Микробиологиялық зертхана. Микроскоптар сабақтың мақсаты



бет24/65
Дата06.02.2022
өлшемі334 Kb.
#455134
түріСабақ
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   65
микробиология зертх.сабақтар

Зең саңырауқұлақтар. Саңырауқұлақтар хлорофилсіз микроорганизмдер. Олар әр түрлі субстраттардың бетінде тіршілік етеді. Саңырауқұлақтар жасушаларының дифференциалды ядросы болғандықтан олар эукариоттар тобына жатады. Зең саңырауқұлақтар қоректік ортаға талғампаз емес, бірақ олардың көп өкілдері ауада оттегінің болғанын қажет етеді. Олар төменгі температураға төзімді, сондықтан тоңазытқыш камераларының ішінде де өсіп-өне береді. Саңырауқұлақтардың тобында сапрфиттермен қатар паразиттер де болады. Саңырауқұлақтардың екі негізгі түрлері бар: төменгі және жоғарғы, бұл түрлері алты кластан тұрады.

Төменгі түрдің саңырауқұлақтарына хитридиевтар, оомицеттер, зигомицеттер кластары жатады, ал жоғарғы түрдің саңырауқұлақтарының құрамына аскомицеттер, базидиомицеттер, дейтеромицеттер, жетілмеген саңырауқұлақтар кіреді.

Саңырауқұлақтардың хлорофилі болмағандықтан, олар өздерінің қоректенуіне керекті көміртегін тек қана дайын органикалық қоспалардан ала алады, демек олар – гетеротрофтар. Ашытқылар мен қарапайым төменгілерден басқа саңырауқұлақтардың жіңішке бұтақталған гифтерден тұратын вегетативті денесі (мицелийлері) болады.

Мицелийлерінің кейбіреулері қоректік ортаның ішінде дамып жетіледі (субстратты мицелийлер), ал енді біреулері бетінде ғана өсіп өне алады (үлпілдек мицелийлер), төменгі түрдің саңырауқұлақтарында мицелий бір жасушалы, ал жоғарғы түрдің өкілдерінде ол көп жасушалы болып келед. Септалардың (қалқалардың) саңылаулары жасушалардың өзара қарым-қатынасын қамтамасыз етіп, цитоплазма және ядролармен толықтырылған гифтерден тұратын тұйық жүйені құрайды. Кейде саңырауқұлақтардың мицелийлері түбір тәріздес өсінділерді – ризоидтарды құрайды. Ризоидтардың көмегімен олар субстратқа бекіп, қажетті қоректік заттарды алады.

Склепоциялар – дөңгелек немесе сопақ формалы гифтердің шиеленісуі. Олардың көлемі үлкен, тығыз болып, ортаның қолайсыз жағдайларына төзімді келеді. Склероцияларда қоректік заттардың қоры мол болады. Кейбір жоғарғы саңырауқұлақтарда олар мицелийлердің бүршіктену сатысы болып табылады.

Көптеген саңырауқұлақтардың мицелийлерінде қалың қабықты өсінділері бар. Сол өсінділерінің ішінде қоректік заттар жиналған. Бұл хламидоспоралар. Олар бір немесе бірнеше жасушалы болып, түрдің сақталуына мүмкіндік туғызады. Хламидоспоралар ортаның қолайсыз жағдайларына төзімді келеді.

Мукордың мицелийлерінен ұрық беретін денелер – спорангия сақтаушылары (спорангиеносцы), ал монолийлердің мицелийлерінен конидия сақтаушылары (конидиеносцы) таралады. Спорангиялар жарылған кезде олардан эндоспоралар босап шығады. Олар қолайлы жағдайға тап болған жағдайда жаңа зеңделген саңырауқұлақтар пайда болады. Конидия сақтаушылардың ішінде конидиялар немесе экзоспоралар орналасады.

Олардың формалары шар тәріздес, шоқпар тәріздес, сопақша, т.б. бболып келеді. Конидия сақтаушылардың әр тармағында бір немесе бірнеше конидиялар түзіледі. Конидия сақтаушылар тармақталған болып екі топқа бөлінеді. Аспергиллаларда мұндай жасушалар тікенек тәрізді болып, стеригмалар деп аталады. Олар конидия сақтаушылардың ұлғайған жерінде орналасады. Пеницилланың тармақталған бұтақтарының ұшында фиалидалар деп аталатын шөлмек немесе ұршық тәріздес жасушалары бар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет