Microsoft Word Асылбекова А. А. Mapimfo



бет3/23
Дата14.09.2023
өлшемі3.61 Mb.
#477591
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
mapinfo каз лабы

КІРІСПЕ


MapInfo пакеті мүмкіндік/баға қатынасы бойынша геоақпарат- тық бағдарламалардың ішіндегі үздіктердің бірі болып табылады. MapInfo геоақпараттық жүйесі 90-жылдардың басында жасалған болатын. Бүгінгі күнде бұл пакет ГАЖ нарығындағы бестселлер жəне еліміздегі компьютерлік картография арасында лидер болып табылады. MapInfo жүйесі кəсіби деңгейде жұмыс жасайтын қуатты SQL сұрау енгізілген картографиялық интерфейстері бар мəліметтер базасы болып табылады. MapInfo OLE2 жəне ODBC жұмыс жасайды жəне Visual Basic, Power Builder, Delphi жəне т.б. басқаруымен функционалдығын жоғалтпай жұмыс жасай алады. MapInfo-ны Map Basic өнімдерімен бірге пайдалану əр адамға нақты қолданбалы мəселелерді шешу үшін өзінің мəселелік- бағдарлау ГАЖ-ын құрастыруға мүмкіндік береді.


Бұл оқу құралы адрестік жəне кеңістіктікте байланған ақпарат- тарды өңдеу мен талдаудың негізгі жағдайларын қамтыған. Mapinfo столдық картографияның дамыған жүйесі ретінде қарастырылады, аудан жасау, жойылып кеткен мəліметтер базасымен байланыс жасау, басқа қосымшаларға графикалық нысандарды қосу, тақырыптық карта жасау, мəліметтердегі тенденциялар мен заңдылықтарды анықтау сияқты географиялық талдаудың күрделі мəселелерін шешеді.
    1. РАСТРДЫ ДАЙЫНДАУ ЖӘНЕ КЕҢІСТІКТЕ БАЙЛАУ




      1. Картаны сканерлеу




Сандық картаның растрлық форматын жасау сканер – графикалық ақпараттарды оқуға арналған құрал (сандық формаға айналдыру) көмегімен іске асырылады. Сканерлеу алдында міндетті түрде картаның физикалық кемшіліктерін жою қажет: қатпарларын тегістеу, ұқыпты жабыстыру (егер карта жыртылса). Картада кемшіліктер неғұрлым аз болған сайын карта дəлірек байланады жəне векторизацияланады.


Бейнені қанағаттанарлықтай дəрежеде алу үшін дюйміне 300 нүктеден кем емес дəлдігін қойған дұрыс. Сапалы бейне алу үшін жəне растрлық бейне алу үшін аэро жəне ғарыштық суреттерді 600-800 dpi дəлдігімен сканерлеген дұрыс. Растрды сақтау үшін GIF жəне Jpeg (минимальды компрессиямен) форматын қолданған дұрыс, ал векторизациялау үшін оларды TIFF немесе BMP форма- тына ауыстырған дұрыс, себебі олар компьютермен тезірек өңде- леді. Егер сіз 24 - немесе 32 – биттік режимде (түрлі түсті) сканер- леп, TIFF форматында сақтасаңыз, онда GIF форматында сақтай отырып растр көлемін 3 есе кішірейтіп, (8 – битке айналдырып) сонан соң қайтадан TIFF форматына ауыстыра аласыз.




      1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет