Несиелер есебі бойынша шоттар корреспонденциясның кестесі
3. Жабдықтаушылармен және алынған аванстар бойынша есеп айырысулардың есебі
Жабдықтаушылар мен мердігерлерге тауарлық-материалдық қорларды жеткізушілер немесе әр түрлі қызметтер көрсететін және әр түрлі жұмыстар орындайтын кәсіпорындар мен ұйымдар жатады. Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысулар, әдетте, қолма-қол ақшасыз жолмен жүргізіледі.
Есеп айырысу түрі келісіммен немесе шартпен анықталады.
Есеп айырысудың негізгі түрлері мыналар:
төлемдік тапсырыс бойынша, чектермен, өзара талаптарды есепке жазу ретінде, вексельдермен.
Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысулар жөніндегі ақпараттарды көрсету үшін
3310 «Жабдықтаушылардың және мердігерлердің қысқа мерзімді кредиторлық қарызы».
4110 «Жабдықтаушылардың және мердігерлердің ұзақ мерзімді кредиторлық қарызы» шоттары арналған.
Дебет 1310, 1320, 1330, 2410, 2730, 1420
Кредит 3310, 4110
Жабдықтаушы ұйымнан алынған материалдық құндылықтардың құны
Дебет 3310, 4110
Кредит 1010, 1030
Алынған материалдық құндылықтар бойынша жабдықтаушы ұйымға берешектер нақты ақшалай сомамен төленген кезде:
4.Еңбек ақы туралы түсінік 1.Еңбек ақы – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және басқада нормативті құқықтық актілеріне, сондай-ақ келісімдермен, еңбек, ұжымдық келісім-шарттарға және жұмыс берушінің актілеріне сәйкес жұмыскерге оның еңбегі үшін берілетін сыйақының міндетті төлемін жұмыс берушінің қамтамасыз етуімен байланысты қатынастар жүйесі. Еңбекақы экономикалық категория ретінде екі жақты сипатта болады, бір жағынан ол жалданған адам үшін - табыс, ал кәсіпорын үшін - өндіріс шығыны болып табылады. 2. Еңбекақы есебін дұрыс ұйымдастыру үшін кәсіпорындарда келесідей құжаттар болуы керек: - 2. Еңбекақы есебін дұрыс ұйымдастыру үшін кәсіпорындарда келесідей құжаттар болуы керек:
- Штаттық кесте;
- Жеке еңбек келісім шарттары ;
- Жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтар ;
- Қызметкерлердің жеке карточкалары мен іс қағаздары;
- Жылма жыл беріліп отыратын, ақылы демалыс еңбекақысының кестесі;
- Демалыс беру, басқа жұмысқа ауысу, материалдық көмек көрсету, іс сапарға жөнелту туралы бұйрықтар;
- Жұмыс уақытын есепке алу табелі және еңбекке жарамсыздық қағаздары;
- Жеке еңбек келісім шартын бұзу немесе тоқтату туралы жөніндегі бұйрықтар және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |