Microsoft Word Хабаршы№2 2011(2)


Абай институтының хабаршысы. № 2(8) 2011



Pdf көрінісі
бет99/133
Дата18.10.2023
өлшемі4.03 Mb.
#480964
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   133
Abai habarshysy 2(8) 2011(2)

 
Абай институтының хабаршысы. № 2(8) 2011 
79 
эмпирикалық мəліметтерді жинау мен оларды 
алдын ала талдау жатады. Сондай-ақ магистрлік 
диссертация нəтижелерін ғылыми тұрғыда 
түсіндіру, оларды жалпылау, орындалған 
зерттеу жұмысын толық талдау, теориялық 
жəне эмпирикалық материалдарды ғылыми-
зерттеу жұмысының есебіндегі қойылатын 
талаптарға сəйкес рəсімдеу жатады.
5. Тəжірибеден өту жоспары 
5.1 Магистрант тəжірибе орнына күнтіз-
белік-тақырыптық жоспарда белгіленген мер-
зімде келуге міндетті.
5.2 Зерттеу тəжірибесінен өту барысында 
магистрант мекемедегі (кəсіпорындағы) ішкі 
жұмыс кестесінің ережелері мен еңбек заңнама-
сының талаптарын орындауы қажет. 
5.3 Магистрант бекітілген күнтізбелік 
жоспар бойынша тəжірибе бағдарламасының 
талаптары мен кəсіпорындағы (мекемедегі) 
тəжірибе жетекшісінің нұсқауларына сəйкес жұ-
мыс орындауы шарт. Магистрант күнделікке 
атқаралған жұмыстың түрі мен мерзімін күн 
сайын жазып отырып, оған кəсіпорындағы 
(мекемедегі) тəжірибе жетекшісінің қолын 
қойдыруы тиіс. 
1-апта. Теория, əдістеме саласына қатысты 
жəне магистрлік диссертацияның тақырыбына 
байланысты мəселелерді анықтау. Теориялық
нормативтік жəне əдістемелік материалдарды 
жинақтау мен өңдеу.
2-апта. 
Ғылыми-зерттеу 
жұмысының 
ұйымдастыру-құқықтық 
нысанын 
зерттеу. 
Зерттеу тəжірибесінің базасын ұйымдастыру 
құрылымымен танысу. Зерттеу жұмысының 
түрлерін, зерттеу жұмысының негізгі үдеріс-
терін анықтау, ғылыми өнімдердің нарықтағы 
жағдайын бағалау. 
3-апта. Зерттеу тəжірибесінің негізгі нəти-
желерін жалпылау. Зерттеу тəжірибесінің нəти-
желерін талдаудың қарапайым түрлерін (не 
олардың элементтерін), ғылыми жетекшінің 
магистранттың ғылыми қызметінің бағытын ес-
керіп жасаған ерекше əдістемелерін саралауда 
пайдалану мүмкіндігін бағалау.
4-апта. Жиналған материалды жүйелеу, 
талдау жəне бағалау. Магистранттың зерттеу 
тақырыбы бойынша ұсыныстар жасауы, жасал-
ған ұсыныстарды зерттеу тəжірибесі базасының 
мамандарымен талқылау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет