Мұғалімдерге пайдалы ақпараттар



бет17/26
Дата24.04.2024
өлшемі205 Kb.
#499682
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   26
Арт терапия

Сабақ №25
МАРИОНЕТКА
Мақсаты: өзінің марионеткасын басқару арқылы өзін, өзінің сезімін, эмоциясын басқаруды үйрену.
Өткізілу уақыты: 20 минут.
Жұмыс барысы: Қатысушылар дөңгелене отырады. Әрқайсысының қолында марионетка. «Қазір сендер ертегінің батырлары – өздеріңнің марионеткаларыңды қатыстыра отырып, ертегі құрастырып, оны ойнатуларың керек».
Сахнаға 3 орындық қойылады, жеткіншектер сахнадан өздерінің марионеткаларымен (қуыршағымен) «жүреді».
Рефлексия: Қатысушылар шеңбер бойымен отырады. Жұмыс аяқталған соң әр жеткіншек өзінің сезімдерімен, күйзелістерімен, алған жағымды әсерлерімен бөліседі.
Осы оқиға желісінен кейін-ақ, психолог жеткіншектің күйін, оның ішкі жан – дүниесінің қандай жағдайда екенін білуге болады. Ары қарай қандай жұмыс жүргізуге болатынын шешуге көмектеседі.
«Сиқырлы дүкен» жаттығуы
Сіз үшін қажетті, осы өмірде бағалайтын 5 нәрсені жазасыздар. Енді мен сіздерге «Сиқырлы дүкенге» барып дүкеншіден, яғни менен не қажет болса барлығын: денсаулық, бақыт, махаббат, табыс, машина, карьера, бірақ ақысына сіздердің жаңағы жазған, сіздер қатты бағалайтын 5 нәрсенің немесе 5 қасиеттің біреуін талап етемін. Өздеріңізде ерекше бағалайтын нелер қалды, немесе қандай қасиеттер қалды. Және осы бағалайын 4 нәрсе немесе қасиет сіздерді өмір бойы жетістікке жеткізіп, қолдап жүреді.
Талдау жүргізіледі.
Сабақ №26
БАЛАҚАЙ
Мақсаты: ата-ананың баласына деген мейірімділігін, сүйіспеншілігін қалыптастыру. Ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты жақындаттыру және дамыту. Ата-ананың балаға деген мейірімділігін, үлгілі тәрбиесін қалыптастыру. Отбасында бала тәрбиелеуде ата - ананың рөлі мол екенін сезіндіру.
Өткізілу уақыты: 45 сағат.
Қажетті құралдар: Мақта, түрлі-түсті маталар, жіп, қайшы, ақ парақ (А4), қалам, қарындаш, журнал, ермексаз, көңілді әуендер.
Түрі: Әңгімелесу.
Ұйымдастыру кезеңі.
(Қатысушылар шеңбер бойынша орналасады. )


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет