Жабдықтар мен материалдар. Тығыз және сұйық қоректік орталарда өсірілген микрококк, диплококк, стрептококк, стафилококк дақылдары бар шыны түтіктер, штативтер, физиолгиялық ерітінді, микробиологиялық ілмектер. Пастер пипеткалары, метилен көгі, Пфейффер фуксині және тағы басқа бояулардың ерітіндісі бар тамызғыштар, жуынды төгетін шыны аяқтар. Жағындыларды шаюға арналған шыны сауыттардағы дистилденген су, қолданған зат шыныларына және жамылғы шыныларына арналған дезинфекциялық ерітінділер құйылған ыдыстар. Никифор сұйығындағы зат шынылары. Құм сағаттар немесе басқа сағаттар. Анатомиялық пинцеттер. Спирт шамдары. Микроскоптар. Бал қарағай майы. Шар формалы микроорганизмдерден дайындалған көрнекті препараттар.
Достарыңызбен бөлісу: |