Microsoft Word Хабаршы№2 2011(2)


Абай институтының хабаршысы. № 2(8) 2011



Pdf көрінісі
бет105/133
Дата18.10.2023
өлшемі4.03 Mb.
#480964
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   133
Abai habarshysy 2(8) 2011(2)

 
Абай институтының хабаршысы. № 2(8) 2011 
84 
тырмалы əдісті талап етеді. Абай негіздеген 
ұлттық жəне жалпы-адамзаттық рухани құнды-
лықтардың түп төркінін, шығу тегін анықтау 
міндеті осы əдісті таңдауды талап етеді. Екін-
шіден, зерттеу пəні - бірбүтін ірі құбылыс. 
Мұндай бірбүтін ірі құбылысты зерттеу жүйелі 
зерттеу əдісін талап етеді. Осы əдіс негізінде 
бүтін арқылы бөлшекті тануға, бөлшек арқылы 
бүтінді тануға болады. Үшіншіден, жобада 
негізделген ғылыми мəселе - кешенді мəселе. 
Мұндай кешенді ғылыми мəселені шешу 
пəнаралық зерттеуді талап етеді. Пəнаралық 
зерттеу кешенді зерттеу əдісінің басты прин-
циптерінің бірі болып табылады. Сөйтіп, 
зерттеу барысында аталған үш əдістің прин-
циптері басшылыққа алынады: тарихи-салыс-
тырмалы зерттеу əдісі; жүйелі зерттеу əдісі; 
кешенді зерттеу əдісі.  
Күтілетін нəтижелер: Жобаның орында-
луынан мынадай нəтижелер күтіледі:
1) Абайдың суреткерлік ұстанымдарының 
ұлттық жəне жалпыадамзаттық мəні анық-
талады;
2) Абайдың суреткерлік ұстанымдарының 
туып, қалыптасуына ықпал еткен əлеуметтік 
факторлар зерделенеді;
3) Абайдың ұлттық жəне жалпы-адамзаттық 
қағидаларының жүйесінде елдің ынтымағы мен 
бірлігі, адамнің кемелдігі, елдің мемлекеттік 
тəуелсіздігі туралы ұстаным-дардың көркемдік 
жəне идеялық мазмұны ашылады;
4) Абай шығармашылығының поэтикалық 
жүйесіндегі а) антропологизмнің, ə) хроно-
топтың, б) психопоэтиканың, лингво-поэти-
каның, дəстүрлі мəдениеттің мазмұны мен мəні, 
көркемдік қызметі анықталады;
5) 
Абайдың 
əдеби 
аудармашылығы, 
шығармашылығы негізінде мына елдердің клас-
сикалық əдебиеті үлгілерінің қазақ қоға-мында 
қабылдану деңгейі анықталады: а) орыс əдебие-
тінің (Пушкин, Лермонтов, Лев Толстой); ə) 
неміс əдебиетінің (Гете); б) ағылшын əдебие-
тінің (Байрон); в) қытай əдебиетінің (Конфуций, 
Лаоцзы); г) көне грек əдебиетінің (Аристотель, 
Ксенефонт, Сократ); д) діни əдебиеттер (Құран, 
Сахи хадистер, Тора, Библия, т.б.); 
6) Абайдың əдеби мұрасын эстетикалық 
қабылдау теориясын негізделеді; 
7) Зерттеу нəтижелерінің инновациялық 
сипатын, бəсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету 
мен коммерциализациялаудың, ғылыми еңбек-
тер рыногына шығарудың инновациялық 
технологиясы жасалады; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет