Мұхтар Әуезов 1897 жылы 28 қыркүйекте бұрынғы Семей уезі, Шыңғыс болысындағы Қасқабұлақ деген жерде



бет3/3
Дата01.02.2023
өлшемі37.43 Kb.
#469007
1   2   3
М.Әуезов

Әуезовтің "Абай жолы" эпопеясын жазуға 30 жыл уақыты кетті. Он тоғыз жасынан Абай туралы жазуды ойға алып, он жеті жыл үздіксіз ізденіп, он екі жыл ішінде жазып шықты. Әуезов алғашқыда екі кітаптан тұратын "Абай" (1942, 1947), одан кейін мұның жалғасы ретінде "Абай жолы" (бұл да екі кітаптан тұратын, 1952, 1956) романын жазды. Осы төрт томнан тұратын "Абай жолында" қазақ қоғамының алуан түрлі топтары кең қамтылып, сан қырлы тұтас галерея жасалды.
Фатима Ғабитова (1903 жыл, Қапал, Алматы облысы, Қазақстан - 1968 жыл, Алматы қаласы, Қазақстан) - әдебиеттанушы, мұғалім ұстаз. Қазақтың асыл ұлдары Біләл Сүлеев, Ілияс Жансүгіров және Мұхтар Әуезовтың жары болды.
Фатима Ғабитқызы 1903 жылы Алматы облысы, Қапалдағы көпес отбасында дүниеге келген. Ұлты татар. Қыздарға арналған орта орыс мектебін, татар қыздар мектебін, медресе және Қазақ университетінің филология факультетін бітірген [1].
1918 жылы Фатима 17 жасында жас ағартушы Біләл Сүлеевке қосылады. Біләлдан үш бала (Жәнібек, Фарида, Азат) сүйеді. Біләл Сүлеев бұл кездері Жетісу өңірінде қазақ балалары үшін мектеп интернаттар ашуға атсалысып жүрген. 1928 жылы Ораз Жандосов екеуі алғашқы қазақ университетінің негізін қалады.
1929 жылы Біләл облыстық білім беру басқармасына басшы болып Ақтөбеге көшіп келеді. Фатима қазақ мектебіне жұмысқа тұрады. 1930 жылдың қаңтарында он жасар қызы Фарида қайтыс болады.
Сол жылы Біләлді мұғалімдер институтына ректор етіп Семейге көшіреді. Қараша айында ұлдары Азат дүниеге келеді. Қауіпсіздік органдары Біләл Сүлеевті тұтқындайды.
1932 жылы Фатима Біләлдің жақын досы ақын Илияс Жансүгіровпен отбасын құрайды. Илиястан Үміт, Ильфа, Болат деген үш перзент көреді. Илияс Жансүгіров 1937 жылы тамызда тұтқындалып, 1938 жылы ақпанда атылады. Фатима өзіне төнген қауіпке қарамастан Илиястың көптеген қолжазбаларын сақтап қалады. Фатима екінші рет "Халық жауының әйелі" ретінде Алматыдан Семейге жер аударылады. Фатима Илиястың көптеген шығармаларына редактор ретінде қызмет етті.
Біраз уақыттан кейін Алматыға оралады. Қолында 5 баласы бар жалғыз басты әйелгі Біләл мен Илиястың досы Мұхтар Әуезов қолдау көрсетеді. Арадағы сыйластық пен достық нәтижесінде Мұхтар Фатиманы жар етіп алады. Басына қара бұлт үйірілген кезде Мұхтар әйелін Меркеге туысқандарына жібереді. Фатима Ғабитқызы Мұхтар Әуезовке Мұрат есімді ұл сыйлайды. Сол жылы Фатима мен Біләлдің ұлы Жәнібек майданда қаза болады


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет