Мұханбетжанова Ә. Молдағалиев Б. Ерниязов О



бет7/8
Дата13.06.2016
өлшемі0.62 Mb.
#131842
1   2   3   4   5   6   7   8

Бақылау сұрақтары

  1. Қадағалау, тексеру ұғымдарына түсінік бер.

  2. Қадағалаудағы ұстанымдарды ата.

  3. Білімді тексеру кезеңдері көрсет.

  4. Оқығандықты тестілеу дегеніміз не?

5. Тестілік қадағалаудың материалдарын даярлаудың ережелерін көрсет.

6. Тестінің әрекеттілігінің шарттарын ата.

7. Тестілердің классификациясы дегеніміз не? Оларды негізде.
Әдебиеттер
1. Педагогика. Дәріс курсы. Алматы: «Нұрлы әлем», 2003. -368 бет.

2.Әбиев Ж.,Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. А., 2004.

3.Педагогика ./Курс лекций. А., 2003.

4.Подласый И.П. Педагогика начальной школы. М., 2000.

5.Подласый И.П. Педагогика. М., 2003.

6.Қоянбаев Ж.Б. Педагогика. Алматы, 1992.

7. Лихачев Б.Т. Педагогика М., 1998.

8. Скаткин М.Н. Проблемы современной дидактики. М., 1984.

9. Сластенин В:А., Исаев И.Ф. Педагогика М., 1997.
Өзіндік жұмыстар үшін тапсырмалар


  1. Өз мамандығыңыз бойынша мектепте 2-3 сабаққа қатысып, оқу үлгерімін бағалау, қадағалау ерекшеліктеріне талдау жасаңыз.

  2. Гуманистік тәрбиеде неліктен бақылау емес, диагностика туралы айтылатынын талда.

  3. Қадағалау функцияларына кесте толтыр.

  4. Білімді қадағалау, тексеру және диагностикалау принциптеріне баяндама жаз.

  5. «Қадағалауды гуманизациялау» тақырыбына баяндама.

  6. Білімді қадағалау, тексеру және бағалаудың бұқаралық түрде болуындағы кемшіліктерді көрсет.


Реферат тақырыптары

  1. Білім, білік, дағдыларды бағалаудың негізгі талаптарының ҚР білім беру жүйесіне байланысты мемлекеттік құжаттарында көрініс табуы.

  2. Білімді тексеруге қойылатын психолгиялық-педагогикалық талаптар, оның түрлері және оқытудың әртүрлі сатыларында ұйымдастырылуы..

  3. Білімді бағалаудың бес баллдық жүйесі.

  4. Оқушылардың үлгермеушілігінің себептері.

  5. Ш.А.Амонашвили. Оқушылардың білімдерін бағалауда тәрбие және білім беруге арналған функция.

  6. Тестіні құрастырудағы ережелер.

  7. Тестілік қадағалау формалары.

  8. Оқушылардың үлгерімін бағалаудағы жеке дара қатынас.


Он бірінші тақырып
Оқушылардың ұжымдық танымдық іс-әрекетінің ұйымдастырушылық-педагогикалық негіздері
Жоспары:

1. Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер туралы түсінік.

2. Оқу белсенді топтарының жұмысы.

3. Топтық жұмыстарды ұйымдастыру.


1. Қарама-қайшылық күресі және бірлігі диалектикалық заңдылығына сәйкес кез келген нәрсе, құбылыс қарама-қарсы жақтардың қарама-қайшы бірлігін құрайды. Белгілі бір зат, құбылыстың даму үрдісінде қарама-қайшы элементтер жинақталып, соның нәтижесінде ол оның шешімін күрес арқылы шешуге итермелейді. Соның нәтижесінде қозғаушы күш болып қарама-қайшылықтар саналады. Оқушылардың танымдық іс-әрекеті адам танымының бір түрі және оқытудағы қарама-қайшылықтарға байланысты, өзіндік қарама-қарсылықтармен сипатталады. Оқу үрдісіндегі қарама-қайшылықтардың болуына мұғалімдер интуитивтік тұрғыдан қарады. Бұл қарама-қайшылықтар оқушылардың білімді меңгеру үрдісінде кездестіретін қиыншылықтарымен түсіндіріледі. Белгілі дидакт М.А.Данилов оқыту үрдісінде пайда болатын және оның қозғаушы күші болып табылатын қарама-қайшылықтарды алғашқылардың бірі болып анықтады. Бұл оқыту үрдісінің қоятын оқу және практикалық талаптары мен оқушының білім, біліктілік, ақыл-ой деңгейі арасындағы қарама-қайшылықтар.

Оқушы микрожүйе ретінде өзінің қалыптасуында өзінің дамуындағы қайшылықтармен кездеседі. Дегенмен, оның өзінің ішінде бірде-бір қайщылық шешімін таппайды (Э.В.Эльенков). Қарама-қайшылық «оқушы» жүйесінде пайда болғаннан кейін, тек «адам-адам» жүйесінде яғни, педагогикалық үрдісте оқушылардың өзара байланысы нәтижесінде ғана шешімін табады. Негізгі қарама-қайшылықты оқу-тәрбие үрдісі жағдайында оқушыларды оқу-танымдық біліктіліктерге оқыту арқылы шешу оқушы мен мұғалімдердің, оқушылардың өзара бірлескен іс-әрекетін талап етеді. Өйткені оқушылардың кездескен қиыншылықтарынан өтуіне мұғалімдер, оқушылар көмектесуі қажет. Мұндай өзара әрекет оған өзіне беретін бағасын және тағы да басқа тұлғалық құрылымдарын тиімді қалыптастыруы, толыққанды дамуы үшін қажет. Сонымен микрожүйе ретінде дамып келе жатырған жеке тұлғаның қарама-қайшылықтарын шешу оқу үрдісін қарым-қатынас, қатысушылардың өзара әрекеті негізінде құру керектігін көрсетеді.

Оқу үрдісінің субьектілерінің қарым-қатынасы мен өзара әрекеттестігінің феномені педагогикалық әдебиеттерде және мектеп тәжірибесінде ұжымдық танымдық іс-әрекет ретінде түсіндіріледі. Бұл мәселелердің теориялық әдіс-тәсілдері Н.К.Крупская еңбектерінде қарастырылған. Ал педагогикалық үрдістің оқудан тыс бөлігі жағдайында оқушылармен ұжымдық жұмыс жүргізу әдістемесін Н.К.Крупская, П.П.Блонский, А.С.Макаренко жасаған.

Зерттеушілер ұжымдық оқу іс-әрекеттерін ұйымдастырудың мүмкіндіктерін іске асырудың жоғары сатысы бірін-бірі оқыту екендігін айқындады, өйткені ол оқушыларға оқу барысында белсенділік және ізденімпаздық танытуға мүмкіндік туғызады.

Сонымен бірге жеке, фронтальды оқытуға қарағанда оқушылардың есептер шығару, жаттығулар орындау барысында күштерін біріктіруі ұғымдары, біліктіліктерді және дағдыларды қалыптастыруға оқу уақыты аз жұмсалады. Оқушылардың өзара әрекеттестігін ұйымдастыру нәтижесінде дәстүрлі оқыту барысында кездесетін кейбір қиыншылықтар азаюда. Бұл сабақ үстінде жұмыс істемейтіндердің , үй тапсырмасын орындамайтындардың азаюымен және керісінше оқушылардың танымдық белсенділіктерінің, шығармашылық ізденімпаздықтарының артуынан байқауға болады.

Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер белгілі бір дәрежеде оқу материалдарын меңгеруі, оқу барысындағы "осал жерлер" жөнінде оқушыдан кері ақпараттарды жедел алу сияқты өзекті дидактикалық проблемаларды шешуге мүмкіндік жасайды; оқушының тұлғалық қасиеттерін өз мәнінде дамыту үшін маңызды шарт болып табылатын қарым-қатынастың жетіспеушілігін азайтады.

Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер оқытудың тәрбиелеу жағынан тиімділігін арттырады, тұлға аралық қатынастарды қалыптастыруға оң әсер етеді, сыныпта қолайлы жағдай орнатуға және ұжымдық психологияның қалыптасуына көмектеседі. Оқушыларда ұжымдық жұмыстар барысында жолдастық, достық және ұжымдық сезімдер қалыптасады. Сабақтарда ұжыммен орындалатын жұмыстарды жүргізу адамгершілікті оңды қатынастар бойынша тәжірибе жинақтауға мүмкіндік жасап, қоғамдық бағыттылық пен шығармашылық даралаудың бірлігінде оларды қалыптастыруға мүмкіндік жасайды.

Оқу танымдық іс-әрекеттердің ерекшеліктерін ескере отырып, төмендегідей ұжымдық танымдық іс-әрекеттің, өзіндік және біріккен іс-әрекеттердің төмендегідей белгілерін көрсетуге болады:



  • бірыңғай мақсаттың , жалпы мотивтің болуы, оқушының қоғамдық маңызды мақсатқа жету үшін ұжым мүшелерінің барлығының күшінің біріктірілуінің қажеттігін түсінуі;

  • ұжымның әрбір мүшесінің білімді, білікті және дағдыларды меңгерулерін қамтамасыз ететін жұмыстар мен қызметтерді оқушыларға тиімді бөлініп берілуі;

  • іс-әрекеттер барысында оқушылар арасында өзара жауапкершіліктің және тәуелділіктің пайда болуы;

  • бірігіп жұмыс істеу барысында оқушылардың іс-әрекеттерін басқарудың, оқушылардың, ұжым мүшелерінің өздерінің де кей жағдайда бақылау жасауларының қажеттігі;

  • бірыңғай кеңістік болуы және ұжымның барлық мүшелерінің жеке іс-әрекеттерінің бір уақытта жүзеге асырылуы;

  • жалпы нәтижелердің болуы.

2. Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер сабақта және сабақтан тыс уақытта қолданылатын жұмыс түрлерінің жүйесі болуы мүмкін.Ұжымдық оқу әрекетінің тұлғаға сол тұлғаның өзінің белсенділігіне қарай әсер етуі мүмкін, яғни ұжымдық танымдық іс-әрекет оқушының белсенділігін талап етеді. Оқушылардың басым көпшілігі белсенділік танытуы үшін танымдық іс-әрекет барысында қалыптасатын белсенді оқу әрекеттеріне сүйену қажет.

Белсенді топтар жұмысын ассистенттердің, кеңесшілердің, еңбекті ғылыми ұйымдастырудың мектебін құрудан бастау керек, ал мүшелерін таңдау белсенділердің, оқу ұжымының, мұғалімнің қалауы бойынша жүргізіледі. Сонымен бірге оқу белсенді тобының қызметін оқу ісінің меңгерушісі басқарады және ол беделді, өзіндік маңызы бар топ болуы керек, оның жүргізген жұмыстарының барысы семинарларда, мектептік қорытынды конференцияларда тыңдалып отыруы қажет.

Мектепте оқу белсенді топтарының мүшелерінің санының артуы кабинеттердің жұмыстарын қайта қарауды талап етеді.Оқу кабмнеті нақты пән бойынша сабақта эжәне сабақтан тыс уақытта жүргізілетін жұмыстардың орталығы болуы керек. Бұл орталықтың иесі оқушылардың өзі. Мұғалім жетекшілігімен кабинет кеңесі мүшелерінің қатысуымен көрнекі құралдар, сабақтарда берілетін тапсырмалар, бақылау карточкалары, таратылатын дидактикалық материалдар, тақырыптар бойынша папкалар мен альбомдар және кабинетте бар диафильмдердің, әдебиеттердің көрнекті құралдардың катотекасы дайындалады. Бұл оқу белсенді тобының мүшесіне, оның ішінде ассистентке аз ғана уақыттың ішінде сабаққа қажетті материалдарды дайындауына мүмкіндік жасайды.

Оқу белсенді тобының мүшелерінің ішінде оқушылардың ішінен таңдалатын ассистент, кеңесші, лаборант, кітапханашы, безендіруші, шаруашылықты жүргіуші маңызды роль атқарады. Олардың әрқайсысының атқаратын белгілі бір қызметі бар. Мысалы, безендіруші мұғалімге көрнекі құралдар (кестелер, графиктер, диаграммалар және т.б.) дайындауға, оқу стенділерін, оқу кабинеттерін безендіруге, ақпараттандырушымен бірге бюллетендер, ақпарат парақтарын шығаруға көмектеседі; лаборант лабораториялық, практикалық сабақтарды өткізуге қажетті техникалық құрал жабдықтарды дайындайды, тәжірибелерді көрсетуге көмектеседі және т.с.с.; кітапханашы мектеп кітапханашысымен бірігіп пән бойынша жаңа қызықты әдебиеттерге шолу дайындайды, көрмелер ұйымдастырады, пән бойынша қызықты материалдар жинайды, мектеп кітапханасында және оқу кабинеттеріндегі әдебиеттер бойынша картотека жасайды.

Әртүрлі мектептерде белсенді оқу топтарының қозғалысы, құрылымы, ұйымдастырушылық қызметінің , танымдық іс-әрекеттерінің барысына, сыныптық , мектептік ұжымдардың ұйымшылдықтарына, белсенді топтардың жұмыс істеу формаларына қарай көптеген варианттары бар. Бірақ ұжымдық оқу іс-әрекеттері барысында қандай да белсенді топ болмасын белгілі бір педагогикалық талаптарды орындағанда белгілі бір жетістікке жетеді. Сондай талаптардың бірі олардың жұмысына міндетті түрде мұғалімнің педагогикалық тұрғыда жетекшілік етуі. Сонымен бірге белсенді оқушылар мұғалімнің сенімді көмекшілері бола отырып белсенді оқу топтарының сенімді мүшелері екендіктерін көрсетуі керек; белсенді оқу топтарының жұмысы балалардың қоғамдық ұйымдарының жетекшілігімен жүргізілуі тиіс; өзара бағынушылық принципі сақталуы тиіс

3. Ұжымдық танымдық іс-әрекеттердің әртүрлі формалары мен түрлері жүйесінде топтық жұмыс және оның әртүрлілігі маңызды орын алады. Топтық жұмыс өзінің барлық белгілері көрініс табатын оқу ынтымақтастығының идеалды моделі болып табылады. Топтық жұмыстардың пайдасы мен оның тиімділігі бойынша зеттеулер әртүрлі бағытта жүргізілуде. Психологтар тұлғаның жетілуі үшін топтық жұмыстар қолайлы жағдай туғызатынын ашып көрсетеді. Педагогтар оқытуда топтық жұмыстардың атқаратын рөлін қарастырады. Олардың ойынша, топтық жұмыс оқыту процесін байыта түседі, оқу жұмыстарын даралауға жол ашады, өйткені әрбір оқушының әлеуметтік мүмкіндіктері мен қабілеттерін шығармашылықты түрде көрсетуіне жағдай жасайды, проблемалы оқытуда, тұлғаны когнитивті дамытуда бағалы, дидактикалық және тәрбиелік міндеттерді шешуге көмектеседі.

Топтық жұмыстарға жұптасып жұмыс істеуді

Топтық жұмыстарға жұптасып жұмыс істеуді (әр топта екі оқушы), мұғалімнің тапсырмасымен сабақта жұптасып хабарлама жасауды, топтық сұрақ, кеңестік сұрақ жұмыстарын және т.б. жатқызуға болады. В.К.Дьяченконың зерттеуі өлеңдерді жаттатуда, жаттығуларды, мысалдар мен есептерді ауызша және жазбаша орындатуда, көбейту мен бөлу кестесін жаттатуда, сұрақтармен жұмыс істеуде және т.б. жұптық жұмыстардың, яғни жұптық-ұжымдық жұмыстардың тиімді екендігін көрсетті.

Топтық сабақтардың құрылымының классикалық нұсқасы: шартты түрде сабақ үшке бөлінеді: кіріспе, топтық және қорытынды. Сабақтың кіріспе бөлімінде мұғалім мотивті-ұйымдастырушылық мәселелерін шешеді: танымдық мәселелерді анықтайды, жұмыстың орындалуы барысы бойынша түсінік береді, дидактикалық материалдарды таратады. Сабақтың келесі бөлігі әрбір топтағы оқушының іс-әрекеті ұйымдастырылады: берілетін тапсырмамен таныстырғаннан кейін мұғалім топтардың жұмысы жоспарланады, материалдар бөліктерге бөлініп топтарға таратылады. Әрбір оқушы өзінің тапсырмасын орындағаннан кейін, жұмыс нәтижесі талқыланады, тапсырма бойынша жалпы қорытынды жасалады. Осы сатыда ұжымдық және жеке жұмыстардың өзара байланыстылығы, ұжым мен жеке тұлғаның мүддесі мен мақсаттары талданады, әрбір оқушының белсенділік танытулары үшін мүмкіндік туғызылады. Сабақтың қорытынды бөлігінде әрбір топтың жұмысы талданады, қойылған міндеттің орындалуы, берілген тапсырманың нәтижелілігі жөнінде қорытынды жасалады.

Топпен жұмыс жүргізудің екі түрі бар: бірыңғай топтық жұмыс барысында барлық топ бірдей тапсырма орындайды, ал сараланған топтық жұмыс барысында берілген тақырып шеңберінде әртүрлі тапсырмалар орындайды. Тәрбиелік тұрғыда сараланған топтық жұмыс ерекше құндылыққа ие және оқушылардың ұжымдық танымдық іс-әрекетінің барлық талаптарына барынша сәйкес келеді. Сонымен бірге әрбір оқу пәнінің топтық сабақтарда табысты оқытылатын тақырыптары бар.

Топтарды ұйымдастыруда мына мәселелер басшылыққа алынуы тиіс:


  • әрбір пән бойынша бөлек топтар құрылатындығы, бір пәннің шеңберінде топтың құрамы жеке оқушылардың ілгері басуын ескере отырып анықталуының қажеттігі;

  • математика, физика, химия, шет тілі пәндері бойынша топтар оқушылардың білімдерінің, біліктерінің және дағдыларының деңгейіне қарай құрылғаны орынды (гомогенді топтар);

  • әдебиет, тарих, география пәндері бойынша топтар оқу жұмыстарының қарқыны, әртүрлі оқудан тыс ақпараттардан хабардарлығы бойынша көп жекеленбейтін оқушылардан құрылғаны орынды;

  • оқу топтарын жинақтауда оқушылардың өзара қарым-қатынастары да ескерілуі тиіс.

Әртүрлі құрамды топтарда жұмыс істеу тиімділігін ғалымдар зерделеп, бес оқушыдан құралған топтар тиімді болатындығы жөнінде тұжырым жасады. Өйткені, 3 оқушының талқылау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті пікірлері мен ұсынытары жеткіліксіз, 4 және 6 адамнан құрылған топтарда жіктелу пайда болады, ал 7 адамнан құрылған топта әрбір оқушының өз пікірін айтуына мүмкіндік болмайды.

Топпен орындалатын жұмысты ұтымды ұйымдастыру үшін топтарды орналастыру да маңызды мәселелердің бірі. Тіпті қарапайым кеңістікке орналастыру да оқушылардың өзін-өзі танытуларына да , олардың өзіндік қасиеттерін қалыптастыруға әсер етеді екен. Жекелеп алғанда, бір-бірімен қатар отырған оқушыларға қарағанда бір-біріне қарама-қарсы отырған оқушылардың арасында барынша белсенді байланыс орнайтындығына көз жеткізілді.

Топтық сабақтарды ұйымдастыруда кеңесшіні сайлау мәселесі де маңызды, яғни балалардың оқу іс-әрекеттерін ұйымдастыруда өзін-өзі басқарудың педагогикалық құралдарын пайдалана алу біліктері қажет. Арнайы жүргізілетін эксперименттер ғалымдарға мынандай қорытынды жасауға мүмкіндік берді: кеңесшіні топтың өзі мұғалімнің және жоғары социометриялық статусы бар кеңесшінің келісімдерін ескере отырып тыңдауы керек; жағдайға байланысты кеңесшілер жиі ауыстырылып отырғаны дұрыс.

Осылайша, танымдық мәселелерді шешуде негізіне сабақтардағы оқушылардың өзара ықпалдастығы, ынтымақтастығы алынатын ұжымдық танымдық іс-әрекет мына түрде көрініс табуы мүмкін:

1. Ұжымдық жұмыс принципімен ұйымдастырылған фронтальды жұмыс. Мұндай жұмыстарды ұйымдастыруда берілетін тапсырмалардың түріне проблемалық жағдаяттарды талқылауды, теоремаларды бірігіп отырып дәлелдеуді, орындалатын жұмыстың жоспарын бірігіп талқылауды, біріге отырып әңгіме құрастыруды, картина бойынша бірігіп жұмыстар жасауды және т.б. жатқызуға болады.

2. Ұйымшылдық принципі бойынша ұйымдастырылған топтық жұмыс. Оның түрлері: жұптық жұмыс, топтық сауалдар, кеңесші тарапынан қойылатын сауалдар, топпен оқу тапсырмаларын орындау жоспары мен тәсілдерін талқылау, сабаққа дайындалу барысында топтық тапсырмаларды орындау, мұғалімнің қойған сұрағына жауап беру мақсатында қажетті тәжірибені жасау, тілдік сабақтарда диалог жүргізу, топтық сабақтар, әңгімелесу-«дөңгелек үстел», пікірталас элементтері бар топтық жұмыстар (форум, сараптау топтарының отырысы, симпозиум, жобаларды ұсыну, ойындық-модельдеу бойынша проблемалық пікірталастар, айтыс-диалог және т.б.)

3. Топ жұмыстарының бейнесі ретіндегі топтардың өзара тексеруі: орындалған жұмыс бойынша толық немесе жекелей түсінік беру, өзара пікір айту (ауызша, жазбаша, бағалау бойынша пайымдаулар, өз бетінше орындалатын жазбаша, практикалық жұмыстарды өзара тексеру және т.б.

4. Ассистенттердің, кеңесшілердің және белсенді оқу топтарының басқа да мүшелерінің жұмысы.

5. Оқушылар кездесуі.

6. Білімді қоғамдықбайқауы.

Сабақ жұмсалатын уақыт көлемі және педагогикалық маңыздылығы бойынша жетекші білім беру формаларының бірі болып табылады. Алайда оның (форманың) мүмкіндіктері, артықшылықтары автоматты түрде жұмыс істейді. Бұл объективті мүмкіндіктер оқушылардың өзара ықпалдасулары есебінен жүзеге асырылады, өйткені олардың білім алу және өзара қарым-қатынастарының сипаты жеке тұлға, іс-әрекет субъектілерін қалыптастырудың шешуші факторы болып табылады. Онда оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін табысты шешу үшін сабақта ұжымдық танымдық іс-әрекет элементтерін пайдалану маңызды.

Ұжымдық оқу жұмыстарын ұйымдастырудың психологиялық-педагогикалық мағынасы әрбір оқушыны іс-әрекет субъекті тәртібімен қамтамасыз етуде, оның өзін-өзі көрсетуіне көмектесуде. Орынды, әдістемелік тұрғыда дұрыс ұйымдастырылған ұжымдық сипаттағы оқу іс-әрекеттері арқылы педагогикалық процестің қарама-қайшылықтарын шешуге, яғни әрбір оқушыны тұлға ретінде қалыптастырып дамытуға мүмкіндік жасайды.


Бақылау сұрақтары

1) «Дамыту» ұғымы мазмұнын ашып көрсетіңіздер.

2) Дамытудың қайнар көзі, қозғаушы күші не?

3) Педагогикалық процестегі қозғаушы күштің рөлін ашып көрсетіңіздер.

4) Педагогикалық процестегі негізгі қарама-қайшылықтарға сипаттама беріңдер.

5) Ұжымдық танымдық іс-әрекет мәнін ашыңыздар.

6) Ұжымдық танымдық іс-әрекеттерді ұйымдастыру жұмыстарына сипаттама беріңіздер.

7) Танымдық ұжымдық іс-әрекеттердің білімдік, дамытушылық, тәрбиелік мүмкіндіктерін негіздеңіздер.

8) Ұжымдық танымдық іс-әрекеттерді ұйымдастыруда белсенді оқу топтарының рөлін көрсетіңіздер.

9) Оқушылардың социометриялық статусын, өзін-өзі бағалауын түзету үшін ұжымдық сипаттағы жұмыстар түрлерін пайдаланудың маңыздылығын дәлелдеңіздер.


Әдебиеттер

1. Педагогика. Дәріс курсы. Алматы: «Нұрлы әлем», 2003. -368 бет.

2. Амонашвили Ш.А. Воспитательная и образовательная оценки учения школьников. М.,1984.

3. Виноградов М.Д., Первин И.Б. Коллективная познавательная деятельность и воспитание школьников. Из опыта работы. М.,1977.

4. Дежникова Н.С. , Ревин И.Б. Товарищеская взаимопомощь школьников. М.,1991.

5. Дьяченко В.К. Сотрудничество в обучении: О коллективном способе учебной работы. М., 1991.

6. Загвязинский В.И. Движущие силы учебно-воспитательного процесса. Тюмень, 1978.

7. Котов В.В. Организация на уроках коллективной деятельности учащихся. Пособие по спецкурсу. Рязань, 1977.

8. Лийметс Х.Й. Групповая работа на уроке. М., 1975.

9. Маргулис Е.Д. Коллективная деятельность учащихся. Киев, 1990.

10. Совместная деятельность: методология, теория, практика. М., 1988.

11. Хан Н.Н. Сотрудничество в педагогическом процессе школы. Алматы, 1997.

12. Цукерман Г.А. Зачем учиться вместе? М., 1985.

13. Чередов И.М. Система форм организации обучения в советской общеобразовательной школе. М., 1987.



Өзіндік жұмыстар үшін тапсырмалар

1) Өзіндік жұмыстар түрлері бойынша қысқаша түсініктері бар картотека жасаңыз.

2) Бір пән бойынша сабақтан тыс ұйымдастырылатын ұжымдық танымдық іс-әрекеттер үшін тапсырмалар таңдап жинаңыз.

3) Топтық жұмыстардың оқуға мотивацияны арттырудағы маңызы.

4) Ұжымдық танымдық іс-әрекет элементтері мен оның түрлерін пайдалана отырып қайталау қорытынды сабағының жоспар-конспектісн жасаңыз.

5) топтық жұмыстардың түрлері пайдаланылған сабақтардың фрагменттерін дайындаңыз.

6) Ұжымдағы танымдық іс-әрекет педагогикалық процесс бөлігі ретінде.

7) Оқушылардың ұжымдық таным іс-әрекетінің жалпы білімдік, дамытушылық және тәрбиелік мүмкіндіктері.

8) Ұжымдық таным іс-әрекетінің мәні.

Реферат тақырыптары

1. Халықтық дәстүрлердегі педагогикалық ынтымақтастық ретіндегі біріккен іс-әрекет.

2. А.С.Макаренко еңбектеріндегі педагогикалық ынтымақтастықтың дамуы.

3. В.А.Сухомлинскийдің ынтымақтастық идеясының іске асырылуы.

4. Шетел педагогикасындағы тәрбиелеу процесіне қатысушылардың біріккен іс-әрекеттері.

5. Жаңашыл мұғалімдердің «ынтымақтастық педагогикасы»идеясын жүзеге асыруы.

6. Ұжымдық танымдық іс-әрекет педагогикалық процестегі ынтымақтастық технологиясы ретінде.

7. Ұжымдық оқу жұмыстарында оқу-танымдық біліктіліктерді қалыптастыру.



8. Ұжымдық таным іс-әрекетін ұйымдастырудың түрлері мен формалары.


ҚЫСҚАША СӨЗДІК
Атаулы стипендия – тиісті білім беру бағдарламаларын ойдағыдай меңгерген, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен шұғылданатын, оқу орнының қоғамдық, мәдени және спорттық өміріне белсене қатысатын неғұрлым қабілетті білім алушыларды көтермелеу үшін жеке немесе заңды тұлғалар тағайындайтын стипендия.

Аралық мемлекеттік бақылау – білім сапасын білім беру ұйымдарына тәуелсіз бақылаудың бір түрі.

Бірыңғай ұлттық тестілеу – кәсіптік орта және кәсіптік жоғары білім беру ұйымдарына қабылдау емтихандарымен біріктірілген жалпы орта білім беретін оқу орындарында жоғары сатыда білім алушыларды қорытынды мемлекеттік аттестаттау нысандарының бірі.

Білім беру мониторингі – білім беру процестерін жүзеге асырудың нәтижелері мен шарттарының, білім алушылар контингетінің білім беру ұйымдары желісінің жай-күйін және өзгерістер серпінің жүйелі түрде байқау, талдау, бағалау жән болжау.

Білім алушыларды аралық аттестаттау – бір оқу пәнінің оны бітіргеннен кейінгі бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім.

Білім беру жүйесіндегі мемлекеттік бақылау – мемлекеттің азаматтардың білім алуға құқығының сақталуын қамтамасыз етуге және негізгі және қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың өздері жүзеге асыратын білім беру қызметінің Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңдарының талаптарына сәйкестігін, мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандарттарын және олардан алған лицензияларындағы талаптарды сақтауына бағытталған және білім беруді мемлекеттік басқару органдары оны өз құзіреті шегінде жүзеге асырады.

Мемлекеттік бақылаудың түрлері: 1) аралық мемлекеттік бақылау; 2) білім алушыларды қорытынды мемлекеттік аттестаттау; 3) білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау; 4) білім беру ұйымдарын аккреддиттеу; 5) лицензиялық ережелердің сақталуын бақылау; 6) білім беру ұйымдарының Қазақстан Республикасының білім туралы заңдарын сақтауын бақылау болып табылады.

Мемлекеттік бақылау түрлері мынадай нысандарда жүзеге асырылады: 1) ауызша; 2) жазбаша; 3) бірыңғай ұлттық тестілеу; 4) кешенді тестілеу; 4) тестілеу; 6) тексерулер.

Даму – бұл адамның организміндегі сандық және сапалық өзгерістер, олар әр түрлі факторлардың әсерімен болады. Түрлері. денелік, психологиялық, әлеуметтік.

Дидактикалық теориялар мен тұжырымдамалар: танымдық қызығушылықты дамыту тұжырымдамасы /Г.И.Шукина т.б./, дамытушылық оқыту тұжырымдамасы /Л.В.Занков т.б./, проблемдік оқыту теориясы /М.И.Махмутов, И.Я.Лернер, А.М.Матюшкин т.б./ ақыл-ой әрекетін қалыптастырудың кезеңдік теориясы /П.Я.Гальперин т.б./, білім беру мазмұнының теориясы /Л.Я.Лернер, В.В.Краевский, В.С.Леднев т.б./, мазмұндық жалпылау теориясы /В.В.Давыдов т.б./, оқыту процесін оптимизациялаудың теориясы /Ю.К.Бабанский/, оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендетудің теориясы /Т.И.Шамова т.б./, оқыту әдістерінің теориясы /М.И.Махмутов, Ю.К.Бабанский/, қазіргі сабақ теориясы /М.А.Данилов, В.А.Онищук т.б./, оқушылардың дербес жұмысын ұйымдастырудың теориясы /О.А.Нильсон т.б./, оқу пәні теориясы /Л.Я.Зорина, И.К.Журавлев т.б./, оқулық теориясы /Д.Д.Зуев т.б./, оқытудың ұжымдық тәсілінің теориясы /В.Дьяченко т.б./ және т.б.

Инновациялық оқу орындары /инновация - жаңарту/ - оқыту және педагогикалық еңбектің жағдайы жақсартылған, жаңашылдық идеяға негізделген, жетілген технология.

Интегралды /кіріктірілген/ сабақтар - /лат.»толық», «тұтас»/ онда бір тақырыптың айналасында бірнеше пәннен материалдары бірігеді. Мұнда пәнаралық байланыс кеңінен қолданылғандықтан құбылысты немесе оқып жатқан пәнді әр жақтан танып білуге болады. Интегралды сабақтың басты мақсатын дұрыс анықтау өте маңызды. Егер жалпы мақсат анықталса, онда әр пәннің мазмұнынан сол мақсатты шешетін жадығаттар алынады.

Кешенді тестілеу – ақпараттық технологияларды қолдану арқылы бірнеше оқу пәндері бойынша бір мезгілде өткізілетін емтихан нысаны.

Қабылдау квотасы – І, ІІ топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар, ауыл /село/ жастары арасынан шыққан азаматтар мен Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарды, сондай-ақ жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды кәсіптік орта және кәсіптік жоғары білім беретін білім беру ұйымдарына қабылдау үшін бөлінетін білім беру гранттары мен кредиттерінің шекті саны.

Мемлекеттік атаулы стипендия – Қазақстан Республикасының Президенті және /немесе/ Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын стипендия.

Педагогикалық технология – бұл педагогикалық ғылымдағы бағыт, ол өзі педагогикалық жүйе ретінде болып тұлғаны тәрбиелеудің, оқытудың және дамытудың міндеттерін шешуді қамтамасыз ететін тәсілдер, қадамдар.

Педагогикалық менеджмент – бұл білім беру процесін басқарудың кешенді принциптері, әдістері, ұйымдастырушылық нормалары және технологиялық амалдары, олар оның тиімділігін арттыруға бағытталған.

Педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау – педагогикалық қызметкерлердің біліктілік деңгейінің біліктілік талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатымен жүргізілетін рәсімі.

Тұлғалық – бағытталған оқу – бұл оқушылардың мүмкіншілігі және қабілеті барынша ескерілетін, олардың жекелік ерекшелігін дамытуға қажетті жағдай жасайтын оқытуды ұйымдастырудың тәсілі.

Штаттағы оқытушы – білім беру ұйымының штат кестесінде көзделген қызметті атқаратын және жеке еңбек шартының негізінде лауазымдық міндеттерін орындайтын оқытушы.

Экстернат – білім алушы сабаққа үнемі қатыспай-ақ білім беру бағдарламасына сәйкес оқу пәндерін өз бетінше оқитын оқыту нысандарының бірі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет