Мәдени сәйкестілік. Авторлар жобаның нәтижесін белгілі бір әлеуметтік- педагогикалық, білім саласындағы нәтижелерге сәйкестендіреді. Ол білім стандарттары, бағдарламалары, білі жүйесі, педагогикалық технология, жұмыс істеу түрі, шығармашылық тапсырма болуы мүмкін.
Авторлардың ересек немесе бала болуына тәуелсіз, федеративті, аудандық деңгейде стандарттарды, оқулықтарды, білім немесе оқу бағдарлмаларын немесе интернетке сайт енгізген кезде олардың жалпы қабылдаған стандарттарға сәйкес болады деп ойлаймыз.
Жаңалық енгізу деңгейі. Жаңалық енгізу көрсеткіші алдыңғы көрсеткішпен тікелей байланысты. Жоба қоршаған ортаны жақсартатын жаңалықтар енгізу үшін жасалынады. Осы бағыттағы жетістіктерді бағалау үшін, белгілі бір мәдени тәжірибеге ие болу керек. Қазіргі жағдайда әлеуметтік педагогиканың білім, оқу, тәрбие саласында. Сонымен бірге, педагогикалық жобалау үшін нәтиженің объективті ғана емес, субъективті жаңалық ашуы маңызды, себебі ол оның дамуын қамтамасыз етеді.
Кіші кәсіпкерлікті ұйымдастырумен байланысты, оқу жобалау аумағындағы бизнес- жоба оқушыларда жаңа дағдылардың, ептіліктердің дамуын қамтамасыз етеді.
Егер аналогтары жоқ инновациялық нәтиже жасалынған кезде, ол негізделуді және дәлелдеуді қажет етеді. Егер педагогтардың авторлық ұжымы жаға интегративті курсты қалыптастырса, онда олардың жаңалықтары объективті негізде негізделуі мүмкін, мыс., пәндік немесе пәнаралық курстарды сәйкестендіру арқылы.
Әлеуметтік (парктикалық, теоретикалық) маңыздылығы. Бұл көрсеткіш жобалу нәтижесінің әлеуметтік-педагогикалық, білім салаларына әсерін бағалауға мүмкіндік береді. Мысалы, оушылармен ұйымдастырылған театрлық жобалау – спектаклі әр түрлі аудитория алдында көп рет көрсетілуі мүмкін. Оқу бағдарламасынң моделі – белгілі бір типтегі мекемелердің әр түрлі бағыттағы бағдарламаларды жасау үшін қолданылады.
Гуманитарлық. Бұл көрсеткіш өте маңызды себебі алынған нәтижелердің адамның қажеттіліктеріне, мүдделеріне, мүмкіншіліктеріне сәйкестелуін қамтамасыз етеді. Кез келген педагогикалық өзгерістермен байланысты жобалу нәтижелерінің гуманитарлық сараптамасы жобалауды бағалаудың міндетті құрылымдық бөлігі болуы керек деген көзқарастар бар. «Гуманитарлық» көрсеткіші бойынша оқу бағдарламаларын бағалаған кезде жұмыстың ерекше қасиеті ретінде гуманитарлық құрылымның мазмұнымен сәйкестендіріледі. Бұл жағдайда құндылықтық аспектілер, мәдени контекстер көрініс табады.
Эстетикалық көрсеткіш. Жоба нәтижесін осы көрсеткіш бойынша талдау маызды. Бір жағынан (баяндаманы, конференцияны, сайтты, презентацияны, мәтінді, театр көрсетілімдерін) рәсімдеуді жатқызамыз. Екінші жағынан кеңістіктің немесе мекеменің дизайны. Үшіншіден, мәселні шешуді теориялық келісімділігін қарастырамыз.
Жобалау іс-әрекетінің . Оның нәтижесі басқа қоршаған орта көрсеткіштер негізінде бағаланады.
Жобалауға қатысумен қанағаттанарлық көрсеткіштеріне қатысушылардың субъективті шешімдеріне олардың қалаулары жатады. Олар өзін-өзі бағалау кезінде немесе жобалау әдіснамасы негізінде анықталуы мүмкін.
Жобалау процедураларын меңгеру деңгейі. Мұнда нәтижені алуға жеткізетін, жобалаудың барлық кезеңдерінен өтуді қамтамасыз ететін нормаланған процедуралар туралы айтылған. Бұған мәселені анықтау мен шешу қабілеті , жобалаудың ерекше тілін меңгеру, диагностика жүргізу мүмкіншілігі, мақсатты анықтау мен бағдарлама мен жоспар құру қабілеті жатады. Мұның барлығы нақты оңай меңгерілетін көрсеткіштер, оларды ұйымдастырумен немесе қатысушылардың өзі бағалауы мүмкін. Сонымен бірге, бағалаудың әр түрлі шкалалары қолданылуы мүмкін.
Жобалау нәтижесінің сапасына байланысты қоршаған орта қатысушылардың әлеуметтік маңызды нәтижеге қол жеткіздіре алу қабілеттіліктерін, шығармашылық потенциалдарын бастаған істі аяғына дейін жеткіздіре алу қабілеттіліктерін, жауапкершіліктерін бағалай алады.
Индивидуалдық деңгейдегі оң эффектілердің болуы. (тұлғалық қасиеттердің, сипаттамалардың жоғарылауы, қарым-қатынастың позитивті динамикасы). Педагогикалық жобалауда көрсетілгендей жоба тұлғалық өсудің тек құралы болып табылады. Квалификацияны жоғарылату жүйесіндегі жобаны бірлесіп жасау, педагогтардың кәсіби біліктілігінің өсуі мен жобалық мәдениеттің дамуына ықпал етеді.
Жобалау іс- әрекеті нәтижеге жетуге бағатталғанмен, тұлғаларда позитивті өзгерістердің болуы нәтижеліктің көрсеткіші.
Синергиялық эффект. (синергия – энергия мен күштің бірігуі). Бұл көрсеткіш ортақ іс-әрекет барысында жобалаушылар тобының бірлігін бағалауға көмектеседі. Ұйымдасытырушылықтан басқа тұлғалық және ресми емес қатынастардың қалыптасқандығын анықтауға мүмкіндік береді. Бірлігі жоғары топты, группаның қалыптасуы өзіндік жоба «нәтижесі» деп есептеуге болады.
Қатысушылардың өзіндік жобалық тәжірибесі дамыту қажеттілігінің болуы. Егер жоба сәтті болса, тұлғааралық байланыс деңгейінде және алынған нәтиже деңгейінде жалғастыру перспективалары пайда болады. Ереже бойынша гер нәтиже әлеуметтік маңызды болса, ол жалғастыруды қажет етеді.
Бір пән бойынша, жасалынған оқу жобасы көптеген жаға сауалдарды тудырады, олар бірнеше бағдарламаның қиылысында болады. Инновациялық бағдарламаның пайда болуы осы бағдардама бойынша оқытуға итермелейді, оның әдіснамалық жүйесін жсауды, кадрларды дайындауды қажет етеді. Ортақ әрекеттің шығармашылық тәжірибесі жобаның ең маңызды нәтиэжесі ретінде бағаланады. Егер мұндай эффекттер байқалса жоба педагогикалық мақсатына жеткендігінің көрінісі.
Әлеуметтік әріптестіктің дамуы. Желілік қағидасы бойынша жаңа әлеуметтік байланыстарды қалыптастыру жобалау әрекетінен тәуелсіз, көрсеткіштерді жобалу жүйесі үшін маңызды. Мұндай байланыстардың қалыптасуы, дамуы, кеңеюі жобаның тек әлеуметтік маңыздылығының көрсеткіші ғана емес, сонымен бірге серіктестік пен кооперация негізінде жоба қатысушыларының әр түрлі деңгейде коммуникативті байланыстар орнату қабілеттіліктерінің көрсеткіші, яғни белгілі бір тұлғалық сипаттамалардың көрінісі.
Жобалау әрекетінің табиғаты мек соңғы нәтижелерді бағалауда талап етіп қана қоймай, сонымен бірге аралық процедуралардың нәтижелерін бағалауды талап етеді. Ересектердің білім саласындағы әлеуметтәк серіктестікті дамыту жобасының көрсеткіштерін бағалу сипаттамалары:
· Ересектердің білім жүйесін модернизациялау үрдісіне қатысу амалдары мен бағыттарының жаңа перспектваларын дамыту.
· Ересектердің білім саласындағы мәселелерін шешуге бағыттлаған, локальдық, аудандық, ұлттық деңгейде ұйымдастырудың жаңа механизмдерінң қалыптасуы. (мыс., комитеттер, кеңестер, коммисиялар).
· әлеуметтік серіктестік саласындағы және горизанталдық байланыстардың пайда болуы.
· Серіктестер арасында тұрақты коммуникациялық каналдарды жасау.
· Жобалау тәжірибесін бағалау және талқылау үшін семинарлар өткізу.
· Жобаны болашақта қаржыландыру үшін жергілікті ресурстар мен потенциалдық қайнар көздерді анықтау.
· Жұмысты болжау үрдісіне серіктестіктерінің қатыстылық деңгейі.
· Қатысушылардың болып жатқан позитвті өзгерістердің авторлар ретінде өздерін сезіну деңгейі.
· Жоба қатысушыларынң әлеуметтік жауапкершілік сезімінің деңгейі.
· Халықаралық ұйымдар тарапынан жобалауға көрсетілген қолдаудың болуы.
· Гранттық қолдау аяқталған кейінгі әрекетін жалғастыруға қабілеттіліктің болуы және қаршыландырушыны табу.
Жобалуды жүзеге асырудың әрбір кезеңінде алға қойылған мақсаттарға сәйкес және мәселелерді шешу тәртібіне байланысты нақты белгілердің болу, болмауын бекіту қарастырылған.
Жобалау жағдайына аралық бақылау мен бағалауды бақылаушылар, аналитиктер, сараптамашылардың әрбір кезеңге байланысты есептемелері жүзеге асырылады.
Есептемелер ресми және еркін құрылымда болуы мүмкін. Кез келген жағдайда жобалау мәніне істелінген процедуралар (әрекеттер, акциялар) және белгілі бір кезеңнің нәтижелері енеді. Жобалау әрекеті аралық нәтижелерін талдау нұсқаларының бірі –семинарлар мен конференциялар. Нәтижелерді желілік режимде жобалау негізінде әрбір этаптың нәтижелерді жеке «бетте» көрінеді және жеке пака мен файлдарда сақталады.
Достарыңызбен бөлісу: |