Миды дамытатын әдістер жиынтығы Әділбек Исламбек


Салмағы ауыр заттарды көтеру



Pdf көрінісі
бет2/8
Дата28.09.2023
өлшемі0.7 Mb.
#479090
1   2   3   4   5   6   7   8
Әділбек Исламбек. Миды дамытатын әдістер

Салмағы ауыр заттарды көтеру
Жаңа зерттеулер дәлелдегендей, жаттығу кез нде салмағы ауыр к р тастарын көтеру
де есте сақтауды 20 %-ға жақсартады екен.
Би кке өрмелеу
«Шыңға шығу мен ағашқа өрмелеу де есте сақтау қаб лет үш н пайдалы» - дейд
ғалымдар. Себеб тепе-теңд кт сақтау арқылы жад жұмысы жақсара түсед екен.
Б р сөзбен айтқанда, миды үнем жұмыс стет п тұрсаңыз, есте сақтау қаб лет ң з де
жақсара түсет н болады.


Есте сақтау қабілеті жасаған рекордтар
 7-орын.
Валерий Лавриненко екі жарым минут ішінде 100 белгіні, ал 3
минутта 200 белгіні мүдірместен есіне сақтап қалады. Жіберілген
қателіктері болса, ең көп дегенде бір немесе екі рет қателеседі.
6-орын.
Есте сақтау шеберлігі, әсіресе, телефон нөмірін сақтап қалуға
ерекше пайдалы. Қытай азаматы Гу Янлинь өзінің 26 жасында Харбин
қаласының 15 мыңға тарта телефон нөмірін білген. Тасмания штатының
анықтама бөлімшесінің операторы Паула Прентис 128603 тұрғынның
телефон нөмірінің абонентін, аты-жөнін, мекенжайын, бөлімше аттарын
есіне сақтап қалған. Паулаға тіпті жергілікті құтқару қызметі жиі
хабарласып керекті мәліметтерін алады екен.
5-орын. 
Самвел Гарибян айна қатесіз парсы, бенгал, пүшту секілді оннан
астам шет тілінен шыққан 1000 сөзді айтып бере алады.
4-орын.
 Америкалық Барбара Мур пианина музыкалық аспабымен 1852
әуенді есту сезім мүшесі арқылы ойнаған. Оның сауық кеші 1988 жылы 25
қазан мен 13 қараша аралығына дейін жалғасқан.
3-орын. 
1996 жылы 24 маусымда Канада еліндегі «Гиннесс рекордтар
кітабы» мұражайында Дейв Фэрроу бірізділігі ауыстырып қойылған 52
картадан тұратын колонаны бір ғана көз қыры арқылы 6 ғана қателік
жіберіп есіне сақтап үлгерген.
2-орын. 
Поляк футбол клубының кассирі Леопольд Хелд өзінің 12 жылдық
жұмыс тәжірибесінде клубтың барлық ойын көрсеткішін және әр ойыннан
түскен кірісін әлі күнге дейін есінде қалған.
1-орын.
Бүкіл әлемдегі казино орындары ағылшын Доминик О’Брайенге
казино ойнауға тыйым салған. Ол колодада қандай карталар қалғанын
есте сақтап алып, қойған бағасын бірден өсіріп жібереді екен. Доминик бір
сағаттың ішінде 300 шет тіліндегі сөзді жаттап ала алады. Ал 2-3 күннен
кейін сол тілде еркін оқиды. 1994 жылы шет тіліндегі сөздерді жаттау
бойынша әлем чемпионатында Доминик 15 минуттың ішінде 156 қытай
тіліндегі сөзді айтып, бірінші орынды иеленген.


Егер алынған ақпарат жадта сақталса және іс жүзінде кәдеге жараса ол екі есе
пайдалы болмақ. Кітапты оқу бір бөлек те ондағы мәліметтерді, оқиғаларды есте
сақтау бір бөлек. Көбіне біз оқыған кітаптағы оқиғаларды, мәліметтерді ұмытып
қалып жатамыз. Бұл – табиғи процесс. Оқыған кітабіңізді есте сақтаудың бірнеше
әдісі бар. Соның біріне тоқталайық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет