Микробиологиялық зертхана. Микроскоптар сабақтың мақсаты


Шар формалы микроорганизмдер (кокктар)



бет9/65
Дата06.02.2022
өлшемі334 Kb.
#455134
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   65
микробиология зертх.сабақтар

Шар формалы микроорганизмдер (кокктар). Барлық микроорганизмдер ядролары мен органеллаларының құрылымына байланысты пркариоттар мен эукариоттарға бөлінеді. Пркариоттардың ядролық заттары (генофоры) мен органеллалары цитоплазмадан арнайы қабықшамен бөлінбеген, ал эукариоттардың ядролары мен органеллалары (митохондриялары мен хлоропластары) цитоплазмадан мембрана бөліп тұрады.

Микроорганизмдердің көбі соның ішінде шар формалылар (кокктар) прокариотты жасушалардың өкілдері. Кокктар (грекше соссus – жидек) сыртқы түріне қарағанда шар формасын еске түсіреді. Олардың сопақ, бұршақ, ланцет тәрізділері де кездеседі. Бөліну сипаты мен клеткалардың орналасуына сәйкес кокктар микрококктарға, тетракокктарға, стафилококктарға, стрептококктарға және сарциналарға бөлінеді.



  1. Микрококктар (грекше micros- кішкене) – зиянсыз, сапрофитті микробтар. Олар бөлінген соң бір-бірімен қосылмай жеке дара орналасады.

  2. Диплококктар (грекше diplos-қос) – бір жазықтықта екіден қосарланып орналасады.

  3. Стрептококктар (грекше streptos-тізбек) – бір жазықтықта бөлініп, жасушалар бір-бірімен моншақ тәрізді тізбектеліп орналасады.

  4. Стафилококктар (грекше staphyle-жүзім шоғыры) – жасушалар әр түрлі жазықтықта ретсіз жүзім шоғыры тәрізді орналасады.

  5. Тетракокктар (грекше tetra-төрт) – бір-бірімен перпендикулярлы екі жазықтықта бөліну себебінен түзіліп, төрт жасушадан орналасады.

  6. Сарциналар (латынша sarcio-байланыстыру) – өзара үш пар перпендикулярлы жазықтықта бөлініп, сыртқы формасы кірпіш тәріздес 8-16 және одан да көп болып орналасады.


Әдебиеттер:

1 Бұлашев А.Қ., Сұраншиев Ж.А., Жұмабаев Х.Ж. Жалпы микробиология пәнінен ветеринариялық медицина факультетінде оқитын студенттердің зертханалық тәжірибе сабақтарына арналған әдістемелік нұсқауы. Астана, 2005ж. 10-13 беттер. 2 Асонов Н.Р. Практикум по микробиологии // Москва, «Агропромиздат». 1988. С. 21-25. 3 Костенко Т.С., Скаршевская Е.И., Гительсон С.С. Практикум по ветеринарной микробиологии и иммунологии // Москва, «Агропромиздат». 1989. С. 21-25.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет