Мұханбетжанова Ә. Молдағалиев Б. Ерниязов О



бет4/31
Дата07.09.2022
өлшемі0.54 Mb.
#460396
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Дидактика

Екінші тақырып


Педагогикалық технологиялар және педагогикалық жобалау


Жоспары:
1. Педагогикалық технология туралы түсінік.
2. Педагогикалық технологияның мақсаты және оларды жүйелеу.
3. Дамыта оқыту технологиясы.

1. Технология дегеніміз өнім алу үшін оған керекті материалдарды өңдеу әдістері және өнім шығаруға керекті жүйелі процесс.


Кез-келген технологияның (өндірістік, әлеуметтік) негізгі бөлігі-түнкі нәтижені мұқият анықтау және оған қалай да жету.
Мектептің дамуы, оның жұмысының жекелеген жақтарындағы жетістіктер тек инновациялық процесс ретінде жүзеге асырылады, яғни ескірген және тиімді емес құралдарды сол жағдайда жаңа және тиімдіректерімен ауыстырып, жаңа идеяларды, технологияларды қолдану.
Осыған орай, «технология», «білім беру технологиясы» ұғымдарын қарастыру қажет.
Шет тілі сөздігінде технологияға мынадай анықтама берілді. Грек тілінен аударғанда Techne – шеберлік, іскерлік және – логия – объектінің жиынтығы. Бұл термин түсіндірме сөздікте қандай да бір істе, шеберлікте қолданылатын тәсілдердің жиынтығы деп анықталынады.
Т.И.Шамованың пікірінше, білім беру технологиясы – қатыстырушыларға комфорттық жағдайды қамтамасыз етіп, нақты нәтижеге жету мақсатындағы білім беру процесін жобалаудағы, ұйымдастырудағы, бағалаудағы және корреляциялаудағы мұғалімдер мен оқушылардың бірлескен іс-әрекетінің процестік жүйесі.
Білім беру технологиясына кіретіндер:

    • Мақсаттық бағытталғандық;

    • Сүйенетін ғылыми идеялары;

    • Мұғалімдер мен оқушылардың істерінің жүйесі;

    • Нәтижені бағалаудың өлшемдері;

    • Нәтижесі;

    • Қолданудағы шектеуліктер.

Білім беру технологиясы мен оқыту әдістемесінің арақатынасы қандай деген сұраққа Г.К.Селевко технологияда процессуалдық, сандық және есептегіш компонент берілсе, әдістемеде мақсаттық, мазмұндық, сапалық және вариативтілік – бағдарлаушылық көбірек берілген деп жауап береді. Технология өзінің қайталанғыштығымен, нәтижесінің көптеген «егер» (егер талантты мұғалім, егер қабілетті оқушылар т.б.) дегендердің болмауымен айрықшыланады. Кейбір жағдайларда екеуі араласып, бірде әдістеме технология құрамына кірсе, енді берде технологиялар оның әдістемесінің құрамына кіреді.
Технология – бұл белгілі бір шығармашылықта қолданылатын тәсілдер жиынтығы. Педагогикалық технология оқытудағы құру, қолдану, анықтау сияқты процестердің жүйелі моделі. Педагогикалық технология түсінігі 3 аспектімен белгіленеді:

  1. Ғылыми педагогикалық технология – педагогика ғылымдарының бір бөлігі. Көзделген мақсатқа жету жолындағы мазмұны оқыту әдәсі мен проекторлық педагогикалық процесі.

  2. Бейнелеу процесі – мазмұны мен көзделген мақсатқа жету және оның нәтижесін оқыту.

  3. Әрекет процесі – технологиялық процестердің әрекеті инструментальдық және метадологиялық педагогикалық орта әрекеті.

Педагогикалық технологияның ғылыми сатылық 3 деңгейі бар:
1. Бүкіл педагогикалық деңгей. Бұған ортақ педагогикалық технология жатады. Педагогикалық технология бір мағыналық педагогикалық жүйеде оған мақсат жиынтығы, амал мен тәсілді оқыту, объект және субъект процестері жатады.
2. Модульдық деңгей. Оқу тәрбие процесі дидактикалық және тәрбиелік тапсырманың жеке шешімі.ол функциональдық элементпен олардың арсындағы логикалық қарым-қатынасты зерттейді.
3. Жүйелік педагогикалық технология – барлық жағынан төмендегі системаларды игеру керек. Басқармалық, диаграмалық жоспарлау, оқу процесін жасау, коррекциялық жұмыстар

2. Г.Селевконың, Т.Шамованың т.б. еңбектеріне сүйене отырып негізгі оқыту технологияларын көрсетуге болады:



      • дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы /П.М.Эрдниев/;

      • тиімді сабақтар жүйесі негізіндегі технология /А.Окунев, Н.Палтышев/;

      • дамыта оқыту технологиясы /Л.С.Выготский, В.Занков, В.Давыдов/;

      • оқытудың модульдік технологиясы /В.Монахов/;

      • проблемалық оқыту технологиясы /М.Махмутов/;

      • тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы /В.Шаталов/;

      • түсіндіре басқарып – оза оқыту технологиясы /С.Лысенкова/;

      • деңгейлік саралап оқыту технологиясы /Н.Гузик/;

      • ойындық оқыту технологиясы;

      • жекелеп оқытудың технологиялары /И.Унт, В.Шадриков/;

      • түсіндірмелі – иллюстративтік оқыту технологиясы;

      • дәрістік-семинарлық-сынақтық оқыту технологиясы;

      • М.Монтессори технологиясы;

      • еркін еңбек технологиясы /С.Френе/;

      • Вальдорф педагогикасы;

      • оқытудың компьютерлік технологиясы.

Оқыту технологиясын таңдап, іріктеу – оқушының оқу-танымдық іс-әрекетін басқарудың негізгі бір буыны. Қазіргі кезде әдебиеттерден осы заманғы білім берудің даму бағыты мен тенденцияларын қамтитын 50-ден астам білім беру технологиялары қолданылып жүргендігі мәлім.
Соңғы кезде оқытудың әртүрлі педагогикалық технология жасалып, мектеп практикасына енгізілуде. Атап айтқанда, профессор Ж.А. Қараевтің жұмыстарын еліміздің көптеген мектептерінде қолданылып жүрген оқытуды дербестендіру мен деңгейлік диференциялдау, білім беруді демократияландыру мен ізгілендіру.
3. ХVII ғасырдағы Я.А.Коменскийдің дидактикалық жүйесiнiң негiзгi қағидаларының бiрiнде де баланың ақыл-ой күшiн, қабiлеттерiн дамыту олардың бiлiмге деген құштарлығын оятып, лаулата түседi делiнген.
И.Т.Песталоцци баланың ақыл-ойын, барлық қабiлет-қасиеттерiн дамыту идеясымен арқауланған бастауышта оқыту әдiстемесiн жасауға әрекет етедi.
Дамыта оқыту ұлы немiс педагогы А. Дистервегтің әйгiлi “Немiс мұғалiмдерiнiң бiлiм беру iсiне басшылылық” (Руководство к образованию немецких учителей) атты еңбегiнің де негiзi болып табылады. Дамыта оқыту деп ол баланың бiлiм алуға әрекет етуін ұйымдастыратын оқытуды атаған. “Жаман мұғалiм ақиқатты өзi айтып бередi, ал жақсы мұғалiм оқушының өзiн iзденуге жетелейдi” - деген.
Орыстың ұлы ағартушысы К.Д.Ушинский де өз дидактикалық еңбектерiнде бастауыш мектеп жасындағы балаларды оқыта отырып дамыту мєселелерiне ерекше тоқталып, арнайы әдiстеме жасаған.
“Дамыта оқыту” деген термин психология ғылымының қойнауында туып, баланың дамуын қарастырған (Ж. Пиаже), ойлаудың әртүрлi деңгейiн, типтерiн (Л. В. Выготский, А. Н. Леонтьев, С. Л. Рубинштейн) және басқа да психиканың функциясын зерттеген (Б. Г. Ананьев, Г. С. Костюк, А. А. Люблинская, Н. А. Менчинская) және т.б., iс-әрекет теориясының психологиясын жасаған (А. Н. Леонтьев, П. Я. Гальперин) еңбектерiнде жан-жақты талданды. Нәтижеде дамыта оқыту проблемасына арналған екi iлгерi эксперимент жасалып, оның бiрiн Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов, ал екiншiсiн Л. В. Занков басқарады.
Дамыта оқытуды 1950 жылдың аяғынан бастап Л.В.Занков (1901-1977) және Д.Б.Эльконин (1904-1984) зерттей бастады. Дамыта оқыту оқушыны оқу пәндерін оқып үйренуден теориялық ойды дамытатын оқу іс-әрекетіне көшірді. Ол оқушыны жан-жақты дамыту міндетін қойды (Л.В.Занков).
Дамыта оқыту арқылы оқушыға берілетін білім бұрынғыдай репродуктивтік жолмен емес, арнайы ұйымдастырылатын баланың жан-жақты «теориялық» іс-әрекеті арқылы берілетін болды.
Дамыта оқытудың екі жүйесінің де оқу бағдарламалары, оқулықтары бар. Олар Ресей мектептерінде кең қолданылуда. Көбіне бастауыш мектепте қолданылады.
«Жақын даму аймағы». Көрнекті психолог Л.С.Выготский (1896-1934) оқыту мен дамудың байланысын зерттеп, егер оқыту баланың актуалдық аймағында жүрсе, онда ол баланы дамытпайды деді.
Актуалды даму аймағы – баланың өз бетімен істей алатын жұмыстары. Ал ересектермен ынтымақта істей алатыны – жақын даму аймағы. Мысалы, баланың сөйлей алуы актуалды даму аймағы. Бұл жерде даму жүрмейді. Сондықтан бала мектепке келген күннен бастап «жақын даму аймағында», дәлірек айтқанда баланың жазба тілін қалыптастыруға кірісу керек. Ол үшін алдымен жеңіл тапсырмалар беріледі. Мысалы, Ш.А.Амонашвили және оның мұғалімдері әріптер мен сөздерді белгілеуге Д.Б.Эльконин жасаған шартты белгілерді қолданады. Тақтаға сөйлем, оның астына шартты белгісі жазылады.
«Жақын даму зонасында » жұмыс жасаған В.Ф.Шаталов әлі өтпеген ережемен есеп шығартады. Е.Ильин оқушыларға мұғалімнің өзі біржақты жауап бере алмайтын сұрақтар қояды.
Сонымен жақын даму аймағы баланың ақыл-ой жұмысы басталайын деп тұрған жер. Мұғалім осы жерде жұмыс істеп оқушыға тапсырма, әдістемелік нұсқау береді. Мұғалімнің жақын даму аймағындағы жұмысының тиімділігінің көрсеткіші - әр оқушының мұғалімнің көмегін алуға әзір тұруы.
Қазіргі мектептің ірі кемшілігі мақсаттың жалпылама қойылуы. Түпкі мақсат – адамды жан-жақты және үйлесімді дамыту. Мақсаттың оқыту мазмұнын іріктеуге, педагогикалық процессті құруға ықпалы әлі де жеткіліксіз.
Мақсат бізге керекті түпкі нәтиже, нәтижені көріп «Мақсатқа жеттік пе?» - деген сұрақтарға жауап беру. Мұндай мақсатты педагогикада «диагностика арқылы анықталған мақсат» дейді. Диагностика арқылы оқушылардың білім, іскерлік, дағды деңгейлері және қабілеті анықталады, нәтижесінде оқушыға тағы да қандай білім, іскерлік, дағдылар беру керектігі жоспарланады.
Дамыта оқытуда мұғалім жақын даму зонасында жұмыс істеуі керек. Ол оқушыға ақпараттар беруші, ынталандырушы, образдар туғызушы, баланың кемшіліктері мен табысына назар аударушы, себебі әр оқушының өзінің «жақын даму аймағы» бар, онда жалпы тәсілмен жұмыс істеуге болмайды.
Л.В.Занков жүйесі.
Оның тұжырымдамаларының дидактикалық принциптері:

      • оқытуды түсінуге қиын етіп жүргізу.

      • Теориялық білімнің жетекші ролі. Теорияны құрғақ жаттамай ондағы мәнді байланыстарды, заңдылықтарды ашу.

      • Оқушының ізденуі. Мұғалімнің өзінің түсіндіруі – дамудың қауіпті жауы.

      • Оқу процесін оқушылардың сезуі. Оқушы өзін оқу іс-әрекетінің субьектісімін деп сезінеді. Материал қайткенде есімде жақсы қалады, жаңа не нәрсе білдім, менің дүние туралы түсінігім қалай өзгерді, мен қалай өзгердім деген сұрақтарға өзіжауап береді.

      • Барлық оқушыларды дамыту үшін жүйелі түрде жұмыс істеу. Қабілетке қарай бөлуге жол берілмейді. Бала басқа балалармен ынтымақта дамиды.

Л.В.Занков жүйесінде бастауыштағы білім мазмұны бай, ғылым, әдебиет, өнер туындыларынан білім беріледі. Оқушыларды дамытатын дұрыс жазуға дағдылану, санау, оқу, бейнелеу өнері, өнер шығармаларымен жұмыс, қолмен жұмыс істеуге үйрену. Л.В.Занков жүйесінде экскурсия кезінде алынатын білімнің салмағы көп.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет