«Мифопоэтика» пәні бойынша №26 емтихан билеті


Қазақ мифологиясындағы образдар жүйесі туралы өз ойыңызды жазыңыз



бет3/6
Дата15.12.2023
өлшемі45.53 Kb.
#486770
1   2   3   4   5   6
«Мифопоэтика» пәні бойынша №26 емтихан билеті-emirsaba.org

3 Қазақ мифологиясындағы образдар жүйесі туралы өз ойыңызды жазыңыз.
Жалпы әдебиеттану ғылымында образ – көркем бейне. Яғни астарында белгілі бір көркем қиялға негізделіп, өмірмен «астасып», белгілі бір оқиға не мағлұмат, іс-мәнді жеткізу мақсатында қолданылатын жанды құбылыс. Қай шығарманы алсақ та, ондағы басты өзек – оны «жандандыратын» күшінде, яғни образдың кең тарапта берілуінде. Әдебиеттану ғылымында образдың бірнеше түрі бар. Ғалым Зейнолла Қабдолов образды жалпы қарастырып, оның ішінде романтикалық образ деп бөліп алып, бүгінгі біздің қазақ мифологиямыздың образдарын осы түрге тиемелдейді. Ғалымның пікірі мынадай: «Романтикалық образ - әдебиеттегі адам бейнесінің байырғы түрлерінің бірі. Бұл образдың алғашқы үлгілері баяғы көне дүние әдебиетінде, оның «әрі өнген топырағы, әрі байлық қоры» боп табылатын мифте, қала берсе, қай халықтың болса да ауыз әдебиетінде жатыр. Әрқашан алға, алысқа, арманға асыққан халықтың қиялы да телегей-теңіз. Ал романтикалық образдың негізінде қиял жатады. Романтикалық образ өмірдегі болған немесе бар деректен гөрі өмірде әзірше жоқ, бірақ болатын дерекке негізделеді». Осылайша ғалым романтикалық образдың әдебиеттегі эстетикалық, тәрбиелік мәнінің зор болып, әлі күнге дейін ел жадында толық бейненің сақталып, кейінгі шығармаларға «өзек» бола алатынын пайымдайды. Шынында, Желаяқ, Тайсоғар, Көлтауысар, Қожанасыр, Алдар көсе секілді кейіпкерлер халықтың қиялынан, болашақта осындай «керемет әрекетті», халыққа қолғабысы мол тұлғалардың армандауынан, болашаққа «үміт» артуынан туды.
Бірақ қазақ мифологиялық әдебиеті жеке өзіндік бір сала ретінде таныла бастағаннан кейін, оның өзіндік кйеіпкерлер әлемі қалыптасады. Әдебиеттануда бұл саналаның кейіпкерлері тұтастанып, бірігіп, жалпыланып, әдебиеттер тоғысында бір бүтіндікке айналады. Ал жеке саланың төл «туынысы» ретінде алып қарар болсақ, оның арнасы кең. Ғалым С.Қасқабасов мифологиялық кейіпкерлердің саралану тәртібін былайша қарастырады: «...Олар өзінің шығу тегі мен мезгіліне, іс-әрекетіне қарай екі топқа бөлінеді. Бірі – архаикалық мифте бейнеленетін ілкі ата мен жасампаз қаһарман. Алғашқы адамға аң аулап, от жағып, тамақ пісіруді, яғни өмір сүруді үйретуші және оның әдет-ғұрыптарын орындаушы болып суреттеледі. Екінші топтағы кейіпкерлер – қастандық ойлаушы албасты, жезтырнақ, жалғыз көзді дәу, үббе, күлдіргіш, айдаһар, жалмауыз-кемпір т.б.». Яғни ғалым мифологиялық кейіпкерлерді екі топқа жіктейді. Ал біз мифтің шығу арнасы мен таралу кеңістігіне, уақыт талабының сақталуына орай негізгі 2 топқа бөліп қарастырғанымыз жөн:
1. Мифонимдер. 2. Жасампаз қаһарман.
Мифоним – мифке, мифтік оқиғаға, мифологиялық сюжетке қатынасып, халықтық қиялдан тарап, интеройлау жүйесінде қалыптасып, ортақ жүйеге түскен образ түрі. Интеройлау деп отырғанымыз да жалпыхалықтық түсініктің аралығында «өмір сүретін» кейіпкерлер. Мифонимдерді де былайша мағыналық-тақырыптық жағынан бөлуге болады:
1. Хикаялық мифонимдер. Хикаялық желіге құрылған мифологиялық құбыжықтар. Ғалым С.Қасқабасоватың айтуынша: «Хикая дегеніміз – ел өмірінде бар деп сенген неше түрлі жезтырнақ, үббе, албасты, күлдіргіш, жалғыз көзді дәу, шайтан, пері, дию сияқты нәрселер туралы нанымға негізделген әңгімелер» [3, 12-б.], - дейді. Яғни хикаяның астарында тұрған нәрсе – миф. Сол себепті сюжеті хикая болғанымен, ондағы кейіпкердің атауы – хикаялық мифонимдер болып табылады. Олардың ерекшелігі – кейіпкерлер ғажайып, керемет сиқырлы күшке ие.
2. Әпсана-хикаяттық мифонимдер. Яғни белгілі бір оқиғаны, іс-әрекетті немесе жағдайды көркем баяндау арқылы тыңдаушыға ғибрат беру мақсатында жұмсалатын кейіпкерлер. Шындықтан гөрі бұл бейнеде көркемдік басым. Ғалым С.Қасқабасовтың айтуынша, ол аңыз секілді тарихи оқиғаға негізделмейді, сюжеті ойдан шығарылып, я болмаса басқа шығармадан алынады және әпсана-хикаят ислам дінінің таралуымен сәйкес келеді. Шындығына келсек, жоғарыда айтып кеткендей, негізгі түпкі мақсат – ғибрат ету, үлгі болу. Мәселен, Ескендір бейнесі, Құранда берілетін Сүлеймен, Лұқпан, Қарун т.б. жайындағы сюжеттер. Басты айырмашылығы – бейненің «үлгі болу» мақсатында жұмсалуы.
3. Аңыздық мифонимдер. Жыртылай аңыздық, жартылай мифтік кейіпкерлер. Яғни мұнда белгілі бір оқиғаға байланысты орайластырылған «шындық» болмыс пен синкретистік құбылыстың мол болуы жиі ұшырасады. Мәселен, күй аңыздары (Ақсақ құлан, Жошы хан), тарихта болған адамдардың «хронологиялық-халықтық нұсқадағы түрлері (Шыңғыс хан, Ақсақ Темір турасында, Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама кезеңі жайындағы). Басты ерекшелігі – шындық пен қиял арасындағы тұтасымнан туындаған нанымды бейне ретінде көрініс табады, яғни шындық басымырақ.
4. Діни мифонимдер. Белгілі бір сенімге (дін) құрылған шығармалардағы кейіпкерлер.Бұл туындылардың бойында халықтың ойы, иланушылық, сенушілік дағдылары, таным-түсініктері жинақталған. Қанша өмірде діни дәрежеде шындық болғанымен, оның астарында халықтың алғашқы пайымы, түсінігі, нанымы жатқандықтан, мифонимдер қатарына жатқызылады. Мәселен, періштелер, жын-шайтандар, пайғамбарлар, сахабалары секілді діни бейнелер. Басты мақсаты – образдар арқылы діни уағыз бен түсінік қалыптастырту.
5. Культтық мифонимдер. Халықтың тотемдік, магиялық, фетиштік сенімдеріне байланысты туған қаһармандар. Мәселен, мал иелері, халық киелі санайтын құстар (аққу, үкі), жан-жануар. Алғашқы қоғамдық құрылыста адамдар табиғатпен етене тығыз байланыста болғандықтан, табынары, бағынары – өздеріне «қасиетті» нәрселер болды. Ай, Күн, Жер секілді табиғат құбылыстары, тотемдер – халықтың айнымас «серігі», «жанды жолдасы» болды.
Қазақ мифологиясындағы образдар жүйесі кең арналы, мол тынысты және олардың өзіне тән ерекшелігі сипат-бедері бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет