Microsoft Office Access деректер қорын басқару бағдарламасы



бет6/22
Дата14.11.2022
өлшемі207.67 Kb.
#464842
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
кенселик косымша

Қолданбалы бағдарламалау
Қолданбалы бағдарламалау (Прикладное программирование; application programming) - қолданбалы мәселелер шешуге арналған бағдарламалау.
Қолданбалы (арнайы) бағдарламалық жасақтама
Қолданбалы (арнайы) бағдарламалық жасақтама (Прикладное (специальное) программное обеспечение; application software) - қолданбалы мәселелерді шешуді жасақтайтын жеке қолданбалы бағдарламалар мен қолданбалы дестелерден тұратын бағдарламалық жасақтаманың бөлігі.
Қолданбалы бағдарламаның негізгі терезесі
Қолданбалы бағдарламаның негізгі терезесі (Основное окно приложения; Main application window немесе main window) - көп терезелі қолданбалы бағдарламалар үшін мәзірі мен туынды терезелері бар негізгі бағдарлама мен адам арасындағы өзара байланысты ұйымдастыратын терезе.
Қолданбалы бағдарламалық жасақтама — бағдарламалау жүйелерінің көмегінсіз, қолданушы өзінің ақпараттық тапсырмаларын шеше алатын бағдарламалар жиынтығы.
Қолданбалы БЖ келесі бағдарламалар класстарына бөлінеді:
Жалпы қолданыстағы бағдарламалар;
Арнайы қызметтегі бағдарламалар;
Кәсіптік деңгейдегі бағдарламалар.
Жалпы қолданыстағы бағдарламаларды меңгеру үшін арнайы білімнің қажеті жоқ, сондықтан олар қолданушылармен кеңінен қолданылады. Бұл классқа мәтіндік редакторлар, электрондық кестелер, мәліметтер қорымен жұмыс жасау бағдарламалары, анимациалық графика дестесі, коммуникациялық бағдарламалар, интегралданған және бір мақсатты бағдарламалар жатады. Мәтіндік редактор — бұл бағдарлама символдық ақпаратпен жұмыс жасауға арналған. Қызметі бойынша бағдарламалар мәтіні редакторы, құжаттар редакторы, баспаханалық жүйелер және арнайы редактор. Бағдарламалар мәтіні редакторы қандай да бір бағдарламалау тілдерінің мәтінің теруге және түзетуге арналған. (Turbo Basic, Turbo Pascal). Бұл бағдарламалар азын аулақ операциялар орындайды: бағдарламаны жолдық жазу, бағдарламаның мәтінің сақтау және оқу және т.б. Құжаттар редакторы құжаттың құрылымы бар мәтіндермен жұмыс жасауға арналған (Word, Word Perfect, Лексикон). Баспаханалық жүйелер сапасы жоғары құжаттарды құруға мүмкіндік береді: буклеттер, газеттер, журналдар, кітаптар (Page Maker, QuarkXPress, Ventura Publisher). Арнайы редакторлар математикалық, химиялық немесе арнайы символдары бар құжаттармен жұмыс жасауға мүмкіндік береді. (ТЕХ, нотаның таңбалары). Графиктік редактор — бұл бағдарлама графикалық ақпаратпен жұмыс жасауға арналған (Paint, Photoshop, CorelDRAW). Графиктік редакторлар жалпы және арнайы қызметтегі редакторлар болып бөлінеді. Жалпы қызметтегі графиктік редакторлар күрделі емес суреттерді құруға, көшіруге, сақтауға және оқуға мүмкіндік береді. Арнайы қызметтегі графиктік редакторлар күрделі техникалық объектілерді жобалауға, әртүрлі үрдістерді үлгілеуге, жарнамалық беттер құруға мүмкіндік береді. Әуендік редактор — бұл бағдарлама дыбыстық ақпаратты құру және өңдеуге арналған (Composer). Кестелік процессор — бұл бағдарлама кесте түрінде берілген ақпаратты өңдеуге арналған. Өңделген кестелер электрондық кестелер деп аталады. Мәліметтер қоры — бұл анықталған белгілері бойынша ұйымдастырылған, жалпы сипаттау және сақтау принциптері бар мәліметтер жиынтығы. Анимациялық графика дестесі динамикалық графикалық ақпаратпен жұмыс жасауға арналған (3D-Studio, Animator). Коммуникациялық бағдарламалар — бұл бағдарламалар мәліметтерді компьютерлік желілер арқылы жіберуге арналған. Оларға браузерлердің барлық түрлерін жатқызуға болады (Outlook Express, Internet Mail, MS Exchange және т.б.). Интегралданған десте — бұл өзара байланысқан, кешенді есептерді шығаруға бағытталған және қолданушылардың дестедегі барлық бағдарламалармен әрекеттесуін сүйемелдейтін қолданбалы бағдарлалар жиынтығы. MS Office, Works, Framework. Интегралданған дестелердің пайда болу себебі әртүрлі форматтағы мәліметтерді бірге қолдану болып табылады. Сондықтан олар бірегей принциппен әзірленді. Оларда төрт механизмді атап өтуге болады:
Алмасу буфері, мұнда басқа бағдарламаға көшіруге арналған ақпарат еңгізіледі;
OLE технологиясы, бір қосымшаның құжатына басқа қосымшаның құжатын қосуға мүмкіндік береді;
Файлдарды конверттеу — белгілі бір форматтағы файлдағы жазбаны осы дестенің басқа қосымшасында оқи алу мүмкіндігі;
Ортақ қабықшаны қолданып тікелей ақпарат алмасу.
Бір мақсаттағы бағдарламалар белгілі бір тапсырманы шешу үшін арналған. Олардың ішінде ең танымалдары аудару бағдарламалары, сөздік бағдарламалар және құжаттарды сканерлеу бағдарламалары. Аудару бағдарламалары ақпаратты бір тілден келесі бір тілге аударуға арналған (PROMT, Stylus, Сократ). Сөздік бағдарламалар қарапайым сөздіктердің электрондық нұсқасы болып табылады, бірақ кейбір қосыша ыңғалы мүмкіндіктері бар. (Lingvo, Мультилекс). Сканерлеуге арналған бағдарламалар құжаттың баспа көшірмесін электрондық түрге автоматты түрде ауыстырға мүмкіндік береді (FineReader).
Бұл бағдарламалар арнайы есептерді шешуге арналған бағдарламалар, мысалы, қашықтықтан оқыту және тестілеу, математикалық дестелер (MathCAD), қызметті эксперттік бағалау (GAMMA, EXPERT) және т.б.
Бұл бағдарламалар маманның кәсіби тапсырмаларын шешуге арналған. Бұл классқа ұйымның қаржылық шаруашылық қызметін талдау бағдарламалары, бухгалтерлік есепті және банктік қызметті автоматтандыру бағдарламалары, өнімді өндіру технологиясын қамтамасыз ететін бағдарламалар және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет