Бағдарламалық құралдар сапасының ұғымы
Әрбір программалық құралдар (ПҚ) белгілі функциялар атқаруы тиіс, яғни ойластырғанды орындау керек. Жақсы ПҚ оны ұзақ период аралығында сәтті қолдануға мүмкіндік беретін қасиеттер тізбегіне ие болуы керек, яғни белгілі қасиетке ие болуы керек. ПҚ сапасы – бұл тұтынушылардың берілген қажеттіліктерін қанағаттандыру қасиетіне әсер ететін оның ерекшеліктері (черты) мен сипаттамаларының жиынтығы. Бұл дегеніміз мынаны білдіреді, әртүрлі ПҚ олардың мүмкін болған жоғары дәрежелеріндегі бірдей қасиеттер жиынтығын қамту керек. Бұған мына факт кедергі жасайды, осындай қасиеттердің бірімен ПҚ сапасының жоғарылауы – құнының өзгеруімен, өңдеу мерзімдерінің аяқталуымен және осы ПҚ сапасының оның басқа да қасиеттері бойынша төмендеуімен ғана жетуі мүмкін. ПҚ сапасы оның сәтті қолданылуына кепілдік беру дәрежесінде көрсетілген қасиеттерге ие болғанда ғана қанағаттандырылған болып табылады.
Қолданушылар үшін ПҚ сапасының қанағаттандырылуын ұйымдастыратын ПҚ қасиеттерінің жиынтығы осы ПҚ шарттары мен эксплуатация сипатынана тәуелді, яғни осы ПҚ сапасы қарастырылуы керек позициядан тәуелді. Сондықтан да ПҚ сапасын сипаттау кезінде, ең алдымен, талап етілген ПҚ қасиеттерінің іріктеу критерийлері тіркелуі керек. Қазіргі уақытта ПҚ сапасының критерийлері ретінде мыналарды қарастыру қолданған:
функционалдылық;
сенімділік (надежность);
қолдану жеңілдігі;
эффективтілік;
жанамалық (сопровождаемость);
мобильділік.
Функционалдылық – тұтынушының берілген немесе ойластырылған қажеттіліктерін қанағаттандыратын функциялар жинағын орындау қабілеті. Көрсетілген функциялар жинағы ПҚ-ның ішкі сипаттамасында анықталады.
Сенімділік бірінші лекцияда анық талқыланған.
Қолдану жеңілдігі – бұл бастапқы берілгендердің, ПҚ-ын қолдану мен алынған нәтижерді бағалау дайындығы бойынша тұтынушының ынтасын (усилие) азайтуға, сонымен бірге тұтынышының анықталған немесе ойластырылған оң эмоцияларын тудыруға мүмкіндік беретін ПҚ сипаттамалары.
Достарыңызбен бөлісу: |