Микроорганизмдер биотехнологиясы. Саланың басты бағыттары мен міндеттері



бет2/11
Дата02.12.2022
өлшемі3.67 Mb.
#466280
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Өнеркәсіптік және ауылшаруашылық

Өнеркәсіптік және ауылшаруашылық

өндірісінің қалдықтарын биоконверсиялау

жолмен бағалы қайта пайда болатын отын

көздері спирттер, биогенді көмірсутегілер,

сутегі алынады. Қазіргі кездегі

зерттеулер қалдықсыз технологияларды

жасау және полимерлерді бұзуға негізделген

жаңа белсенді микроағзалар табуға

бағытталаған. Көрсетілген

мысалдармен биотехнологияның

жетістіктері шектелмейді. Сондықтан,

сеніммен биотехнологияны -21 ғасыр

ғылымы деп айтуға болады, онда қазіргі заманғы ғылыми сыйымдылықтар, ресурстарды үнемдеуші және экологиялық таза өндірістер жасау негізінде биотехнологиялық процестер кездеседі.

Микроорганизмдер

Микроорганизмдер– тек қана микроскоппен көруге болатын өте ұсақ организмдер . Бұларды алғаш рет 17 ғасырда голланд ғалымы А.В. Левенгук ашқан. Микроорганизмдер арасында прокариоттар және эукариоттар тобына жататындары бар. Кейде Микроорганизмдерге вирустарды да

жатқызады. Микроорганизмдер мөлшері жағынан

тым ұсақ болғандықтан, оларды табиғи

субстраттардан оқшаулап алуда (таза дақыл күйінде),

өсіруде және зерттеуде ерекше тәсілдерді қолдауды

қажет етеді. Микроорганизмдерді зерттейтін ғылым саласы – микробиология. Микроорганизмдердің басым көпшілігі бір клеткалы организмдер. Олар, көбінесе, қарапайым бөліну арқылы тез көбейеді. Көп клеткалы организмдер тән өте күрделі жынысты көбею процесі бұлардың көбінде болмайды.

Микроорганизмдер лас суларды тазартуда, жанар газ – метанды түзуде пайдаланылады. Бірқатар микроорганизмдер адамдар, жануарлар жәнеөсімдіктердің патогені болып саналады. Микроорганизмдердің кейбір түрлері топырақты құнарсыздандырып, көптеген адам шаруашылығы өнімдерін бүлдіреді, металдардың коррозияға ұшырауына ықпал етеді. Микроорганизмдер биологияның көптеген мәселелерін шешуде маңызды зерттеу нысаны болып саналады. Соның нәтижесінде көптеген биологиялық заңдылықтар ашылып, биотехнологияның негізі қаланды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет