Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі – нәтижелі білім берудің негізі


Мемлекеттік рәміздер жайлы түсінік беру жолдары



бет26/48
Дата25.03.2024
өлшемі0.87 Mb.
#496460
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   48
2.Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі (Баяндама)

Мемлекеттік рәміздер жайлы түсінік беру жолдары
Бименова Гүлзат-№163 мектептің мұғалімі6 Қызылорда облысы, Жаңақорған қонысы
Рәміз дегеніміз – белгілі бір нәрсені өз қалпынан өзге, жанама сипаттап көрсетуден туатын сыр-таңба.
Қазақтардың жалауы, туы ежелде «Байрақ» деп аталған. Туымыздың түсінің аспан текті зеңгір көк түсті болуы кездейсоқ емес. әйгілі Ансельм кестесі бойынша ол – адалдықтың, кіршіксіз тазалық пен пәктіктің нышаны. Көк түс ынтымақ пен бірлік идеясын аңғартады, бейбітшілік, тұрақтылық пен береке-байлық белгісі болып саналатын ашық аспанға меңзейді. Аспанкөк түс – қазақтың ұлттық бояуының реңі. Байрақ бетіне әр түрлі нышандардың суретін салу бұрыннан бар үрдіс. Туымыздағы нұр шұғылалы алтын күн бейнесі, қыран көңіл халқымыздың асыл арманын арқалаған дала бүркіті мен рухани болмысымыздың жарқын бір көрінісі болып табылатын ұлттық өрнек – сондай айтары мол айшықтар. Күн образы – байлық пен берекенің белгісі. Оның графикалық бейнеленуі өміршеңдік нышаны деп саналады. Тудың авторы – Шәкен Оңласынұлы Ниязбек
Қолданылу сипаты – ту ҚР Президенті резиденциясының, Парламент пен Үкіметтің, министрліктер мен басқа да орталық атқару органдарының, мемлекеттік органдардың, Жоғарғы соттың, дүниге келген нәрестелерді және некені салтанатты түрде тіркейтін орындарда, Қарулы Күштер және Республикалық Ұланның әскери құрамалары мен бөлімшелерінде – ант қабылдау кезінде, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ғимараттарында – ұлттық мереке және басқа мереке күндері ту көтерілуі керек. Оны қалауына қарай жеке адамдар да өз жекеменшік үйлерінде іліп қоя алады.
Елтаңбаның үздік жобасына негізінен 245 жұмыс ұсынылған. Соның ішінде елбасының назары Жандарбек Мәлібекұлы Мәлібеков пен Шот-Аман Ыдырысұлы Уәлихан мырзалардың жасаған жобасына ауды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасының пішіні – дөңгелек, оның барлық белгілері бір шеңбер ішінде орналасқан. Елтаңбаның басты белгі-нышаны – рәміздің негізгі көркемдік-идеялық жүгін арқалап тұрған шаңырақ образы. Шеберлікпен шендестірілген түндік аспан күмбезіндегі асыл шырақ Күн бейнесін көз алдымызға әкелсе, уықтар – одан тарап жатқан алтын сәулелердей әсер қалдырады. Қазақстан тәуелсіз мемлекет болды, бір шаңырақтың астына біріктік. Сондықтан ол бірліктің, елдіктің белгісі. Керегеміз кең, шаңырағымыз биік, күніміз жарқын болсын деген белгі. Елтаңба композициясын құрап тұрған келесі деталь – ай мүйізді, алтын қанатты қос пырақ бейнесі. Ол батылдық, көрегендік пен ерік-жігердің, еркіндік пен асқақ арман нышаны.Мемлекеттік елтаңбада бес бұрышты жұлдыз бар.Ол тәуелсіз мемлекетіміздің құшағы бес құрлыққа бірдей айқара ашық, әлемдік өркениет көшіне өз болмыс-бітімімізді сақтай отырып ілеспек ниетіміз бар деген ойға жетелейді. Бесбұрышты жұлдыз – таңмен бірге туатын Шолпан жұлдызының белгісі. Мемлекеттік елтаңбада пайдаланылған негізгі бояу – алтын түсті рең. Рәмізтану дәстүрі бойынша алтын – байлықтың, әділдік пен кеңдіктің белгісі. Елтаңбада көгілдір түс те бар. Ол алтын түсті реңмен әдемі жарасым тапқан.
Қолданылу сипаты - Президенттің және оның әкімшілігінің, Парламент пен Үкіметтің және оның Аппаратының, министрліктер мен басқа да орталық атқару органдарының, мемлекеттік органдардың, Жоғарғы Қарулы Күштердің және Республикалық Ұланның, мәслихаттардың, жергілікті атқарушы органдардың, заң бойынша мөрлерінде және құжаттарының бланкілерінде елтаңбаның бейнесін орналастыру құқығы берілген мемлекеттік куәландыру кеңселерінің мөрлерінде және құжаттарының бланкілерінде, Президенттің, Парламент пен Үкіметтің, Конституциялық Кеңес пен Жоғарғы Соттың ресми басылымдарында, банкноттар мен тиын ақшаларда, мемлекеттік құнды қағаздарда орналастырылады. Төлқұжаттар мен жеке куәліктерде, шекара бағаналарында болуы тиіс. Мемлекеттік елтаңба бейнесін мемлекеттік емес органдардың және олардың лауазымды адамдардың бланкілерінде, мөрлерінде және басқа реквизиттерінде пайдалануға заңмен тиым салынған. Мемлекеттік елтаңба жасау тек заң бойынша белгіленген тәртіпке сәйкес рұқсат алған жағдайда ғана жасалады.
Мемлекеттік әнұран – елдің музыкалық-поэтикалық эмблемасы, әдеби-сазды төлқұжаты. Ол халық жүрегінің лүпілін тұмар қылып түйген музыкалық сәлемхат іспеттес. Оның сазы мен сөзі сипаты мен мақсаты жөнінен біртұтас шығарманың құрамдас қос қанаты тәрізді. әнұран сөзі туралы Ә.Тәжібаев: «Әнұран – сөзбен тоқылған ел туы» деген анықтама береді. Әнұранның сөзін жазған – Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев, әнін жазған Шәмші Қалдаяқов.
1986 жылы «Менің Қазақстаным» бостандық аңсаған қазақ жастарының бейресми әнұраны болған еді.
2006 жылғы 7 қаңтардағы Конституциялық заңға сәйкес ҚР-ның Мемлекеттік Әнұранының музыкалық редакциясы мен мәтіні жаңа редакцияда жазылды. Мемлекеттік Әнұранның авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар Жұмекен Нәжмеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.
Алғашқы рет Қазақстан Республикасының Әнұраны ретінде
«Менің Қазақстаным» әні 10 қаңтарда 2006 жылы, Елбасын ұлықтау рәсімінде орындалды.
Бұл Әнұранның сөзі республикамыздың барлық халықтарының жүрегіне жақын, жұрттың бәрінің көңілінен шыққан, терең отаншылдық сезімдегі ән.
Орындалу сипаты – Парламент сессияларында, ҚР ұлттық мерекесі мен басқа да мерекелік күндерге арналған салтанатты жиналыстар мен отырыстарды ашу және жабу кезінде, аса маңызыд тарихи оқиғаларды еске алу кезінде, ескерткіштерді ашу кезінде, мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер мен өзге де ұйымдар өткізетін дәстүрлі рәсімдер, салтанатты іс-шаралар кезінде Мемлекеттік ту көтерілген кезде орындалады. Елдің әнұраны жаңа оқу жылының бастс алу және аяқталуына арналған рәсімдер кезінде, мектептерде өтетін басқа да іс-шаралар кезінде пайдаланылады. Шет мемлекеттерде іс-шаралар өткен кезде Мемлекеттік әнұран Сыртқы істер министрлігі бекіткен ережеге сәйкес пайдаланылады. әнұран орындаудың екі түрі бар. Біріншісі – ішінара орындау. Екіншісі – толық орындау.
1.ҚР-сының Конституциясы
2. ҚР-сының білім беру ұйымдарында 2006-2011 жылдарға арналған кешенді тәрбие бағдарламасы
3. Е.Шаймерденов. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері. А., «Жеті жарғы» 2001 ж.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет