Педагогикалық жобалаудың кезеңдері мен формалары
Педагогикалық жүйелерді, процесстерді, жағдаяттарды жобалау – күрделі көпсатылы іс-әрекет. Жобалаудың үш кезеңін қарастырады:
I кезең - модельдеу;
II кезең – жобалау;
III кезең - құрастыру.
Педагогикалық модельдеу (модельді құру) – мақсат қою, педагогикалық жүйелерді, процесстерді, жағдаяттарды, оған жетудің негізгі жолдарын құрастыру.
Педагогикалық жобалау (жобаны құру) құрылған модельді ары қарай жүзеге асыру және практикалық қолдану деігейіне жеткізу.
Педагогикалық құрастыру - құрылған жобаны ары қарай жетілдіру, нақты жағдайда тәрбиелік қатынастың шынайы қатысушыларымен қолдануға жақындығымен сиаптталады.
Педагогикалық жобалаудың формалары – педагогикалық жүйелерді, процестерді, жағдаяттардың әрекеті сипатталатын құжаттар болып табылады.
Тұжырымдама – педагогикалық жүйелер мен процесстерді құрудығ теориялық принциптері, жетекші ой, басты көзқарас баяндалатын жобалаудың негізгі формасы. Ереже бойынша тұжырымдама ғылыми зерттеулер нәтижесінде құрылады. Ол жалпыланған, абстрактылы болғанымен, практикалық мәнге де ие. Тұжырымдаманың бағыттылығы – теорияны қолданбалы, конструктивті формасында баяндау.
Жобалау барысында мұғалім өзін оқушының орнына қойып көру керек.
Пайдаланылған әдебиеттер
Қазақстан Респубилкасының 2015 жылға дейнгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы /Егемен Қазақстан, 2003 -26 желтоқсан
Қазақстан Республикасы этномәдени білім беру тұжырымдамасы /Егемен Қазақстан, 1996.-7 тамыз.
Введение в педагогическую профессию: учеб. пособие для студентов сред. пед.учеб. заведений. Батурина Г.И., Кузина Т.Ф.-М.,1998
Введение в педагогическую деятельность: учеб. пособие для студентов высш. пед. учеб.заведений / А.С.Роботова, Т.В.Леонтьева, Н.Г.Шапошникова и др.; Под ред. А.С.Роботовой. – М., 2002
Мижериков В.А., Юзефавичус Т.А. Введение в педагогическую деятельность: Учебное пособие для студентов педагогических учебных заведений.- М.:Педагогическое общество России, 2005.
Орлов А.А., Агафонова А.С. Введение в педагогическую деятельность: Практикум: Учеб.-метод. пособие для студ. высш. пед. учеб. заведений / под ред. А.А.Орлова.-М. Изд.Центр «Академия», 2004
Достарыңызбен бөлісу: |