Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі – нәтижелі білім берудің негізі


Ата-ана мен сынып жетекші ынтымақтастығы



бет27/48
Дата25.03.2024
өлшемі0.87 Mb.
#496460
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   48
2.Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі (Баяндама)

Ата-ана мен сынып жетекші ынтымақтастығы
Бөлекова Сәпия-№196 мектептің бастауыш сынып мұғалімі6 Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Машбек ауылы
Ата-ана бала тәрбиесіндегі басты тұлға.Сондықтан әке де шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез құлқындағы ерекшелктерді жеке білгені жөн. Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды. Өз баласымен ашық сөйлей алмай, сырласа білмейтін ата-аналар «екеумізде жұмыстамыз, кешкісін үй шаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге уақыт жоқ » дегенді айтады. Бұл дұрыс емес. Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ. Әке мен шеше ұл-қыздарымен үй шаруасында жүріп –ақ әңгімелесіп, ой бөлісуге неге болмасқа. Жанұядағы жан-жал, үлкендердің аузына келген сөздерді айтуы, баланың көзінше басқа біруді сөгуі, біреудің сыртынан өсек айтуы балаға теріс әсер етеді. Бала алдында әке –шеше,үй ішінің , үлкендердің әдептілік танытқаны жөн. Мысалы, арақ пен темекінің толып жатқан зиянын біле тұра , балалардың көзінше арақ ішіп, үсті-үстіне темекі тартқандар бар. «Көрінген таудың алыстығы жоқ» дейді, ертең –ақ ұл өсіп ер жетеді, қыз өсіп бой жетеді. Сонда арақ пен темекінің зиянын қалай ұқтырамыз.
Негізінен жанұяның шырқы бұзылған, ата –анасы маскүнемдікке салынған немесе жарамды жағынан азғындаған ортада бала, жасөспірім қашанғы жиренішті көріністі, ондағы айқай- шу мен дау – жанжалға, ұрыс – керіске шыдап жүрмек. Басқа өмір аңсайды немесе теріс тәрбиеге бой алдырып үлгереді, егер осы теріс жолға мүлде бет бұрып кетсе, онда бәйтеректің бір бұтағы қисық өсті дей беріңіз. Бақытсыз қыз , бұзақы ұл осыдан шығады. Сонда негізгі кінәні кімнен іздейміз?!
«Баланың жақсысы әке мен шешенің ары , ата – ананың абыройы, жаманы – қайғысы, бақытсыздығы, азабы»,- дейді халқымыз . Бала үшін алғашқы тәрбиеші, педагог ата- анасы. Бала мектепте 6-7 сағат болса, 18 сағат үйде болады , сол себепті ата –ана баласының оқуын, жүріс – тұрысын, жолдастарын, сонымен қатар киетін киімін де қадағалап , аптаның соңғы күндері сынып жетекшісімен, пән мұғалімдерімен, мектеп басшыларымен байланыс жасап, сабақ үлгерімі, тәртібі жайлы мәлімет алып отыруы қажет.
Ата – аналардың өз балаларының жан дүниесін жақсы түсінуі, оларға отбасында дұрыс та тиімді тәрбиелік орта тудыру үшін, бала тәрбиесіне қатысты білімі және біліктерін ұдайы көтеріп отыруы қажеттілігін өздері түсінуі тиіс. Сол үшін де мектептің, сынып жетекшісі ата –аналар педагогикалық жұмыс жүргізуі, оның бағытын дұрыс ұйымдастырып отыруы міндеттеледі.
Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстағы сынып жетекшісінің негізгі міндеттері.

  1. Ата-аналармен тұрақты байланыс орнату. Ондағы мақсат: отбасының, оның мүшелерінің өзара қарым –қатынасы мәдениет деңгейі, отбасының жеке басы ықпалы ата-ананың педагогика білім дәрежесінің жай - күйін анықтап, кеңес беріп, оларды бала тәрбиесіне ортақтастыруды көздейді.

  2. Отбасы мен мектептің балаға қоятын талаптарының бірлігін қамтамасыз ету. Ондағы мақсат: өмір сүріп отырған қоғамға сай белгілі бір мінез құлық нормалары балаға үйрету, жаттықтырудың жүйелігін, тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Сол сыныптағы дәріс беретін мұғалімдерді ата-аналармен ортақ іске ұйымдастыру.

  3. Ата-аналар ұжымын құру. Бұл күрделі әрі жауапкершілігі мол маңызды міндет. Бұл бағытта ата-аналар комитетін құру , оның жұмыс жоспарын жасау, оларды мектептегі қоғамдық жұмыстарға қатыстыру, атқарылатын істерге талдау жасап отыру т.б. жұмыстарды міндеттейді.

  4. Ата-аналардың педагогикалық білім дәрежесі мен мәдениетін үнемі арттырып отыру. Ол үшін ата-аналардың жаппай педагогикалық білім алуларын ұйымдастыру. Бұл бағытта баспасөз беттерінде, радио, көгілдір экран арқылы, педагогикалық білімдер жетілдіру университеттерінде, лекторияларды, семинарларға ғылыми практикалық конференцияларда, ата-аналар жиналыстарында педагогикалық білімдерін насихаттау.

Әбу Насыр әл-Фараби атамыз: «Тәрбиесіз берілген білім, адамзаттың қас жауы» дегендей, отбасындағы ата-ана бала тәрбиелеуде жауапты тұлға.
Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Әбенбаев С.Ш. Тәрбие теориясы мен әдістемесі. – Алматы 1987

  2. Болдырев Н.И. Сынып жетекшісі . – Алматы 1980

  3. Жұмабаев Ә. Ата-аналар жауапкершілігі Алматы 1977

  4. Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар 2007 №9

  5. Мектептегі психология 2010 №5



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет