Бетті бүктеп жүргізушіге беріңіз.
Ескерту: Жүргізуші беттерді жинап, белгіленген белгісіне қарай қатысушыларға қайта береді.
7. Сіз беттегі барлық жазылғанды оқып шығып, сұрақтарға жауап жазыңыз:
- Оқып шыққан әңгімеңізден Сізді не таңдандырды?
- Бұл әңгіме Сіз үшін не туралы?
- Қызыңыздан нені қабылдайсыз, қайсысына қарсысыз?
- Сізге ұқсамайтын қыз сізге несімен қымбат?
Ескерту: Топтың мінез-құлық ерекшелігіне, құрамына қарай сұрақтарды жүргізуші өзі қоюға болады. Топтың әр қатысушысы сұрақтарға ауызша жауап беруіне немесе қайта толық байланыс беруіне болады.
Қорытынды:
«Ертеде маған ұқсамайтын бір қыз «ұл» өмір сүріпті» әдісі. Өз экзистенциясын қайта ойлауына, «кешегі», «алдыңғы күнгі», «өткен жылғы» өзіндегі айырмашылықты көруге мүмкіндік береді. Өзіне ұқсас немесе жақсы қасиеттерді табуға, сонымен бірге өз ішкі жан- дүниесі неше түрлі және де ешқандай шегі болмайтындығын түсіну. Бұл өмірде жарты түстердің өзіндік бағасы бар. Бұл жарты түстер көп жағдайда қанығырақ етеді. Өз уақытында, өз бағытын қабылдау тұлғаның көрінісін ашуға көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет