Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі – нәтижелі білім берудің негізі



бет35/48
Дата25.03.2024
өлшемі0.87 Mb.
#496460
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   48
2.Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі (Баяндама)

Пайдаланылған әдебиеттер
1.Қазақ халқының салт-дәстүрлері,Алматы «Рауан» 1994ж
2.Н.Төреқұлов. Қанатты сөздер, Алматы «Жазушы» 1977ж
3.Ислам өркениеті газеті 2004ж №9
4.Х.Алтай «Таңдамалы хадистер», Алматы 2004ж
Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері арқылы оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыру
Жеңсікбаева Гүлнар Нүрділдақызы, Технология пәнінің мұғалімі,Ш Уалиханов атындағы № 127 орта мектеп –лицейі Қызылорда облысы ,Шиелі ауданы
Қазіргі таңдағы мектепті дамытудың негізгі бағыты болып тұлғалық - бағдарлық білім беруге көшу саналады. Оның ерекше сипаты балаға деген аялы көзқарастан, оның өзіндік қасиетін қолдаудан, оның білімдегі, руханилықтағы, мәдениеттегі, өмірдегі қажеттілігі мен сұранысын қанағаттандырудан, тұлғаның мәдени-ағарту кеңістігінде өзін-өзі көрсете білу тәсілдерінен байқалады. Тұлғалық - бағдарлық білім берудің мақсаты – тұлғаны жан-жақты мәдени дамыту болып табылады.
«Технология» білім беру саласы білімді де іскер адамды тәрбиелеуді талап етеді. Адамның қайсыбірі болмасын өзінің практикалық іс-әрекетінде әрдайым түрлі проблемалық тапсырмаларды шешеді. Қазіргі кезде оқушыларға меңгертілетін қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнер түрлерін жүйеге келтіруде және оны оқытушылар тарапынан басқаруға байланысты бірқатар талпыныстар жасалуда. Бұл мектептің «Технология» пәні бағдарламалары бөлімдеріне қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнер бағыттарын ендіруге байланысты туындап отыр.
Оқушылардың, соның ішінде 5-9 сынып оқушыларының технологиялық мәдениетін қалыптастыру мәселесі арнайы зерттеулерде көрініс алмаған, әйтседе кейбір еңбектерде оқушыларды еңбекке, экономикаға, эстетикаға, адамгершілікке тәрбиелеу проблемасын қарастыруда ішінара талдаулар берілгені байқалады (Н.Н.Бондарева, Е.Н.Губанова, Л.Г. Савенкова және т.б.). Жоғары сынып оқушыларының тұлғалық технологиялық мәдениетін қалыптастырудың бірқатар бағыттары, атап айтсақ: аймақтық білім беру – тұлғаның технологиялық мәдениетін қалыптастырудың шарттары (И.А.Бажина), физика сабағында тұлғаның технологиялық мәдениетін қалыптастыру (Р.М.Чудинский) және т.б. зерттелген.
Халықтың сәндік-қолданбалы өнерінің тағылымдық мәні туралы кезінде қазақ ағартушылары: Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин да айтып өткен. Мазмұндық сипаты мен өзіндік ерекшеліктеріне тарихшы-этнографтар (М.Қадырбаев, А.Оразбаев, Қ.Ақышев және т.б.), философтар (Ж.Әлібеков, Б.Байжігітов, Қ.Нұрланова және т.б.), өнертанушылар (Қ.Ибраева, С.Арғынбаев, Д.Шоқпарұлы және т.б.), филологтар да (Р.Шойбеков, М.Өмірбекова және т.б.) аса мән берген.
Демек, қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері арқылы оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыру қажеттігі мен оның ғылыми-теориялық негіздерінің және әдістемелік жабдықтарының жеткіліксіз деңгейде қарастырылуы арасында қарама-қайшылық анық байқалады. Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері арқылы оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастырудың тиімді педагогикалық шарттарын іздестіру біздің зерттеу проблемамызды айқындауға және тақырыпты: «Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері арқылы оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыру» деп таңдауымызға негіз болды.
Бүгінгі таңдағы жаңа технологиялық кезең әлеуметтік, экологиялық, экономикалық, психологиялық, эстетикалық және т.б. факторлар мен салдарларды ескере отырып іс-әрекеттердің нәтижеге жетудегі тәсілдерін ойлап табуды көздейді. Сондықтан әрбір адам өзінің іс-әрекетіне тәсілдерді ғылыми білімнің негізінде кешенді түрде таңдауы қажет. Ал, бұл болса технологиялық мәдениеттің болуын талап етеді.
Қазіргі таңдағы технология түсінігі адамның түрлі іс-әрекет саласын, осы іс-әрекет пен соған қажетті техникаға қызмет атқаратын білім жиынтығын көрсететін ерекше бір ұғым. Оны адамның теориялық білімді жүйелі түрде қолданудағы ұтымды іс-әрекетінің тәсілі ретінде сипаттауға болады.
Технология қайсы бір болмасын табиғаттың, әлеуметтік объектілер мен іс-әрекеттер туралы білімді түрлендірудің тиімді әдістері бойынша ғылыми-практикалық білімнің негізгі формасы ретінде алға шыға отырып белгілі мақсатқа жетуді қамтамасыз етеді. Оның әдеттегі ғылыми білімнен ерекшелігі, ол білім ретінде «не» деген, ал технологиялық білім ретінде «қалай» - деген сұраққа жауап береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет