1 . Нақтылы популяциядағы бір геннің жиілігінің жиынтығы тұрақты болады. Популяцияның генотиптер не аллельдер жиілігі деп процент мөлгерімен белгіленетін осы генотипке ие аллельдер не
даралар жиынтығын аллельдің “А”
жиілігінің жиынтығын р деп, ал
айтамыз.Егер популяциядағы доминатты
рецессивті
аллельдің “а” жиілігінің жиынтығын q деп белгілесек , онда p+q=1, яғни 100% тең. Бірақ доминатты және рецессивті аллельдердің саны тепе-тең болмауы керек.Доминатты аллель 60%
, рецессивті аллель 40 % немесе 90 % және 10 % , т.с болуы мүмкін.
. Нақтылы популяцияда бір аллельдің генотиптер жиілігінің жиынтығы тұрақты және Ньютон биномының жойылу заңына сәйкес болады. P2 + 2pq + q2 = 1 . P2 – АА генотипінің жиынтығы. 2pq - гетерезиготалы генотиптер жиынтығы; q2 - рецессивті гомозиготалы генотиптер жиынтығы.
. Тепе-тең популяцияларда гендердің және генотиптердің жиілігі ұрпақатр жалғасында динамикалық тепе-тең күйінде болады.
Харди – Вайнберг заңы популяциялардың генетикалық тұрақтылық жағдайларын сипаттайды. Бірнеше ұрпақтар бойына генефондтары өзгермей, тұрақты болып келетін популяцияларды Мендель популяциялары деп атайды. Мендель популяциялары эволюция құбылысынан тыс қалып отырады, себебі табиғи сұрыптау болмайды. Харди-Вайнберг заңында популяциялардың генофондтарын өзгертетін жағдайлар келтірілген. Популяция генофондының өзгеруіне алып келетін құбылыстар мен оқиғаларды эволюциялық факторлар деп атаймыз.
Эволюциялық факторларға мыналар жатады:
мутациялық процесс;
популяциялық толқындар;
оқшаулану;
миграция(гендер ағыны);
гендер дрейфі;
табиғи сұрыптау.
Миграция
Табиғи популяциялар,әсіресе адам популяциялары ,еш уақытта да абсолютті оңашаланбайды.Популяциялар арасында үнемі миграциялық (көші-қон) үдерістер орын алып отырады.Бұл,популяциялардың генетикалық өзгеріштігін күшейтеді және гендер жиілігінің өзгеруіне алып келеді.Осылайша,миграция (көші-қон)өз эффекттері бойынша гендер дрейфіне қарама қарсы әсер етеді.
Популяцияның өзгеруіндегі миграциялық құрылымы маңызы. Миграция жеке тұлғалардың бір популяциядан екінші популяцияға ауысу процесі және осы екі популяция өкілдерінің кейіннен қиылысуы. Коші-қон "гендер ағымын" қамтамасыз етеді, яғни жана гендердін енуіне байланысты популяцияның генетикалық құрамының өзгеруі. Көші-қон жалпы түрлердегі аллельдердің жиілігіне әсер етпейді, алайда жергілікті популяцияларда гендер ағыны аллельдердің салыстыралы жиілігін айтарлықтай өзгерте алады.