9. Ән «Қазақтай ел қайда?»
10. Қорытынды сөз
Қай қоғамда да тіл мәселесі болатыны белгілі. Біздің ұлтта да тіл өзекті мәселе болып отыр. Қазақстанда қазақ тілі –мемлекеттік тіл. Солай бола тұрса да бізде қазір көптеген қазақтар үй ішінде, сыртта, қоғамдық орындарда орысша сөйлеп, қазақ тілінің сөйлеу өрісін тарылтып, қолданылу аясын әлсіретеді, тіпті жоғарғы жақтағы басшылардың өздері орыс тілінде сөйлейді, қазақша сөйлегеннің өзінде шұбарлап сөйлейді. Басты кемшілігіміз – осы.
Қазір көптеген жастар ана тілін дұрыс білмейді. Ауылдық жерде жақсы, қалалық жерлерде тіл құнарлылығы сұйыла түскен.
Көп ұлттылық пен көп тілділік осы құндылықтардың бірі және біздің еліміздің басты ар-тық¬шылығы болып табылады. Қазақ тілі, біздің Консти¬туция¬мызға сәй¬кес, мемлекеттік тіл бо¬лып табылады. Онымен бірдей мемлекеттік органдарда ресми түрде орыс тілі пайдаланылады.
Бұл біздің Конституцияның норма¬сы, оны бұзуға ешкімге жол берілмейді.
Қазақ тілінің жоспарлы түрде дамуы орыс тіліне нұқсан келмей¬тіндей жағдайда жүзеге асады.
Бізге мемлекеттің келешегі, болашақ да¬муы не үшін керек? Ол үшін мемле¬кеттің ең негізгі сырт¬қы саясаты – көршілермен тату бо¬луымыз керек. Онсыз мем¬ле¬кеттің болашағы бұлыңғыр бо¬лады.
Бүгінгі қазақ тілінің тағдыр мен болашағы Елбасын аз толғандырып жүрген жоқ. Сондықтан да болар Ел басының «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде», «Ана тілі – бәріміздің анамыз, өйткені ол – ұлтымыздың анасы» деген сөзі бар. Ал кейінгі жолдауында айтылған «Қазақ тілі, біздің мемлекеттік тіліміз өсіп-өркендеп келеді. 2020 жылға қарай мемлекеттік тілді меңгергендердің қатары 95 пайызға дейін жететін болады.
Еліміздегі барлық мектептер мен оқу орындарында қазақ тілінде оқыту үрдісі жүріп жатыр» деген.
«Тілден асқан байлық жоқ» тон-торқа, мал-мүлік, алтын-күміс байлығы түпкілікті емес. Күндердің күнінде сарқылады, тозады. Халықпен бірге мәңгі жасайтын тіл байлығы екенін ұмытпайық. Тіл –ұлттықтың негізгі белгісі, тіл ұмтылса –салт -дәстүріміз де ұмтылады, өзге тілдің бәрін біл өз тіліңді құрметтеу керек, өз тілін білмеген адам ата –баба тарихын ешқашан түсіне алмайды.
Егеменді елдің тірегі тіл мен тариз екенін бір сәт естен шығармайық, қымбатты достар!!
Жеткіншектің Жеті жарғысы жобасы аясында: «Тарих пен тіл тамырлас»
тақырыбында өткізілген
сынып сағатының анықтамасы
Желтоқсан айының 5 жұлдызында 8 сынып оқушыларымен Жеткіншектің Жеті жарғысы жобасы аясында: «Тарих пен тіл тамырлас» тақырыбында ашық сынып сағатын өткізді. Ашық сағатта Қазақстан пайда болу тарихы айтылды. Тәуелсіздік алғаннан кейін әр ел өзінің мемлекеттік тілін енгізіп, заң шығара бастады. Тілден асқан байлық жоқ» тон-торқа, мал-мүлік, алтын-күміс байлығы түпкілікті емес. Күндердің күнінде сарқылады, тозады. Халықпен бірге мәңгі жасайтын тіл байлығы екенін ұмытпайық. Тіл –ұлттықтың негізгі белгісі, тіл ұмтылса –салт -дәстүріміз де ұмтылады, өзге тілдің бәрін біл өз тіліңді құрметтеу керек, өз тілін білмеген адам ата –баба тарихын ешқашан түсіне алмайды. а деген мақтаныш сезімін оянады. Балалар сабақ барысында белсенділік танытып, барлық мәліметті бойына сіңірді.
Достарыңызбен бөлісу: |