4.Есептелген еңбекақыдан келесідей ұсталымдар жүргізіледі: 4.Есептелген еңбекақыдан келесідей ұсталымдар жүргізіледі: - міндетті зейнетақы жарнасы 10%;
- табыс салығы, алатын еңбекақы көлеміне байланысты10% ;
- әр түрлі берешектері (іс сапар бойынша, келтірілген зияндар бойынша);
- алименттер және басқа да ұсталымдар;
- міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС)
Еңбек ақы қорынан ұсталымдардың есептелу тәртібі:
1) Міндетті зейнетақы МЗА= (Еңбек ақы *10%)
2) ЖТС = (Еңбек ақы – МЗА – Мәмс- Стандартты шегерім 42882тенге) * 10%
3) Әлеуметтік сақтандыру = (Еңбек ақы – МЗА)*3,5%
5) Әлеуметті салық = (Еңбек ақы-МЗА-Мәмс)*9,5% - Әлеуметтік сақтандыру сомасы
4)Міндетті медициналық сақтандыру жарнасы = Еңбек ақы* 2% (сіздің еңбекақыңыздан )
Қолға алынатын еңбек ақы сомасы =Еңбек ақы- МЗА- ЖТС-МӘМС
5. ҚР-ның Еңбек туралы заңына сәйкес ұйымда алты ай жұмыс істеген кез келген қызметкер ақылы еңбек демалысына шығуға құқылы. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы қызметкердің соңғы 12 айлық табысына сәйкес есептеледі. 5. ҚР-ның Еңбек туралы заңына сәйкес ұйымда алты ай жұмыс істеген кез келген қызметкер ақылы еңбек демалысына шығуға құқылы. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы қызметкердің соңғы 12 айлық табысына сәйкес есептеледі. Есептеу үшін он екі айдың жалақысын он екі айдағы жалпы жұмыс күндеріне бөліп, еңбек демалысы күніне көбейтеміз. Есептеу формуласы: (айлық жалақы1+айлық жалақы2+айлық жалақы3+...айлық жалақы12) / (он екі айдағы жалпы жұмыс күні) * (еңбек демалысы күндері) = қолға алатын сома 5.1 Біздің мемлекетіміздің заңнамасына сәйкес уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақыны жұмыс беруші өз есебінен төлейді. Ол үшін қызметкер есеп бөліміне ауруханада ресімделетін еңбекке жарамсыздық парағын ұсынуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |