Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі – нәтижелі білім берудің негізі


Шығармашылық ізденісте оқыту –күн талабы



бет18/48
Дата25.03.2024
өлшемі0.87 Mb.
#496460
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   48
2.Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі (Баяндама)

Шығармашылық ізденісте оқыту –күн талабы. Бүгінгі әлемдегі елдер мен халықтардың өзара тарихи байланысының дамуы экономика мәдениет пен ғылымның әлемдік деңгейге бет бұруы, ұлттық деңгейде қалуды көтермеуі ғылыми білімнің түрлі салаларында әлемдік іс-тәжірибені оқып үйренудің қажетті шарттары екенін дәлелдеуде.
Бүгінгі қоғамға жаттанды кітап сөзімен тақылдап тұрған оқушы емес, өмірден алған өзіндік тәжірибесімен білім мазмұнын толықтыра алатын оқушы қажет. Баланың өмірден алған өзіндік тәжірибесін білім мазмұнына ендіру оқулық авторының қолынан келетін дүние емес. Баланың өмірден алған өзіндік тәжірибесін білім мазмұнына ендіру, тек баламен бетпе-бет, бір емес бірнеше 45минуттарын бірге өткізетін мұғалімнің ісі. Бұл жерде әр түрлі оқыту әдіс тәсілдерін пайдалан отырып, ең бастысы бір 45 минуттағы оқушы қызметін жандандыру.
Оқушыға белгілі бір көлемдегі білім, дағыдалрды меңгертумен бірге табиғат қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейте отырып, оқыту, үрдісін демократияландыру және ізгілендіру сабақтағы оқушының шығармашылық ролін арттырып, еркіндігін қамтамасыз ету, сол арқылы оқушылардың интеллектуалдық қабілеттерін бейімділіктерін ашу. Шығармашылық тың негізгі сипаты жаңалық ашуға, жаңа тәсілдер табуға ұмтылу деп айтуға толық негіз бар. Шығармашылыққа жаңа тың нәрсе жасау тән десек ертеден белгілі нәрсені қайталау, көшіру шығармашылыққа жатпайды., бірақ бұрыннан белгілі нәрселерден қандай да бір ерекшелік табу, оны жаңаша түрде жасау ерекше қасиеттерін табу шығармашылыққа тән құбылыс деуге болады. Шығармашылық әрекетке оқушының танымдық белсенділігін оятып, шығармашылық қабілеттерінің дамуына, тәртіптілік пен жолдастыққа адамгершілік қасиеттеріне әсер етеді. Ұжымдық сабақтарда өзінің сыныптасының кемшілігін көруге, оған достық қолын созуға өзгелердің ісінен сабақ алуға, саналылыққа танымдық әлеуметтік ұстамдардың қалыптасыуына өз ортасының пікірінің әсері зор.Мұндай сабақатарда оқушылардың ұжымдық ой пікірлері қалыптьасып,сыныптағылардың пікірі бойынша ортақ тұжырым жасауға үйренеді.Ортақ іске өз үлесін қосады.Жолдасының жауабына пікір айтып бағалауға үйренеді..Оқушының шығармашылық қабілеті,практикалық әрекеттері арқылы дамиды. Шығармашылыққа үйрететін сабақтар – жаңа технологияларды қолдану болып табылады. Мұндай сабақтарда оқушыға ерекше ахуал мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастық қатынас қалыптастырады. Мұғалім бұл жағдайда білімді түсіндіріп қоюшы ғана емес, танымдық іс-әрекетін ұйымдастыратын ұжымдық шығармашылық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана оқушы интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады. Оқу процесінде шығармашылық түсінігі жеке бастың қасиеті емес оқушылардың оқу процесіндегі негізгі мәселе оқушылардың белсенді іс-әрекеті және ол шығармашылықтың дамуына негіз болады. Оқушылардың іс әрекеті неғұрлым үйлесімді, кемелденген тиімді оқыту әдістерімен ұйымдастырылса онда олардың белсенділігінде соғұрлым жоғары болып шығармашылықтың дамуы қарқынды түрде көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет