Миграцияға анықтама, Генетикалық полиморфизм



бет7/7
Дата18.12.2023
өлшемі437.4 Kb.
#486865
1   2   3   4   5   6   7
эволюция миграция генетика полиморфизм (1)

Табиғи сұрыпталу

  • Жоғарыда қарастырылған популяциялар динамикасының факторлары-панмиксияның шектелуі,гендер дрейфі,миграция,мутациялық үдеріс,популяция гендерінің жиілігін өзгертіп,популяцияларға кездейсоқ және бағытсыз әсер етеді.Ал,табиғи сұрыптау-популяция гендерінің жиілігін мақсатқа сай өзгертетін бірден-бір фактор болып табылады.
  • Сұрыптаудың түйінді тұжырымдамасы болып дарвиндік бейімделушілік саналады.Дарвиндік бейімделушілік (W) дегеніміз белгілі бір генотиптер мен фенотиптердің тіршілік ету және ұрпақ қалдыру мүмкіншілігінің салыстырмалы ықтималдығы болып табылады.
  • Адам популяцияларында сұрыптау кейде гомозиготалыларға қарсы,кейде гетерозиготалыларға қарсы бағытталған болады.

Қорытынды



  • Популяцияларда ұзақ уақыт тепе-теңдік күйінде болып, мөлшері жағынан ең сирек кездесетін генотиптен 1%-дан артық болатын бірнеше генотиптің кездесуін генетикалық полиморфизм деп атаймыз. Оның 2 түрі бар: 1. Адаптациялық полиморфизм. 2.Балансты немесе гетерозиготалы полиморфизм. Харди – Вайнберг заңы популяциялардың генетикалық тұрақтылық жағдайларын сипаттайды. Бірнеше ұрпақтар бойына генефондтары өзгермей, тұрақты болып келетін популяцияларды Мендель популяциялары деп атайды. Табиғи популяциялар,әсіресе адам популяциялары ,еш уақытта да абсолютті оңашаланбайды.Популяциялар арасында үнемі миграциялық үдерістер орын алып отырады. Бұл, популяциялардың генетикалық өзгеріштігін күшейтеді және гендер жиілігінің өзгеруіне алып келеді. Осылайша, миграцияөз эффекттері бойынша гендер дрейфіне қарама қарсы әсер етеді. Миграцияны 2 негізгі түрге бөліп қарастыруға болады, олар:Белсенді (жануарлар өздері қозғалады). Пассивті (жануарлар мұзда қозғалады немесе сумен жүреді) деп белуге болады.

Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет