Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі – нәтижелі білім берудің негізі


Сабақтарда ойындарды пайдаланудың маңызы



бет21/48
Дата25.03.2024
өлшемі0.87 Mb.
#496460
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   48
2.Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі (Баяндама)

Сабақтарда ойындарды пайдаланудың маңызы
Бакирова Баян-№54 мектептің мұғалімі, Қызылорда облысы,Жаңақорғанауданы,Бесарық ауылы,
Әр халық ұрпағының қайырымды да, адал, әділ де, ержүрек, үлкенді құрметтейтін,кішіге қамқор,ар-ұяты мол,кішіпейіл болып өскенін қалайды.
«Тәрбие-бала дүниеге келген сағаттан басталады»-деген сөздің жаны бар. Бесік жырын,ана әлдиін естіп өскен бала мейірімді,тәрбиелі болары анық.
Адамгершілік тәрбиесінің қасиеттерін бала бойына дарыту сан түрлі жолдармен жүзеге асырылатыны белгілі,ол ата-анадан,ал мектепке келген соң мұғалімнен соған орай әдіс-тәсілдерді іздестіруді,арнайы дайындықты, үлкен жауапкершілікті талап етеді.Тәуелсіз еліміздің білім беру жүйесінде болып жатқан оң өзгерістер қоғамның жас ұрпақ тәрбиесі үшін жауапкершілігі терең сезіліп отырған бүгінгі таңда оқу-тәрбие үрдісінің тиімділігін арттыру бағытында барлық мүмкіндіктер мен ресурстарды пайдалануды көздейді.Тәрбиенің,сабақтағы жиі қолданылатын құралдарының бірі-ойын.
Бастауыш сынып оқушыларының мектепке келгенге дейінгі негізгі әрекеті – ойын десек, оқу-тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу әрекетін орындауға бейімделуі тиіс. Ол сабақ барысында пайдаланатын дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асырылады.
Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нықты міндеттерді шешеді.
Ойынның мақсаты бағдарламада анықталған білім, білік, дағдылар жайында түсінік беру оларды қалыптастыру, тиянақтау және пысықтау немесе тексеру сипатында болып келеді.
Ойынның міндеті баланың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру мақсатында реттеліп алынған нақты мазмұнмен анықталады.
Дидактикалық ойындар – балалар үшін өзіне тән жүру барысы, мақсаты, маңызы бар әрекет. Мұндай ойындарды ұйымдастыру қашанда төмендегідей екі мақсатты көздейді.
1) Танымдық, яғни балада тану, іздену әрекетін дамыту.
2) Тәрбиелік, яғни үлкендермен немесе өз тұрғыластарымен қарым- қатынас жасағанда қажетті негізгі дағдыларды, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.
Дидактикалық ойындарды құру мына негіздерге сүйенеді:
1) Балалардың іс-әрекетінде ойын түрлерімен оқуды байланыстыру және біртіндеп қызықты, жеңіл ойындардан ойын тапсырмалар арқылы оқу-тәрбие мәселесіне көжу.
2) Ойынның шарты мен оқу міндеттерінің біртіндеп күрделенуі.
3) Берілген тапсырмаларды шешуге баланың ақыл – ой белсенділігінің күшеюі.
4) Оқу мен тәрбие мақсаттарының бірлігі.
Дидактикалық ойындар үш топқа бөлінеді:
1) Заттық дидактикалық ойындар дидактикалық ойыншықтармен және түрлі ойын материалдарымен ұйымдастырылады.
2) Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындар.
3) Сөздік дидактикалық ойындар.
Мысалы: «Кім жылдам?», «Көршіңді тап», «жеміс жинау», «Алтын қақпа», «Бәйге», «Жүз бір жұмбақ, мың бір мақал», «Жұмбақ шешу», «Сен білесің бе?», «Ойлан тап!», «Қайда менің өз орным», «Аққала» деген сияқты ойындарды атауға болады. Енді,осы ойындардың маңызы мынада:
1) Ойындар оқушылардың қоршаған дүние туралы түсінігін кеңейтеді, оны бекітіп, нақтылай түседі.
2) Әрбір ойын оқушыны ойнай білуге баулып, сөздік қорын молайтады, ақыл-ой қызметін қалыптастырады.
3) Ойындар адамгершілікке тәрбиелеу құралы болып табылады. Ойын ережелері балалардан ұстамдылықты, тәртіптілікті қажет етеді.
Сабақта тиімді қолданылған ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың аса зор ілтипатпен тыңдап, жемісті меңгеруіне ықпал етеді. Өйткені, бастауыш сынып оқушылары жас ерекшеліктеріне байланысты ойынға өте ынталы келеді. Балалар тез сергіп, тапсырманы жылдам, дұрыс орындайтын болады.
Ойындар, дидактикалық ойындар оқушыларды өз бетінше жұмыс істей білуіне дағдыландырады, ойлау қабілеттерін, ізденімпаздығын арттырады, сөздік қорын молайтуға көмектеседі.
Сабақтағы ойын бастауыш сынып оқушыларының сол пәнге деген қызығушылығын арттырады, белсенділік танытып, бағдарламалық материалды қажетті деңгейде меңгеруіне ықпал етеді.
Ойындар ,дидактикалық ойындардың тиімділігі,олардың сабақты, сабақтың әр кезеңіндегі орны мен міндетін,мақсатын дәл анықтауға,оны қолданудың теориясы мен практикасын бастауыш сынып мұғалімінің жетік меңгеруіне,шеберлік танытуына,ойынға қажетті материалдарды алдын ала дайындап алуға,ойын үрдісіне оқушыларды белсенді қатыстыруға байланысты.
Төмендегі шарттар орындалған жағдайда дидактикалық ойындарды пайдалану тиімділігі артады.
- Егер бастауыш сынып мұғалімі балалардың ойын әрекетін ұйымдастыру жолдарын меңгерсе;
- Егер ойынның түрлі типтерінің өзара әрекеті қамтамасыз етілсе;
- Егер бастауыш сыныптарда қолданылатын ойындар жүйесінде басымдылық ойындарға,дидактикалық ойындарға берілсе;
Ойындардағы тапсырмалар сыныптары өскен сайын күрделене береді.
Бала отбасы тәрбиесі мен өзін қоршаған ортамен тығыз араласа отырып, ана тілін үйренеді. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған балаларға ана тілін ақытудың тиімді әдістеріне ерекше мән берілуі тиіс. Ана тілі сабақтарында ойынды ұтымды пайдалану сондай әдістерге жатады.Ойын арқылы оқу процесін жандандырып,сабақтың сапасын арттыруға толық мүмкіншілік бар.Баланың сөздік қорын молайтып, сөзді еркін,өз мағынасында қолдануға,тез, жылдам сөйлеуге жаттықтыруға ойын бірден бір таптырмайтын құрал.
Жұмбақ ойыны балалардың өздігінен ойлауына мүмкіндік жасайды, оларды дерексіз ойлаудан нақтылы ойлауға жетелей түседі.
Жаңылтпаштардың тіл дамытуда,сөзді таза сөйлеп ,ширақ айтудағы пайдасы көп.
Сабақтарда ойын түрлерін күрделендіріп, «Ойлан,тап!»ойынын ойнатуға болады. Бұл ойынды сабақтың мақсатына қарай түрлендіріп, тапсырманы орындатуға болады.
Сан есім тақырыбына байланысты: «Сен білесің бе?»ойынын ойнатуға болады.Мұнда мұғалім бір әңгімені оқитынын,олардың ондағы сан есімдерді атап берулерін ескертеді.Балаларды топтарға бөліп,мұғалім оқып тұрғанда көңіл қойып тыңдаулары шарт.Қай топ әңгімедегі сан есімдерді көбірек тақтаға жазса,сол топ озады.Сыныптары жоғарылаған сайын сан есімді күрделендіруге болады.Есептік сан есімдерді бір топқа, реттік сан есімдерді екінші топқа бөлуге болады.Дара,күрделі деп бөлуге болады.Бұл ойыннан оқушылардың алары көп.Дара,күрделі сан есімді жазып үйренуге дағдыланады,сауатты жазуға жаттығады.
«Қайда менің өз орным?» ойынында оқушыларға бірнеше сөздер беріп, олардың сөйлемдегі байланысына қарай әрқайсысын өз орнына қою тапсырылады.Екі топқа бөліп беруге де болады. Бірінші топ сөйлемді құраса, екінші топ сызбасын сызып,талдап береді.Бұл ойында да балалардың сөйлем туралы түсініктерін,білімдерін пысықтай түседі.
Математика сабақтарында да ойын түрлерін түрлендіріп алуға болады. Оқушының алған білімін күнделікті өмірмен ұштастыруға қолайлы. Ойын сабақтың басында қолданылатын болса,жаңа сабаққа,үй тапсырмасына оқушыларды түгел қатыстыру мақсатын көздейді.Егер ойын сабақтың ортасында қолданылатын болса,тақырыпты бекіту,не сол сабақтан алған білімді жинақтау мақсатында пайдаланылады. Ойындарды сабақтарды қайталау кезінде де қолдануға болады. Ол жағдайда сабақтың мазмұнын байыта түседі.балалардың қиялдарын қозғап,зейіндерін кеңейте түседі.
Математика сабағында «санамақ», «он саусақ»өлеңдерін жаттату арқылы,мазмұнын түсіндіріп,оқушылардың тілін ұштартып,логикалық ой жүйелерін қалыптастыруға болады.Ұлттық ойындарды үнемі пайдалану ,дидактикалық ойындарды пайдалану арқылы оқушыларды ауызша есептеуге жаттықтыруға,логикалық ойлау жүйелерінің жетіле түсуіне толық мүмкіншілік бар. «Қай қолымда?», «Торғай мен бұтақ», «Мың қойда неше бақайшық бар?» ойындарын күнделікті сабақта пайдалану және логикалық ойындар да баланың да тереңірек ойлауына әкеледі.
Мысалы: 1) Бір жұмыртқа 5 минут піссе,5 жұмыртқа неше минутта піседі?
2)Тақтайдың төрт бұрышы бар еді,бір бұрышын қиып тастаса,
неше бұрышы қалады? деген сияқты.
Сонымен қатар математика сабағында ойынды пайдалану
мүмкіншілігі көп. Оларды қолдану ретіне қарай түрлендіріп өтуге
болады. Мысалы: «Математикалық жарыс», «математикалық нарықтар»,
«Математикалық пойыз», «Математикалық лото» сияқты ойындар.Бір
сабақтың өзін ойын сабақ етіп өтуге де болады.Күнделікті сабақта мұғалім тақырыбына ,пәніне сәйкес ойын түрлерін түрлендіріп,өзінің фантазиясымен, қиялымен құрастырып ала беруіне болады.Ойын көбірек қолданылса,тақырыпта соғұрлым түсінікті болып,бала тез қабылдайды.Сондықтан да ойынның алатын орны ерекше.Сонымен бірге еңбек,дүниетану сабақтарында да үзбей пайдалануға болады.Түрлендіріп отырса баланың қызығушылығы артады.
Қорыта айтқанда,ойынның үйренуде,күнделікті тұрмыста пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып,оның шығармашылық қабілетін оятып,бүкіл өміріне ұштаса береді.Сонымен қатар ойын- тынысы кең,алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін,адамға қиялымен қанат бітіретін осындай ғажайып нәрсе,ақыл-ой жетекшісі,денсаулық кепілі,өмір тынысы демекпін. Ойындарды пайдалану арқылы жастарды жаңа заман талаптарына сай,әрі озық ұлттық рухта тәрбиелеп,өмірге әзірлей берейік демекпін.
Пайдаланған әдебиеттер:
Бастауыш білім№2.2011жыл.
Бастауыш мектеп №2. 2009 жыл.
Бастауыш сыныпта оқыту №6 2010жыл.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет