2. Зерттеу тəжірибесінің мақсаты мен
міндеттері
2.1 «6N0207-Аударма ісі» мамандығы
магистранттарының зерттеу тəжірибесінің (ары
қарай – ЗТ) мақсатына оқу барысында алынған
кəсіби білімді кеңейту, жеке ғылыми-зерттеу
жұмысын жүргізуге қажет тəжірибелік білім
мен қабілетті қалыптастыру. Магистранттардың
зертттеу тəжірибесі диссертация тақырыбы
бойынша қарқынды жұмыс ұйымдастыруға
жəне ғылыми зерттеу жұмыстарының ерек-
шеліктерін меңгеруге арналған.
2.2 ЗТ негізгі міндетіне аударма мен
аударматанудың өзекті ғылыми мəселесін
зерттеуде тəжірибе алмасу, сондай-ақ магис-
трлік диссертация жазу үшін қажет материал-
дарды жинақтау мен жүйелеу жатады. Зерттеу
тəжірибесінің негізгі міндеттерін жүзеге асыру
кезінде магистранттар ғылыми-зерттеу жұмы-
сын орындауға қажет білім алып, мынадай
қабілеттерді дамытады:
- магистранттың кафедра ұйымдастырған
ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысуы;
- магистранттың кафедра ұйымдастырған
ғылыми-зерттеу жұмыстарына жеке үлес қосуы;
- магистрлік диссертация үшін материал
жинау;
- магистранттың магистрлік диссертацияда
қарастырылатын мəселелер бойынша əдебиет-
терді, нормативті жəне əдістемелік материал-
дарды оқып-білуі;
- магистрант таңдаған зерттеу тақырыбының
өзектілігі мен тəжірибелік маңызын бекіту;
- конференциядағы баяндама тезистері мен
баспаға шығарылатын мақалаларды, магистрлік
диссертация бөлімдерін даярлау;
- қазіргі заманауи ақпараттық техноло-
гияларды қолдану арқылы библиографиялық
жұмыс жүргізу;
- зерттеу жұмысын жүргізу барысында
туындайтын міндеттерді тұжырымдау жəне
шешу;
- белгілі бір зерттеудің міндеттерін (магис-
трлік диссертацияның тақырыбы бойынша
немесе ғылыми жетекшінің магистрлік бағдар-
|