«Мұғалімнің этникалық өзіндік санасы және оның оқушылар психологиясына әсері» тақырыбында дайындалған диплом жұмысына п I к I р



бет4/5
Дата04.07.2016
өлшемі399 Kb.
#176255
түріДиплом
1   2   3   4   5

Зерттеу нәтижесі:

Басса-Дарки әдістемесі бойынша зерттеу нәтижесін біз бірнеше көрсеткіштері бойынша талдадық. Олар келесі кестеде көрсетілген.


Басса-Дарки әдістемесі бойынша баланың мазасыздану деңгейін бағалау.

Мазасыздану түрлері

Көрсеткіштері

Зерттелінушілер саны

1. Физикалық агрессия

Жоғары, орта, төмен

2, 5, 11.

2. Жанама агрессия

Жоғары, орта, төмен

5, 9, 9.

3. Тітіркенушілік

Жоғары, орта, төмен

7, 8, 1.

4. Негативизм

Жоғары, орта, төмен

11, 6, 8.

5. Өкпелегіштік

Жоғары, орта, төмен

17, 3, 1.

6. Күдіктенушілік

Жоғары, орта, төмен

1, 3, 9.

7. Вербальды агрессия

Жоғары, орта, төмен

12, 11, 3.

8. Кінәлі сезіну

Жоғары, орта, төмен

2, 6, 1.

Зерттеу нәтижесі көрсеткендей мектеп оқушылары арасында жоғары дамыған агрессия түрлі вербалдьдық және физикалық агрессия болып табылады. Ол әсіресе ұл балаларға тән, олар балағат сөздерді өте көп қолданатыны анықталды. Екінші орында күдіктенушілік пен негативизм көрсеткіштері болады. Бұл жас кезеңіндегі балалардың күдіктенушілігінің жоғары болуы заңды нәрсе. Өйткені балалар өз мамандықтарын таңдап алып, болашақта дербес өмір сүру жолын тауып алу қажеттілігі алдында тұрғанымен байланысты. Біз төмендегі кестеде зерттелінген балалардың жетеуінің агрессиясының түрлерін көрсеттік. Бұл тестімен зерттелінген 23 баланың көрсеткіштері бір-біріне өте ұқсас келді. Олардың басым көпшілігінде жанама агрессия мен өкпелегіштік анық байқалды, сонымен қатар ұл балалардың барлығы және кейбір қыз балаларда вербалдық агрессия көрініс берді.



Басса-Дарки әдістемесі бойынша зерттеу нәтижесі



Баланың аты

Агрессия түрі

1

Арыстан

Жанама агрессия, өкпелегіш

2

Алия

Вербальды агрессия, өкпелегіш

3

Базакүл

Жанама агрессия, өкпелегіш

4

Лейла

Вербальды агрессия, өкпелегіш

5

Мұрат

Физикалық және вербальды агрессия

6

Мадина

Вербальды агрессия, өкпелегіш

7

Мирас

Физикалық агрессия, өкпелегіш

8

Нұргүл

Вербальды агрессия, өкпелегіш

9

Нығметжан

Физикалық агрессия, өкпелегіш

10

Назира

Жанама агрессия, өкпелегіш

11

Олжас

Физикалық және вербалды агрессия

12

Оспан

Физикалық агрессия, өкпелегіш

13

Өтеген

Физикалық афессия, өкпелегіш

14

Палжан

Жанама агрессия, өкпелегіш

15

Палым

Физикалық агрессия, өкпелегіш

16

Раиса

Жанама агрессия, өкпелегіш

17

Рымбай

Физикалық агрессия, өкпелегіш

18

Рысбибі

Жанама агрессия, өкпелегіш

19

Саржан

Физикалық және вербалды агрессия

20

Сауле

Жанама агрессия, өкпелегіш

20

Торжан

Физикалық афессия, өкпелегіш

22

Тоқберген

Физикалық агрессия, өкпелегіш

23

Ұлбала

Жанама агрессия, өкпелегіш

Зерттелінушілердің жалпы эмоционалдық жағдайын, мазасыздану деңгейін, қарым-қатынасқа құмарлығын, өзін-өзі бағалауын бағалау үшін «Пиктограмма» әдістемелерін пайдаландық.



Пиктограмма: «Үй. Тал. Адам.» әдістемесі.

Мақсаты: Баланың даму деңгейін анықтау, жұмысқа қабілетін, оның қоршаған ортамен, басқа адамдармен қарым-қатынасының ерекшеліктерін және қарым-қатынас қажеттілігін бағалау.

Зерттеу барысы: оқушыларға таза ақ парақтар таратылып берілгеннен соң оларға зерттеуді жүргізу ережесі түсіндіріледі. Суретке үйді, адамды және өсіп тұрған ағаштың суреті салынады. Олардың орналасуы, түрі, түсі және тағы басқа да ерекшеліктері туралы мағлұмат берілмейді. Тек суретке түскен заттардың барлығы бір кадрдегі көрініс тәрізді түсуі керек екені айтылады. Еркін тақырып сияқты ешқандай шектеулер қойылмайтыны анықталады.

Қажетті жабдықтар ақ парақ, түрлі-түсті қаламдар, өшіргіш.

Орындау уақыты: 15-20 минут.

«Үй. Тал. Адам.» тесттің интерпритациясы.

1. Жетінші сынып оқушысы Олжастың салған суретін талдау. Олжастың салған суретінде үйі алдыңғы қатарында орналасқан, үйдің есік-терезелері кең, жарық мол түсетін, есік ашық тұр, есікті ашып кіруге болатындай ұстайтын тұтқасы бар, үйге баратын жол кең, таза, есікке көтерілетін тепшектер салынған. Бұл көріністер Олжастың ашық-жарқын, қарым- қатынасқа ыңғайлы, қонақ жайлы, басқа адамдарды жақсы түсінетін екендігі байқалады. Дегенмен үйдің төбесінің шеті қалың контурмен салынған. Бұл баланың болашақты болжамдауда сансыз уайымы бар екенін көрсетеді. Интеллектуалдық қызметке құмар, тыныштық іздеуге бейім екені үйдің суретте парақтың оң жағында салынғанынан көрінеді. Адамның басы ашық емес, басқалармен бірінші болып қарым-қатынас жасауға ұялады, сондықтан өзі бірінше болып танысуы қиын. Сонымен қатар, суретті талдау барысында дене мүшелерінің орналасуына қарап келесі қорытынды жасауға болады: баланың екі қолы бір жаққа карап созылған, ол басқа бір адамның ұсынған нәрсесін алғысы келіп тұрған тәрізді, қолын бір жақа созып тұрғанынан баланың басқаларға тәуелді болғанын, басқаларды басқарудан бас тартанын жақсы көресетеді. Ол өзімен бірге тұратын үлкендерден көмек берсе екен деген үлкен үміт үстінде. Эмоционалдық жағдайы тұрақты, көңіл-күйі барлық уақытта бір келкі болады. Соған қарамастан агрессиясы анық байқалады.

2. Жетінші сынып оқушысы Алияның салған суретін талдау. Алияның салған суреті бойынша талдау оның келесі ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді. Алияның суретінде кең байтақ ашық далада жалғыз үй орналасқан. Бұл көрініс оның авторының өзін шектеулі сезініп, басқалардан өте қашық жерде жүргендей болғанын көрсетеді. Алия отбасындағы ең кішкентайы. Олармен бірге тұратын үлкен ағасының балаларына қамқорлық жасап, соларды күтуге үлесін қосып жүрген бала өзін көп нәрседен шектеліп, барлық ата-ана қамқорлығы мен мейірімі немерелеріне ауып кеткен деген сезімге бөленгендігі байқалады. Үйлердің терезелері өте көп, олар пердемен жабылмаған, екі үйдің терезелері ашық тұр. Бұл көрініс Алияның қарым-қатынасқа құмарлығын және басқаларман бірге жүргенді армандайтынын көрсетеді. Суреттегі заттардың барлығы қалың штрихтермен боялған, ол Алияның айтқанынан қайтпайтын, қырсық мінезді, басқалармен өзі бірінші болып қарым-қатынасқа бармайтынын байқатады.

3. Жетінші сынып оқушысы Раисаның салған суретін талдау. Раисаның салған суретінде үйі алдыңғы қатарында орналасқан, үйдің есік-терезелері үлкен, дегенмен олар перделеніп қойылған, есігі жабық тұр, есікті ашып кіруге болатындай ұстайтын тұтқасы жоқ, үйге баратын жол кең, таза, жан-жағына тұл отырғызылған, бірақ тепшектер салынбаған. Бұл көріністер Раисаның тұйық, қарым-қатынасқа құмар емес, өзін-өзі қанағаттандыратын, басқа адамдармен амал жоқтан қатынас жасайтыны байқалады. Дегенмен үйдің төбесінің шеті қалың контурмен салынған. Бұл Раисаның болашақты болжамдауда мазасызданып, терең ойға шомылатынын көрсетеді. Раиса интеллектуалдық жұмыстарды жақсы көреді, тыныштық іздеуге бейім екені үйдің суретте парақтың оң жағында салынғанынан көрінеді. Адамның басы ашық емес, басқалармен бірінші болып қарым-қатынас жасауға улады, сондықтан өзі бірінше болып танысуы қиын. Сонымен қатар, суретті талдау барысында дене мүшелерінің орналасуына қарап келесі қорытынды жасауға болады: бала қолын қусырып, басқалардан шектеліп тұр, ол баланың басқаларға тәуелді емес болғанын, басқаларды басқаруды жақсы көретінінің бегісі. Сонымен қатар, Раиса өзімен бірге тұратын үлкендерден көмекті күтеді. Эмоционалдық жағдайы тұрақты, көңіл-күйі барлық уақытта бір келкі болады, дегенмен агрессиясы анық байқалады.

Жетінші сыныпта оқитын балалардың суреттерін талдау нәтижесінде олардың болашақ өмірге даярлығы әлі төмен, дегенмен олар болашақтан көп жақсылық күтіп отырғанын және сол өмірге даярлықта үлкендер жақсы көмек көрсетеді деп үміттеніп жүргенін көрсетті.



Пиктограмма нәтижесі бойынша қорытындылау кестесі:

Агрессиясы байқалғандар

Шектелгендік көрсеткендер

Ашық-жарқын

Байсалдылар

18

7

18

5

Кестеде көрсетілгендей сыныптағы оқушылардың басым көпшілігі өзін шектелген деп сезінетіні анық байқалады. Сонымен қатар, агрессиясы шамадан тыс көрініс беретіндер де бар екені анықталады. Бұл сезімдердің немен байланысты екенін анықтау үшін тағы да бірнеше әдістемелер қолданылады.



Менің отбасым кешқұрым әдістемесі.

Мақсаты: баланың отбасындағы қарым-қатынасын және статусын диагностикалау.

Пиктограмманың ерекшелігі оған қатынасушының өзін-өзі бақылауы, қарым-қатынас ерекшеліктері, баланың отбасындағы әр адамға көзқарасы, мазасыздануды шиеленіс жағдайлар санадан тыс көрініс береді. Отбасындағы жағдайды баланың өзі де, ата-анасы да өте жақсы бағалауы мүмкін. Дегенмен астыртын әсерін тигізетін факторлар болып агрессиясын жоғарылатып, мазасыздануын толғандырып жіберуі мүмкін.

Құрал-жабдықтар: бір парақ қағаз, түрлі-түсті қалам, өшіргіш.

Зерттеу барысы: Мына параққа өз отбасыңның суретін сал. Отбасындағы әрбір адамның белгілі бір іспен айналысып жатқанын көрсеткен дұрыс болады деп тапсырма түсіндірілгеннен соң балар сурет салуға кіріседі. Суретті салып болғаннан соң, әр баламен әңгімелесе отырып, келесі сұрақтарға жауап алу керек:

а) мына суретте кімнің отбасы салынған, өзінің, қандай да бір досының немесе ойдан шығарған кейіпкерлер болуы да мүмкін;

б) бейнеленген кейіпкерлер қай жерде және қазіргі кезде немен айналысып тұрғанын көрсету;

в) егер, әрбір кейіпкерді бөлек алатын болсақ, онда оның отбасында қандай роль атқаратынын анықтау;

г) суреттегілердің қайсысы сүйкімді және неге, қайсысы жағымсыз және оның себебі неде, бала олардың қайсысын және не үшін ұнатады;

д) егер кейіпкерлердің барлығын жеңіл көлікпенен серуенге алып бара жатырсаң, бірақ, өкінішке орай олардың біреуіне орын жетпейтін болса, кімді үйде қалдырар еді;

е) егер балалардың біреуі өзін тәртіпсіз ұстаса, онда ол қалай жазаланатынын көрсетіп беру т.с.с.

Суреттер бойынша интерпретацил келесі 4 құрамды бөліктен тұрады:

1. Суреттің құрылымын талдау.

2. Отбасы мүшелерінің орналасуы және олардың өзара әрекеттесуінің ерекшеліктері.

3. Отбасы мүшелерін салу реті және олардың сыртқы көрінісіне көңіл аударуы.

4. Суретте қолданылған символикалар және оның мағынасын талдау.

Жүргізілген зерттеу нәтижесі оқушылардың отбасындағы қарым-қатынасы және оның тәлім-тәрбиелік мағынасы орта екенін көрсетті. Өйткені 5 бала өздерін отбасында ыңғайсыз сезінеді, олар өздерінің туысқандарына сенім білдірмейді және өмірінде болған табыссыздыққа соларды кінәлі деп есептейді. Сондықтан олардың отбасындағы жағдайын төмен деп бағаладық. 12 баланың қарым-қатынасы орта деп бағаланды. Олардың отбасында жақсы көретін және эмоционалдық жақын адамдары бар, туған-туысқандарымен қарым-қатынастары жақсы, отбасында бір-біріне сенім білдіреді. Тек олар өзін өзінің отбасында кішкентай адаммын, басқаларды ата-анам менен гөрі жақсы көреді, оларға ең жақсы киім, жақсы орын беріледі деген түсінік бар. 6 баланың отбасындағы жағдайы өте жақсы, ата-аналары оларды жақсы көретініне, болашағы жақсы болуға барлық жағдайды жасайтынына олар сенеді, сондықтан өздерінің болашағына үлкен үмітпен қарайтындығы анықталды. Нәтижесі кестеде көрсетілген.

«Менің отбасым кешқұрым» пиктограмманың нәтижесі:

Зерттеушілердің отбасында өзін ыңғайлы сезінуінің көрсеткіштері

Зерттенушілер саны

Жоғары

Орта


Төмен

6

12

5


Зерттелінген жетінші сынып оқушыларының отбасындағы жағдайлары, басқа сыныптарға карағанда, жақсы көрсеткіштермен сипатталды. Дегенмен балалардың мазасыздану діңгейі көңіл аударатындай жоғары екендігін анықтадық. Балалардың осы проблемаларын ескере отырып, оларды түзету-дамыту тренингінен өткізу қажет деп шештік.



2.2. Психодиагностика нәтижесі бойынша психокоррекция жүргізу
Жеткіншек жас кезеңіндегі балалардың психофизиологиялық және әлеуметтік ортаға икемделу процестерінің жүру ерекшеліктеріне байланысты олар көптеген қиындықтармен кездеседі. Сондықтан оқушыларға және олардың ата-аналарына психологиялық көмек көрсету қажет. Осы көмек көрсетудің бірнеше формалары бар. Ол жеке дара психологиялық кеңес беру, топтық кеңес беру, топпен психокоррекциялық ойындар және басқа шаралар ұйымдастыру. Психокоррекция топтағы қарым-қатынас ерекшеліктері барларды әлеуметтік ортада басқалармен тіл табысып өмір сүру тәжірибесін қалыптастырудың ең тиімді жолы екені дәлелденген. Сондықтан психологиялық қызмет көрсету барысында оқушылардың оң мінезін тәрбиелеуге ашық-жарқындығын қалыптастыруға, басқаларға ұнамды болу жолдарын үйретуге кеңінен қолданылады.

Коррекциялық жұмысты ұйымдастыру барысында эгоцентризиді бұзу тренингті жүргіздік. Мақсаты – адам мінезінің теріс көрсеткішін қайта құру, өңдеу. Эгоцентризм адамның мінезін икемсіз, ешкіммен санаспайтындыққа, қоршаған ортаны өзіне бағыну керек деп, есептейтіндікке алып келеді. Бұл тренинг келесі кезеңдер арқылы жүзеге асырылды:

1. Бақаларға сезімтал болуды үйрету келесі іс-шаралар көмегімен жүзеге асырылады:

А) Кешіккенге, келмегенгендерге ол жоқта болған оқиғаны толық айтып беруді ұйымдастыру;

Б) Өз ойын, қарым-қатынас барысында оны бөлеген сезімін басқаларға айтып беруге үйрету;

В) Басқалардың көңлін өзіне аударып, айтқан сөзіне зейін салып тыңцатуға үйрету және өз пікірін айтқызу;

Г) Басқалардың сезімін сыйлап, олардың жағдайын түсінуге үйрету;

Д) Әр адамның басынан өткен оқиғаларды талдау, «Биші жылқылар», «Тәртіптілер және тәртіпсіздер», «Ақсаусақтар», «Қажырлылар», «Түсінгіштер мен мақаулар» т.б. тақырытарда КВН, пікір-талас, сахналық көріністер ұйымдастыру;

Е) Ақиқатқа сай келетін мінез-құлыққа үйрету – неше түрлі ойындар ұйымдастырып, сол ойындар барысында жайдарлы мінез көрсетіп, басқа адамдармен танысу тәжірибесін қолдану. Альтернативті шешім табу әдісін қолдану, мінез-құлық жайында пікірталас ұйымдастыру.

Тренинг жүргізу барысы.

Мақсаты: балаларды өздеріне ыңғайлы сезінетін жағдайға келтіру және тренинг тобында барлығын толық бостандық беріліп, емін-еркін қарым-қатынас жасайтын жағдай жасау.

Бірінші машықта қатынасушылар өздеріне есім таңдап алады да сол атымен тренингтің соңына дейін аталатындығы түсіндіріледі. Бұл тәсілді қолдану арқылы бала өзінің атымен байланысты өз өміріндегі өзіне ұнамайтын жағдайлардан шығып кетуіне психологиялық негіз болады. Өз есімі ретінде өзіне ұнайтын адамның атын, өсімдіктер мен жануарлардың атауларын таңдап алуына болады.

Психологта өз атын немесе басқа бір атты таңдап алуына болады. Осы жерда айтатын бір мәселе, тренинг барсында барлығы бір-біріне Сен немесе Сіз деп айтуын келісіп алуы қажет. Егер балалардың жасы кіші, ал психолог олардан көп үлкен болса, балалардың оны Сен деп атауы өте қиын, қажеті де жоқ. Сондықтан бұл мәселенің басын ашып алу керек.

Барлық қатынасушылар бір-бірінің жаңа атын есте сақтап қалу үшін сол аттарымен атауға арналған жүгіртпе ойындар ұйымдастырылады (допты бір-біріне бергенде өз патрнерының атын атап, оған бір ұнамды сөз айту, жаңа танысқан досын презентация жасау т.б.). Бірнеше жаттығуларға тоқтап өтейік.

1-ші жаттығу. "Амандасу".

Бұл жаттығуды екі вариантта өткізуге болады.

Бірінші варианты. Әр қатынасушы топтың әр мүшесімен ыммен (мимикамен), қол қимылы арқылы, дене қимылымен (пантомимикамен), вербалды әрекеттерді қолданбай, амандасу қажет. Егер амандасу біркелкі болса, онда амандасудың ұлттық тәсілдерімен, фильмдердегі кездесетін амандасу тәсілдерін еске түсіру керек.

Екінші варианты. Қатынасушылар бір-бірімен қол беріп, құшақтасып, әр амандасқан адамына жылы сөздер айтып шығады. Қанша адамға жылы шырай білдіріп, көңілін көтеруге үлес қоссаң, сонша өзіңнің де көңіл-күйің көтеріңкі болады деген ұранмен жүреді.

2-ші жаттығу. "Тұсаукесер (презентация)".

Топтағы қатынасушылар шеңбер құрып, психолог бастап, топқа өз бейнесін таныстырады. Психолог: "Ыммен, қол қимылы, дене қимылы арқылы, бір-екі ауыз сөзбен өзіңізді топқа таныстырыңыз. Таныстыру барысында өзіңізді қандай адам тұрғысында сезінетініңізді, топтың Сізді қалай қабылдайтынын көз алдыңызға елестетіп, сол туралы айтып беруге ұмтылыңыз" – деп түсіндіреді. Психолог өз сөзінен кейін топқа өзі туралы мағлұмат береді. Содан кейін әр қатынасушы сағат тілі бойынша шеңбер бойымен өзін басқаларға таныстырады.

Тұсаукесер аяқталғаннан кейін, өзі айтқаны жайлы, қалай жүргені туралы талқылау жүргізіледі.

Психолог келесі сұрақтарды қояды:

- Сізге кімнің өзін таныстыруы өте айқын, есте қалатындай әсерін тигізді?

- Сіз үшін қандай танысу өте ерекше, әрі күтпеген танысу болды?

- Кімнің өзін таныстыруы Сізге бірден жақын адам екенін сездірді?

- Кімнің айтқан ойы Сізге түсініксіз немесе таң қалатындай болды?

- Мүмкін, сол адамға Сіздің қоятын сұрағыңыз бар шығар?

Бұл сұрақтардың көмегімен балалардың тілдік белсенділігін шақырып, олардың ойындарға, жаттығуларды орындауға қызығушылыгы бар ма, жоқ па екенін анықтап алуға мүмкіндік туады. Барлық сұрақтарды талдап алғаннан соң келесі жаттығуды немесе ойынды балалардың ұсынысы бойынша ұйымдастырған дұрыс.

3-ші жаттығу. "Көпір".

Қатынасушылар шеңбер құрып отырады. Психолог диагонал бойынша бормен сызық сызып, ойынның мәнін былай түсіндіреді: "Бұл сызық – тасып ағып жатқан тау суынан өтетін көпір. Төменде желге теңселген, тартылып байланған көпірдің астында сарқыраған өзен. Көпірдің аяғына дейін бір ізді жол. Одан тек бір адам ғана өте алады, әрі артқа шегінуге, қайтып кетуге жол жоқ. Бір-біріне қарама-қарсы келе жатқан екі адам – екі ұлттың өкілі. Олар бір-бірінің тілін түсінбейді. Қалай да болса көпірден құламай, аяғына дейін жүру керек. Тапсырманы орындауға бір минут уақыт беріледі".

Талқылау:

Тапсырма ненің көмегімен орындалады? Қатынасушылар бір-біріне көмектесті ме?

Осы жағдайда қарым-қатынастың қандай құралдары (вербалды немесе вербалды емес) маңызды?

- Қай ұлттың вербалды емес қарым-қатынасы Сізге жақын және түсінікті көрінді?

4-ші жаттығу. "Танысыңыз, Шетелдікі".

Топ бір қатарға тізіліп отырады. Әр адамға карточка таратылады. Ол карточкада әр адамға белгілі бір ұлттың (ағылшын, француз, итальяндық, түрік, жапон, кәріс және тағы басқа ұлт өкілдері) мінез-құлықтағы қол-дене қимыл-қозғалысын, бет қимылын, позасын, жүріс-тұрысын көрсету керек екендігі туралы тапсырма берілген. Қалған қатынасушылар тапсырма алғандардың қай ұлт өкілі екендігін табуы керек.

Талқылау:

- Ұлтын қандай көрсеткіштерге сүйене отырып анықтадық?

- Ұлттық ерекшеліктерді табу оңай ма?

- Қазақ халқын қандай ерекшеліктермен сипаттауға болады?

Осы сұрақтар бойынша топ екіге бөлінеді. Бір топ таптауырындардың қажеттілігін дәлелдесе, ал екінші топ -ші оның қажет еместігін дәлелдеуі керек.

5жаттығу. «Елсіз арал».

Психолог ойынның шарттарымен қатынасушыларды таныстырады: «Мұхит бойындағы бірнеше күнгі болған оқиғадан кейін адамдар елсіз аралға орналасады. Осы уақыт аралығында тек үрленген салдан басқа ештеңе қалмады. Әрі ол да жарамсыз екені анықталды». Ойынның шарты: «Сіздер елсіз аралда қалдыңыздар. 20 жылға дейін Сіздер басқа адамдармен кездесе алмайсыздыр. Енді үш топқа бөлініңіздер».

Топтардың әрқайсысында бір ұлттың халқы. Ұлттарын шек тастап анықтап алуға болады. Ойынның аяғына дейін ұлт өкілдері басқа топтағылардың ұлтын білмейді және өздерінің ұлтын басқаларға айтуына болмайды. Жиырма жылдың аралығында әр ұлт өкілдері қалай өмір сүретінін, қандай заттарға сүйенетінін, нені өсіретінін, оларды кім басқаратынын, құндылықтары мен салт-дәстүрі тағы сондай ерекшеліктерін мейрам-тойлар өткізіп, басқаларға өздерін таныстыруы керек. Әр топ қағаз, түрлі-түсті қарандаш, фламастер, желім және тағы басқа заттармен қамтамасыз етіледі. Әр топ тапсырманы алғаннан кейін, екі сағаттай дайындық жұмысын жүргізеді. Топқа көріністі көрсетуге 30 минут уақыт беріледі. Топ қай ұлт өкілдері екенін ешкімге айтпайды. Олар өздерін жан-жақты таныстыру үшін көрнекі құралдарды көп мөлшерде дайындайды. Көрермендер олар қай елдің және қай ұлттың өкілдері екенін анықтайды.

Талқылау:

- Қандай белгілер арқылы ұлтты анықтауға мүмкіндік болды? Аралды «мәдениеттендіру» мәселесі қалай шешілді?

6-шы жаттығу. «Көзқиық».

Қатынасушыларға адам санымен бірдей ішкі және сыртқы шеңберлер құру ұсынылады. Ішкі шеңбердегілер сыртындағыларға қарап тұрады. Олар бір минуттың аралығында бір-біріне көздерін тасаламай, күлмей, бет-ауызын қисайтпай, тыжыраймай қарап тұруы керек. Содан кейін сыртқы шеңбердегілердің барлығы сағат тілі бойынша бір орынға жылжып, келесі серіктеске барады. Сонан соң осы көрініс қайталанады. Осымен жаттығу аяқталып, қатынасушылар өз орындарына отырады.

Ескерту: Жаттығу көптеген жеке түлғалық тосқауылдарды жеңуді талап етеді. Топтың барлық мүшелері өздерін шаршаған және тітіркенген адам сияқты сезінуі мүмкін. Мұндай жағдайларда келесі жаттығуларды немесе олардың біреуін орындатуға болады:

А) бәрі бірге дем тарту мен оны шығару;

Б) шеңбер құрып, барлығы бірге тебінуі, бір мезетте қолы жұдырықтап сілкуі;

В) Барлығы бірге бар дауысымен а-а-а деп айқайлауы.

Талқылау:

Қатынасушыларға келесі сәттерді еске түсіру ұсынылады:

а) жаттығудың басында және аяғында өзінің күй-жағдайы қандай болғанын;

б) не айтқысы, қандай әрекет жасағысы келгенін;

в) бір-біріне қарап тұрғанда қандай ойлар пайда болғанын;

г) серіктесің не туралы ойлағанын болжамдап айтып бер.

Талқылау барысында бір-біріне талап қою немесе ақыл айтуға тиым салынады.

7-ші жаттығу. Құрметті қонақ.

Жетекші қатынасушыларға ойынның мәнін түсіндіреді: Қазір арамыздағы бір адам осы ортадан сыртқа шыға түрады: Ол бөлмеге тек біз шақырғанда ғана кіреді. Қалған адамдардың бесеуі ойынға қатынасатын әр адамның мінез-құлқын бағалауға әділқазылар құрамын құрады. Есіктің сыртындағы адам – біздің құрметті қонағымыз. Ол шетелдік, өзінің және біздің халық аралығындағы шынайы қатынасты дамытуға белгілі үлесін қосқан адам.

Шетелдік адам алдын ала өзінің қай ұлт өкілі екенін таныстырады. Арамыздағы бір адам сол қонақты алып жүруші және оның тілмашы болып қонақты ортаға алып келеді. Ары қарай әр адам қонақпен қол алысып, одан бір нәрсені сұрап, әңгімелесіп, қалайда оның уақытты көңілді, қызықты өткізуіне өз үлесін қосады.

Әділқазылар алқасы бір-бірімен байланыспай, шешім қабылдап, қай адам өзін қонақпен араласуда салқындық көрсетіп, қысылатын болса, оған ұпайды төмен қояды. Әділқазылардың әрқайсысының қойған бағаларының орта арифметикалық көрсеткіші анықталып, әр қатынасушының бағасы шығарылады.

Талқылау:

- Қарым-қатынас қандай қиындықтарға тап болды?

- Егер осы ойынды қайталасақ, Сіз өзіңізді жеңіл, еркін сезінесіз бе?

- Мінез-құлқыңыздың бағытын өзгертер ме едіңіз?

8-ші жаттығу. «Таңдау»

Топ мүшелері орындарынан тұрады. Орындықтарды екі жақтағы қабырғаға тізбектеп орналастыру қажет. Жетекші қатынасушыларға тапсырманы түсіндіреді: «Сіздер ұрпаққа таралған, ата-бабамыздың ғасырлар бойы жинаған тәжірибесіндегі өсиет сөздер мен мақал-мәтелдердің сан түрін білесіздер. Қазір Сіздерге олардың кейбіреулерін оқып беремін. Егер оның мазмұнымен келіссеңіздер оң жақтағы орындыққа отырасыз, ал келіспесеңіз - сол шеттегі орындыққа отырасыз. Ортада ешкім қалмауы керек. Сіз жауаптың тек біреуін (келісемін немесе келіспеймін) таңдауыңыз керек».

1. Жер тағдыры – ел тағдыры.

2. Әр адам өз халқының жасаған қателеріне кішкене болсада кінәлі.

3. Бір дінге сенген халықтардың бір-бірін түсінуі оңай.

4. Жаңбырсыз жер жетім. Басшысыз ел жетім.

5. Бірлік бар жерде тірлік бар.

6. Адамның ұлтынан оның халқын көруге болады.

7. Есің бар да еліңді тап.

8. Адам өзін қандай да бір халықтың бөлігі ретінде сезінуі қажет.

9. Ер – елдің қорғаны.

10. Әрқашан адам өз ұлтын есінде сақтауы қажет.

11. Халықтар арасындағы өзара ұғыну, олардың қандай дінге сенуіне байланысты.

12. Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер.

13. Өз халқының өмірдегі салт-дәстүрін, әдеп-ғұрпын ұстауға тырысу керек.

14. Ұяда не көрсең, ұшқанда соны істейсің.

15. Жер көркі – гүл, ел көркі – қыз.

16. Наннан үлкен ұлық жоқ.

17. Өз халқының өмірдегі салт-дәстүрін, әдеп-ғұрыпын ұстауға тырысу керек.

Қатынасушылар екі топқа бөлініп, талқылау жүргізіледі. Жүргізуші топтың біреуіне мақал-мәтелдер, өсиет сөздердің мағынасын түсіндіруді талап етеді. Мұндай жаттығу ішкі бағыттың анықталуына, өз ойын басқаларға жеткізе алуын қалыптастыруына мүмкіндік береді.

9-шы жаттығу. «Мүсін өнерінің аукционы».

Жұптық жұмыс. Бір топ мүшесіне мүсіншінің ролін атқару тапсырылады, ал екіншісі – мүсінге қажетті материал болып ойнайды. Мүсінші тек қолда қалданып, мүсінді үндемей жасап шығарады. Мүсін өнерін көпшілікке көрсету үшін жұмыстың ең соңғы, шешуші нұсқасын есте сақтау керек. Содан кейін, әріптестер рольдерімен ауысады. Мүсінді көрсету кезеңінде топ мүшелері қай ұлттың мүсіні немесе қай ұлттың өкілдері екенін табады. Сонан кейін ғана мүсіннің шынай «атын» автор жариялайды. Талдау:

- Материал «икемді» ме?

- Мүсінші қолының ұстау, тию қасиеті қандай?

- Мүсінді қабылдаудағы субъективтілікке назар аудару: дененің сол не басқа жағдайына қандай сезім туды?

- Сіздің денеңіз әрқашан Сізді таңдай ма?

- Ден өз бетімен өмір сүреді деген ой пайда болады ма?

- Басқа қандай өз ұлтыңыздың ерекшеліктерін мүсінде байқадыңыз?

Осы сияқты ойындарды қолдану арқылы тұйық, жасқаншақ, топтағы балалармен тіл табыса алмай жүргендерді басқа балалармен араластырып, олардың қарым-қатынасқа икемділігін тәрбиелеуге мол мүмкіндік туады. Психолог өз қызметінде диагностикалау нәтижесіне сүйене отырып ойын тренингтерін жиі ұйымдастырып тұрғаны орынды.

Бастапқы ойын тренингтерін қатынасушы балалардың жас шамаларына қарай топтастырған дұрыс болады. Ал екінші, үшінші тренингтерді әртүрлі жастағыларды қосып жүргізудің де тәрбиелік мағнасы өте терең. Өйткені адам өз өмірінде неше түрлі жас кезеңіндегілер аралас топтар мен ұжымдарда қызмет атқарып, өмір сүреді. Отбасы, жұмыс топтары, көшедегі топтар аралас жастағылар болып келеді. Сондықтан осы мәселеге де көңіл аудару қажет.

Жүргізілген жан-жақты зерттеулер нәтижесінде 7 сынып оқушыларының мінез-құлық ерекшелігі анықталды. Осыған орай біздің келесі негізгі міндетіміз – мінез-құлқында ерекшелігі байқалған оқушылармен коррекциялық жұмыс жүргізу. Сынып оқушыларының мінез-құлық ерекшелігінің негізгі көрінісі - көкіректік, яғни, эгоизм екендігі диагностика барысында анықталды. Ал эгоизм (дарашылдық) түрлі себептермен (табиғи ерекшелігімен, сыртқы түрімен, байлыгымен, өз кемшілін жасырумен және көпшілік орта ыңғайына байланысты) сипатталды. Коррекциялық топ құрмас бұрын, оқушылардың ең алдымен бағдарлау фазасынан өткіздік. Ол фазада еркін қарым-қатынас қалыптасып, келесі міндеттер атқарылады:

1. Оқушылардың коррекцияны қажеттілігін сезінуін қамтамасыз ету;

2. Клиенттің көңіл-күйін көтеріп, әр қатынасушы өзін-өзі қауіпсіз жағдайда сезінуін қамтамасыз ету;

3. Топты ішкі қайшылығын сыртқа шығаруға даярлау, ол үшін вербалды емес қарым-қатынас түрлерін қолданып, бір-біріне жақындастыру.

Бұл фазада топ қалыптастырып, бір-бірімен эмоционалдық жақындық туып, топтағылар адаптациядан өтеді. Осы адаптация барысынан өткеннен соң коррекцияны міндетті түрде керек деп тапқан оқушыларды бір коррекциялық топқа біріктірдік. Бұл топппен жүргізілген коррекциялық жұмыс сыныптағы ішкі қарама-қайшылықты жоюға бағытталды.

Психокоррекциялық топтағыларға қысқаша психологиялық мінездеме. Раиса 7 сыныпты орташа үлгеріммен аяқтайды. Бірақ, сабақ үлгерімі өте нашар, оқу қиындығы барлық пән бойынша байқалады. Осыған байланысты, оның жалпы мәліметтілігін анықтауға арналған ШТУР (Школьный тест умственного развития) және таным процестерін зерттеуге арналған (зейін, ес процестерін зерттеуге арналған түрлі, функционалдық әдістемелер) тестерді пайдаландық. Нәтижесі Раиса ның танымдық процестерінің біршама дефектілігін, ақыл-ой әрекетінің төмен деңгейін көрсетті. Интелектуалдық дамуының жалпы деңгейі орташадан төмен, ал вербальды субьектінің толық қатары бойынша нәтижесі норманың төменгі шегіне жақын (сөздік қоры, ұғымдық түсінігі төмен). Танымдық сферасының тарлығы мен оқитын мектеп тақырыбы бойынша жазған шығармасынан да байқалады. Мысалы, онымен жасалған «идеалды мектептің сабақ кестесінде» мектеп бағдарламасының дене тәрбиесі мен еңбек сабағынан басқа бірде-бір пән жазылмаған.

Раисамен әңгімелесу, оның іс-әрекетін бақылау барысында баланың мінез-құлық реакциясында айналадағылармен қарым-қатынас сипатына негативті әрес етуі мүмкіндік, бәсеңдік, флегматиктік анық байқалғанымен, салада соншалықты мазасыздану көрінбейді.Өйткені оның қайырымдылығы, мінез-құлқының үйлесімділігі, агрессивтіліктің жоқтығы бірқатар сыныптармен жақсы қатынас құруына себеп болады. Динараның анасымен әңгімелесу барысында оның оқуындағы қиындықтарының себебі анықталады. Анасының айтуы бойынша, Раиса 5 жасынан бастап өз-өзінен кекештене бастаған, бірақ логопедке бармаған. Сондықтан да, оның фонетикалық есту және басқа да дефектілері нақ осы сөйлеу дамуының бұзылысымен байланысты болуы мүмкін. Мектепке түскеннен кейін мұғалім тарапынан ешқандай шағым түспеген, оқу барысындағы үлгермеушілігі оның жалқаулығы немесе оның темпераментінің т.б. жекелік ерекшелігімен байланысты деп түсіндірілген.

Қорытынды: Раисаның оқу мазмұнын меңгерудегі қиындықтары ол 1 сыныпқа барған күннен басталған, мектеп талаптары оның мәселесін тереңдеткен, сонымен қатар, психологиялық дамуына әсер еткен. Ата-аналарға келесі кеңестер беріледі:

Әлі де болса баланы логопедке көрсету керек, онымен зейін, ес, ойлауын дамытуға арналған психологиялық коррекция жүргізіп, таным процестерін керек, сонымен қатар, жалпы баланы қызықтыратын әрекеттердің барлығына мән беріп, баламен көп айналысу керек, үй жұмысын орындауын бақылап, баланы кітап оқумен айналдыру керек.

7 сынып оқушысы Раисаға «Оқу және қарым-қатынас қиындығын анықтау үшін жүргізілген зерттеу» хаттамасы:

Раиса тек «5»-ке оқитын үлгілі оқушылардың қатарында. Бірақ соңғы уақыттары математика пәнінен тіпті элементарлы тапсырманың өзін орындаудан бас тартады. Оқушыны зерттеу барысында оның таным процестерінің көрсеткіштері нормаға сай екендігі анықталды.

Таным процестерінің дамуын зерттеуді Векслер тесті, ШТУР, таным процестерін зерттеуге арналған зейін ерекшеліктерін, ес процестерін анықтауға арналған түрлі тестер қолданылды, сонымен қатар интеллектуалдық қабілеттерді зерттеуге арналған әдістемелерді пайдалана отырып Раисаның интеллектуалдық дамуында ешқандай дефектілер жоқ екені анықталды. Ақыл-ой әрекеттерінің деңгейі нормада, интеллектуалды дамуының жалпы деңгейі ортадан жоғары. Айзенктің вербалдық интеллектіні анықтау тесті бойынша Раисаның коэффициенті 150 ден асты.

Раисамен әңгімелесу, сөйлесу барысында оның ұялшақ, меланхолик көрсеткіштері анық байқалатын, өзіне және айналасындағыларға сенбеушілік анық байқалатынымен сипатталды. Раисаның мазасыздануы норма дисперсиясында. Яғни, балаға мінез-құлықтың тұрақтылығы тән. Әйтсе де, Раисаның ата-анасымен әңгімелесу барысында, оның қарым-қатынастағы қиындықтарының себебі анықталды. Раисаға кішкентайынан өзінен кіші сіңлісіне қарауға тура келген. Оның өз қатарластарымен ойнауға мүмкіндігі болмаған, сондықтан ол өз-өзімен қалып кеткен. Бастауыш сыныптарда оқу материалдарын меңгеру Раисаға қиынға соқпаған. Оның үндеместігі темпераментінің ерекшелігімен және оны қайта тәрбиелеуге ешқандай әсердің болмағандығымен түсіндірілерді. Раисада қарым-қатынас қиындығы ерте сәбилік кезеңде қалыптасқан.

Ата-аналарға келесі кеңестер беріледі:

Раисамен қарым-қатынас жасауға, оны әңгімеге тартып, барлық болған оқиғаларды күделікті айтқызыуға және басқалармен бірге болуға қызығушылығын тудыру үшін балаға бос уақытының кеп бөлігін бөліп, оны компанияда (сыныптастарымен паркке, зоопаркке және тағы басқа орындарда болуына) мүмкіндік беруі керек екені түсіндірілді. Баланың қатарластарымен қарым-қатынасына аса көңіл бөліп, қатарластарын үйіне жиі шақырып, баласына мейрамдар ұйымдастыруы қажет. Сонымен қатар, баланың өзіндік бағалауын жоғарылатуға, қарым-қатынасы кеңейтуге, үндеместігін жоюға көмектесетін қатарластарымен тығыз араластыруы қажет.

7 сынып оқушысы Саржанға «тереңделіп жүргізілген зерттеу» хаттамасы. Саржан жақсы оқитын оқушылардың қатарында. Мұғалімдер пікіріне сүйенсек, ол ешкімді менсінбейтін, өзін өте жоғары бағалайтын көкірек бала. Осы жағдайларға байланысты сыныппен және мұғалімдерімен қарым-қатынасы жақсы қалыптаспаған. Осы шағымдардың негізделе жүргізілген психологиялық зерттеулер нәтижесі бұл пікірді растамады. Саржанның таным процестерін зерттеуге жүргізілген зерттеулердің (Айзенк, Векслер әдістемелері бойынша) нәтижесі бойынша, оның танымдық процестері жоғары деңгейде дамыған, ақыл-ой әрекетінің деңгейі жоғары, интеллектуалдық қабілеті және лабильділігі жақсы дамыған.

Сабақ үстінде, үзілістерде Саржанның іс-әрекетін бақылау барысында қарым-қатынас жасауына кедергі келтіретіндей мазасызданудың оншалықты жоғарылығы байқалмағанымен, балада өзіндік ішкі конфликт бар екендігі көрініс береді. Сонымен қатар, Саржанда мінез-құлықтың біршама үйлесімсіздігі, қатарластарымен қарым-қатынас жасау барысында кейбір уақыттарда вербалдық және физикалық агрессияның пайда болып отыратындығы байқалды.

Саржанмен жүргізілген жеке әңгіменің нәтижесінде оның мұндай мінез-құлқының негізгі себебі, семьясында, яғни оның ата-анасының екі бөлек тұратындығы, оның үстіне Саржанның ата-анасынан бөлек, нағашыларының қолында тұратындығы анықталды. Оның семьям туралы сұрап қалады-ау деген қорқыныш сезімі айналасындағылармен қарым-қатынас жасауына кедергі келтіреді. Сонымен қатар, Саржанмен жүргізілген «өзіме хат» деп аталатын әдістеме нәтижесінде, оны қоршаған ересектердің түсінбейтіндігі, өзін жоғары бағалайды деген пікірдің тұрақты орын алғандығы анықталды. Бірақ, хат мазмұнына зейін салып қарасақ, Саржанның өзін-өзі сендіріп қойған пікірін өзі мойындайды. Олай болса айналасындағылардың пікірі бойынша, көзге анық байқалатын көкіректік бар болғаны оның өзін-өзі қорғау механизмі.

Сонымен, Саржанның негізгі проблемасы оның семьясына және темпераментінің ерекшелігіне (холерик-флегматик) келіп тірелді. Саржанмен өзін қайта тәрбиелей алуға қабілеттілігін ескере отырып, психологиялық кеңес оқушының өзіне тікелей берілді. Ең алдымен ата-анасына сын көзбен қарап, өкпелемей, оларға обьективті турде қарау, ата-анасымен барлығы бірге тұрған бақытты кездерін қиналған уақытта есіне алу, басқа семьяларда өмір сүріп жатқан тек қана ол емес, ондай жағдай кез-келген тіпті идеалды семьялардың өзінде де кездесетін мәселе екендігін түсіндіру арқылы өз семьясы туралы мәселелерден қашқақтап, өзінің кемшілігіндей қабылдамау керек екені түсіндірілді. Ата-анасының ажырасып кеткеніне бала ешқандай кінәлы емес екенін және оның жағдайын басқаларда түсіне алатындығы туралы көп әңгімелескеннен кейін бала психолог сөзін мақұлдай бастады. Қарым-қатынастан шектелінудің қажеті жоқ екендігін түсіну арқылы ол біртіндеп балалармен араласа бастады.

Қорытынды. Жүргізілген 7 сынып оқушыларының мінез-құлық ерекшеліктері осы жас кезеңіне сай акцентуацияның көптеген түрлері анық байқалғандықтан біздің келесі негізгі міндетіміз – мінез-құлқында ерекшелігі байқалған оқушылармен коррекциялық жұмыс жүргізу болды. Сынып оқушыларының мінез-құлық ерекшелігінің негізгі көрінісі – көкіректік, яғни, эгоизм, агрессия екендігі диагностика барысында анықталды. Олармен ұйымдастырылған коррекциялық жұмыс келесі міндеттер атқарды:

1. Оқушылардың коррекцияны қажеттілігін сезінуін қамтамасыз ету;

2. Клиенттің көңіл-күйін көтеріп, әр қатынасушы өзін-өзі қауіпсіз жағдайда сезінуін қамтамасыз ету.

Бұл топппен жүргізілген коррекциялық жұмыс сыныптағы және отбасындағы ішкі қарама-қайшылықты төмендетуге аз да болса әсерін тигізді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет