Microsoft Word Хабаршы№2 2011(2)



Pdf көрінісі
бет74/133
Дата18.10.2023
өлшемі4.03 Mb.
#480964
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   133
Abai habarshysy 2(8) 2011(2)

 
 
 
 


 
Абай институтының хабаршысы. № 2(8) 2011 
57 
СЫН ЖƏНЕ БИБЛИОГРАФИЯ
 
 
 
 
 
 
 
Ж. Дəдебаев 
ЖАЗУШЫ ШЕБЕРЛІГІ 
Аннотация. Мақалада қарастырылған мəселелер. Жазушы С.Сматаевтың шығармашылығы. 
Жазушының дүниеге көзқарасы мен дүниетанымы. Шығармашылық даралық жəне көркемдік 
шеберлік. 
Тірек сөздер: шығармашылық, көзқарас, таным, ұстаным, шеберлік, даралық.
Ж. Дадебаев 
МАСТЕРСТВО ПИСАТЕЛЯ 
Аннотация. Вопросы, рассматриваемые в статье. Мировоззрение и мировосприятие писателя. 
Творческая индивидуальность и художественное мастерство. 
Ключевые слова: творчество, мировоззрение, мировосприятие, индивидуальность, мастерство.
 
Zh.Dadebaev 
WRITER’S SKILL 
Abstract.The issues dealt in this article. Outlook and worldview of the writer. The creative personality and 
artistic skills.
 
Keywords: art, worldview, attitude, personality, skill. 
Қоғамдық санада өнер мен кəсіптің тегі ту-
ралы асыл ойлардың алуан сырлы желісі бар. 
Өнердің таланттан шығатыны, кəсіпке талап-
тың жеткізетіні жайында да пікірлер аз емес. 
Бұрынғылардың тəжірибесіне қара-ғанда, осы 
ойлар мен пікірлердің бəрінің де негізі берік 
сияқты болып көрінуші еді. Ендігі тұста өнер 
мен кəсіптің, талант пен талаптың арасын 
ашып айтудың өзі оңай емес. Қолына қалам 
алып, қағаз жазғанның бəрі өзін талант деп 
танып, өзгелерге де осылай танылуға ұмты-
луда. Өз білімі мен білігі деңгейінде бұлардың 
əрқайсысы өзінің талант екеніне, талантты 
өзіне Тəңірдің бергеніне сенімді.
Таланттың Жаратушыдан екенін ертеде 
өткен данышпандардың көбі айтқан. Солардың 
ойы Платонға, одан Аристотельге жалғасып, 
біздің Əбу Насыр əл-Фарабиге дейін жеткен. 
Бүкіл ғаламды, тіпті сөз бен адамның өзін де 
Бір Алла жаратқанына иланғанда, адамның 
бойындағы таланттың да Жаратушыдан еке-
ніне сенуге тура келеді. Бірақ сөз бен адамды 
Бір Алла жаратқанмен, адамның аузынан 
шыққан, адамның қолымен қағазға түскен 
сөздің бəрін Алланың құдіретінен, Алланың 
берген талантынан деу асылық болар еді. 
Байырғылардың пайымдауынша, шынайы 
өнер туындысы Жаратушының берген шабыт 
қуаты нəтижесінде дүниеге келеді [1, 142-143]. 
«Тəңірінің 
берген 
өнері 
Көк 
бұлттан 
ашылса...» [2, 256], - деп, Абай осыны айтады. 
Даналардың сөзінде қапы жоқ. Кемел. Сөздің 
сыртындағы емес, ішіндегі кемелдік. Оның 
мəнісі – кісінің өз «көрген-білгенін əділет пен 
ақылға сынатып, алыс-жақынға солардың 
сөйле дегенін білдіруде» [2, 256-258]. Абай 
тоқтаған осы аталы сөзге ақын не жазушы ғана 
емес, бар қазақ, тіпті жалпы адамзат тоқтаса 
болғандай. Өйткені əділет пен ақылдың 
сынынан өткен ой мен сөз Алланың сынына да 
сай келсе керек.
Бүгінде жетпіс жасқа толған мерейтойы 
үстінде отырған Алаштың халық жазушысы, 
қазақ əдебиетінің классигі Софы Сматаевтың 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет