4. Біләлова Әлия:
Қазақ тілі өте бай тіл білгенге.
Оның сырын түсіну де тереңде!
Сан ғасырды бастан кешкен қазақ тіл
Дәл қазірде жойылуы мүмкінбе?
Жойылмайды, жойылмайды туған тіл.
Тілдің сырын тереңірек бойлай біл,
Жоғалту да, дамыту да тіліңді
Өз қолыңда, соны елім,ойлай біл!
Кейбіреулер туған тілін білмейді.
Білмесе де білгісі олар келмейді,
Туған тілін түсінбеген азамат
Өз ұлтының қасиетін сезбейді.
Қате болар туған тілін білмесе.
Тілін сатып өзге тілге бой берсе,
Тілін сатып деп айтпасам не дейін?
Туған тілін білгісі де келмесе!
Үйрен тілді баста бәрін жаңадан.
Отан тілі әркімге ыстық бір арман,
Ана тілім Қазақ тілін құрметтеу
Бізге аманат қалған мирас бабадан.
Бар тілегім қазақ тілі гүлдеуі
Өзге тілмен араласып жүрмеуі.
Бұл тілімнің кемшілігі кәзіргі.
Кей қазағым тілін мүлдем білмеуі!
5. Айкөркем:
Әлеуметтік –тұрмыстық қарым –қатынас тілі және әдеби тіл
Ана тілімізде әдеби шығармалар, ғылыми-бұқаралық, техникалық, құқықтық, педагогикалық, саяси, өнертанушылық әдебиеттер жарияланады. Тіліміз еліміздегі азаматтардың өзара қарым-қатынас тілі болумен ғана шектеліп қалмайды, оның мұрағаттық, ақпараттық қасиеттері де мол. Қазақ тілі – бай да құнарлы тілдердің қатарына жатады. Ежелгі бабаларымыздың тарихы, шежіресі және түрлі әдеби мұралар бүгінгі ұрпаққа өзіміздің осы ана тіліміз арқылы жетіп отыр. Тіл тарихы халық тарихына ұқсас. Қоғамның жылжып, өзгеруіне байланысты тіл де дамып, өзгеріп отырады.
Қазақ тілі тарихында орын алған түрлі қиындықтар мен дағдарыстардың объективті себептері бар. Біріншіден, қазақ халқы үш ғасырға жуық орыс отаршылдығының қыспағында болып, ұлт ретінде жойылып кетудің бірнеше сатыларын бастан кешірді. Екіншіден, Жоңғар шапқыншылығының халқымызға тигізген зардаптары да орасан зор болды. Үшіншіден, Кеңес өкіметі жетпіс жылдан астам уақыт бойы ұлттардың жақындасуы деген желеумен ұсақ ұлттардың тілдеріне қысым жасап келгені белгілі.
1989 жылы 11 қыркүйекте қабылданған “Тіл туралы” Заңда “Тіл - халықтың ұлы жетістігі, әрі оның ажырамайтын және бөлінбейтін белгісі”делінген. Ал бірінші баптың бірінші тармақшасында “Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып табылады” деп жазылған.
6. Тіл туралы мақал –мәтел, қанатты сөздерді айтайық
Халқымыздың тілге беріп жүрген бағасы бұл ғана емес, ана тілге деген мейірім, махаббат сезімін білдіретін сөздер көп-ақ. Оған жүздеген мысалдар келтіруге болады. Осы сияқты ой тұжырымдардың баршасы ел аузына түспей, ғасырлар өтсе де ұрпақ жадында сақталған қанатты сөздер.
Үзілмей келе жатқан осындай даналық дәстүрінің жалғасын біз бүгінгі ұрпақтан да көреміз. Ана тіліміздің айтып жеткізуге болмайтын асыл қасиеттерін тап басып танып, қанатты сөздерге айналдырған зиялыларымыз да баршылық.
Өнер алды – қызыл тіл
Тіл адамдар арасындағы қатынас құралы, өйткені адамдар қоғамдық өмірде бір-бірімен тіл арқылы сөйлеседі, пікір алмасады, ойын жеткізеді.
Тіл арқылы біз оқып, білім аламыз, қалаған мамандықты игереміз.
Тіл арқылы даналар сөзін оқып білеміз, одан ғибрат аламыз.
Тіл халықпен бірге жасайды, дамиды, өркендейді.
Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі не?
Себебі, тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз – қазақ тілі.
«Тіл –құдірет».
«Тіл - тәуелсіздік тұғыры».
Өз тілін сезбеген бала — ана сүтін татпаған жетіммен тең.
Әр халықтың өзінің ана тілі бар.
Тіл – жеке адам ойлап тапқан туынды емес, ол барша ұлтқа ортақ, соның төл перзенті. Сол халықтың мәдени әлеуметтік өмірінде өзіндік мәні бар киелі ұғым.
Тіл – атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра.
Тіл – еліміздің іргетасы
Ұлттың қуаты тілінде
Тілдің адам өмірі үшін мәні айрықша.
Тіл – өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем».
«Тіл – асыл ойдың бұлағы».
Тіл құдіреті - ерекше. Оның бітпесті бітіретін, жетпесті жеткізетін, үзілгенді жалғайтын мүмкіндігі бар. Бір ауыз сөз опық жегізіп, өмір бойы өзегіңді өртесе, бір ауыз орынды айтылған сөз жадында жатталып, бақытқа жеткізеді.
Тіл – ұлттың жан дүниесі. Расында қазақ халқының басында талай қиын нәубет, зұлматтың, қайғылы күндердің болғаны тарихтан белгілі. Сондай ауыр сәттерде, сын сағаттарда атамекен қонысын тастап босқан халықтың өзімен бірге алып жүрген байлығы – ана сүтімен санасын дарыған ана тілі ғана.
Кімде-кім қазіргі уақытта ана тілін, өзінің әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды.
«Тәрбие басы - тіл» деген осы күнге дейін мән-мағынасын жоғалтпаған қанатты сөз XI ғасырдың ұлы ойшылдарының бірі Ахмет Иүгінекидің есіміне қатысты.
Достарыңызбен бөлісу: |