Абай институтының хабаршысы. № 2(8) 2011
52
ҚОҒАМТАНУ
К. Қамзин
ҚАЗАҚ РЕПОРТАЖЫНДАҒЫ ДƏСТҮР ЖАЛҒАСТЫҒЫ
Аннотация. Мақалада қарастырылған мəселелер. Қазақ репортажының ерекшеліктері.
Репортаждың көркемдік құралдары.Репортаж жанрының бастаулары. Дəстүр мен жалғастық.
Тірек сөздер: репортаж, ерекшеліктер, құралдар, бастаулар, дəстүр, жалғастық.
К. Хамзин
ТРАДИЦИЯ В КАЗАХСКОМ РЕПОРТАЖЕ
Аннотация. Вопросы, рассматриваемые в статье. Особенности казахского репортажа.
Художественные средства репортажа. Истоки қазахского репортажа. Традиция и преемствен-
ность.
Ключевые слова: репортаж, особенности, средства, истоки, традиция , преемственность.
K.Kamzin
TRADITION IN THE KAZAKH REPORT
Abstract.The issues dealt in this article. Prototype of the national journalism. The basic formations of
modern forms of publicism. Archetypes of a genre of the reporting in lyric poet of Abai.
Keywords. journalism, genre, the reporting, archetype, publicism.
Заманалы журналистика ғылымы (кез келген
пəн де солай) төрт шартқа сүйенеді: теория мен
тəжірибеге, дəрісшілік пен тəрбие беру
ықтиятына. Осы төртеуінің басы біріккенде, бір-
біріне демеу болғанда ғана ұлттық баспа-сөздің
түтіні түзу шығары кəміл. Сондықтан осы төрт
тарамның қайнар көзін ұлттық топырақтан
қазып, басқа үлгі-өнегелерді қосымша, кірме,
байытқыш
элементтер
ретінде
қарастыр-
ғанымыз абзал. Расына келер болсақ, журна-
листика теориясы мен тəжірибесінде біз əлі
күнге дейін бөтеннің ығынан шыға алмай, жатқа
жал-тақтап келе жатқанымыз сыртқа аян
болмаса да, өзімізге жа-сырын емес. Бұл, бірін-
шіден, гуманитарлық кеңістіктегі баяғы ортақ
позицияның зардаптары, байырғы дəстүр мен
тағлымның əбден сүйегімізге сіңіп қалған-
дығынан деп топшылауға хақылымыз. Екінші-
ден, журналистика ғылымын, оның жанрлар
жүйесін азат ағымға қарата жөнге салатын
танымал ғалымдарымыздың осы күні қатары-
мызда жоқ екендігінен деп шамалаймыз. Үшін-
шіден, бүгінгі зерттеушілер жанрлар жара-
тылысы мен үйлесімділігі үдерісін емес,
медиамəтін анатомиясын шұқшия зерттеуге ден
қойып бара жатқаны да – жəне бір себеп. Төр-
тіншіден, бұл проблема ғалымдар корпусының,
əсіресе жас ізденушілер алғырлығына, білімі
мен білігіне, зияткерлік əлеуетіне, инно-
вациялық пікір өрбітуіне келіп тіреледі. Ен-
деше, шідер-тұсауынан арылған ой-сана, ел
басына қонған бүгінгі базарлы кезең көне
шығысқа һəм бүгінгі шығысқа көз тігуге, өз
игіліктерімізді жаңаша кескіндеуге, евро-
кіндіктік ағымға енді қайрат қылмай бас имеуге,
жатағандық, жайбасарлық мінезден шұғыл
арылуға, ұлттық бастауларымыздың, қазақы
архетип образдарымыздың көсегесін көгертуге
жол ашып беріп отыр. Профессор Т.К. Кəкі-
шевтің: «Дəстүрлі поэзия өкілдерінің, əсіресе,
ХІХ ғасырда айрықша өріс алған ақындар
айтысы мен сал-серілердің өнерпаздығы Қазан
төңкерісіне дейін поэзиядан басқа жанр
болмаған деп кемсітетін, сөйтіп, жетілмеген
|