Microsoft Word Хабаршы№2 2011(2)


Абай институтының хабаршысы. № 2(8) 2011



Pdf көрінісі
бет67/133
Дата18.10.2023
өлшемі4.03 Mb.
#480964
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   133
Abai habarshysy 2(8) 2011(2)

 
Абай институтының хабаршысы. № 2(8) 2011 
52 
ҚОҒАМТАНУ 
 
К. Қамзин 
ҚАЗАҚ РЕПОРТАЖЫНДАҒЫ ДƏСТҮР ЖАЛҒАСТЫҒЫ
Аннотация. Мақалада қарастырылған мəселелер. Қазақ репортажының ерекшеліктері. 
Репортаждың көркемдік құралдары.Репортаж жанрының бастаулары. Дəстүр мен жалғастық. 
Тірек сөздер: репортаж, ерекшеліктер, құралдар, бастаулар, дəстүр, жалғастық. 
К. Хамзин 
ТРАДИЦИЯ В КАЗАХСКОМ РЕПОРТАЖЕ 
Аннотация. Вопросы, рассматриваемые в статье. Особенности казахского репортажа. 
Художественные средства репортажа. Истоки қазахского репортажа. Традиция и преемствен-
ность. 
Ключевые слова: репортаж, особенности, средства, истоки, традиция , преемственность. 
K.Kamzin 
TRADITION IN THE KAZAKH REPORT 
Abstract.The issues dealt in this article. Prototype of the national journalism. The basic formations of 
modern forms of publicism. Archetypes of a genre of the reporting in lyric poet of Abai.
Keywords. journalism, genre, the reporting, archetype, publicism.
 
Заманалы журналистика ғылымы (кез келген 
пəн де солай) төрт шартқа сүйенеді: теория мен 
тəжірибеге, дəрісшілік пен тəрбие беру 
ықтиятына. Осы төртеуінің басы біріккенде, бір-
біріне демеу болғанда ғана ұлттық баспа-сөздің 
түтіні түзу шығары кəміл. Сондықтан осы төрт 
тарамның қайнар көзін ұлттық топырақтан 
қазып, басқа үлгі-өнегелерді қосымша, кірме, 
байытқыш 
элементтер 
ретінде 
қарастыр-
ғанымыз абзал. Расына келер болсақ, журна-
листика теориясы мен тəжірибесінде біз əлі 
күнге дейін бөтеннің ығынан шыға алмай, жатқа 
жал-тақтап келе жатқанымыз сыртқа аян 
болмаса да, өзімізге жа-сырын емес. Бұл, бірін-
шіден, гуманитарлық кеңістіктегі баяғы ортақ 
позицияның зардаптары, байырғы дəстүр мен 
тағлымның əбден сүйегімізге сіңіп қалған-
дығынан деп топшылауға хақылымыз. Екінші-
ден, журналистика ғылымын, оның жанрлар 
жүйесін азат ағымға қарата жөнге салатын 
танымал ғалымдарымыздың осы күні қатары-
мызда жоқ екендігінен деп шамалаймыз. Үшін-
шіден, бүгінгі зерттеушілер жанрлар жара-
тылысы мен үйлесімділігі үдерісін емес, 
медиамəтін анатомиясын шұқшия зерттеуге ден 
қойып бара жатқаны да – жəне бір себеп. Төр-
тіншіден, бұл проблема ғалымдар корпусының
əсіресе жас ізденушілер алғырлығына, білімі 
мен білігіне, зияткерлік əлеуетіне, инно-
вациялық пікір өрбітуіне келіп тіреледі. Ен-
деше, шідер-тұсауынан арылған ой-сана, ел 
басына қонған бүгінгі базарлы кезең көне 
шығысқа һəм бүгінгі шығысқа көз тігуге, өз 
игіліктерімізді жаңаша кескіндеуге, евро-
кіндіктік ағымға енді қайрат қылмай бас имеуге, 
жатағандық, жайбасарлық мінезден шұғыл 
арылуға, ұлттық бастауларымыздың, қазақы 
архетип образдарымыздың көсегесін көгертуге 
жол ашып беріп отыр. Профессор Т.К. Кəкі-
шевтің: «Дəстүрлі поэзия өкілдерінің, əсіресе, 
ХІХ ғасырда айрықша өріс алған ақындар 
айтысы мен сал-серілердің өнерпаздығы Қазан 
төңкерісіне дейін поэзиядан басқа жанр 
болмаған деп кемсітетін, сөйтіп, жетілмеген 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет