Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы 2003 жылғы 25 сәуірдегі №405-іі қазақстан Республикасының Заңы



бет1/3
Дата27.02.2016
өлшемі0.67 Mb.
#28573
  1   2   3
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 30.03.2015 12:01:28
Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы
2003 жылғы 25 сәуірдегі № 405-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы

(2015.17.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

1-тарау. Жалпы ережелер                               (1-13 баптар)



2-тарау. Әлеуметтік аударымдар                        (14-19 баптар)

3-тарау. Әлеуметтік төлемдерді тағайындау             (20-24 баптар)

4-тарау. Әлеуметтік төлемдер және олардан ұстап қалу  (25-26 баптар)

5-тарау. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры       (27-32 баптар)

6-тарау. Қорытынды ережелер                           (33-35 баптар)

Түпнұсқада мазмұны жоқ

 

2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «ауылдық (селолық)» деген сөздер тиісінше «ауылдық» деген сөзбен ауыстырылды (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «ставкасы», «ставкасынан», «процент», «проценті», «процентінен» деген сөздер тиісінше «мөлшерлемесі», «мөлшерлемесінен», «пайыз», «пайызы», «пайызынан» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)

 

Осы Заң азаматтарды әлеуметтiк қорғаудың мемлекет жүзеге асыратын нысандарының бiрi ретіндегі мiндеттi әлеуметтiк сақтандырудың құқықтық, экономикалық және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.



 

 

1-тарау. Жалпы ережелер



 

2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.24.03. № 420-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап өзгертілді; 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) асыраушы - өзiнiң асырауындағы отбасының еңбек етуге қабiлетсiз мүшелерiн өз табысы есебiнен асыраушы адам;

2) асырауындағылар санының коэффициентi - қайтыс болған (coт хабар-ошарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жарияланған) асыраушының асырауында болған оның отбасы мүшелерiнiң санын ескеретiн коэффициент;

3) әлеуметтiк аударымдар - өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушыға, ал асыраушысынан айрылған жағдайда оның асырауында болған отбасы мүшелерiне осы Заңға сәйкес әлеуметтiк төлемдер алу құқығын беретiн, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төленетiн осы Заңда белгiленген мiндеттi төлемдер;

2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды

3-1) әлеуметтік аударымдар бойынша берешек - есептелген және мерзімінде аударылмаған әлеуметтік аударымдар сомасы;

4) әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсi - жұмыс берушiнiң қызметкерге орындалған жұмыстар, көрсетiлген қызметтер үшiн табыс түрiнде төлейтiн шығыстары. Өзiн-өзi жұмыспен қамтыған адамның әлеуметтiк аударымдарын есептеуге арналған объект оның алатын табыстары болып табылады;

5) әлеуметтiк аударымдарды және әлеуметтiк төлемдердi есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi ұйым (бұдан әрi - Орталық) - өңірлерде құрылымдық бөлімшелері (бұдан әрі - құрылымдық бөлімшелері) бар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын;

6) әлеуметтiк аударымдарды төлеушi (бұдан әрi - төлеушi) - осы Заңда белгiленген тәртiппен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдарды есептеудi және төлеудi жүзеге асыратын жұмыс берушi немесе өзiн-өзi жұмыспен қамтыған адам;

7) әлеуметтiк аударымдар мөлшерлемесі - әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсiнiң шамасына пайыздық қатынаспен көрсетiлген, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төленетiн мiндеттi төлемдердiң тiркелген мөлшерi;

8) әлеуметтiк қатер - еңбек ету қабiлетiнен айрылуына және (немесе) жұмысынан айрылуына, асыраушысынан айрылуына, сондай-ақ жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына және бір жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне байланысты табысынан айрылуына әкеп соқтырған оқиғаның басталуы, соның нәтижесінде өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушы не ол қайтыс болған жағдайда оның асырауында болған отбасының мүшелерi осы Заңға сәйкес әлеуметтiк төлемдердi алу құқығына ие болады;

2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

9) әлеуметтiк төлемдер - әлеуметтік төлемдерді алушының пайдасына Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры жүзеге асыратын төлемдер;

2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



10) әлеуметтiк төлемдер тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган - халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын мемлекеттік органның аумақтық бөлiмшесi;

2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



11) әлеуметтiк төлемдi алушы (бұдан әрi - алушы) - әлеуметтік қатер төнгенге дейін Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына ол үшін әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген не өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам ретінде оларды өзi төлеген және әлеуметтiк төлемдер тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган оған қатысты әлеуметтiк төлемдер тағайындау туралы шешiм шығарған жеке тұлға, ал мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген қатысушысы болып табылатын адам қайтыс болған жағдайда - қайтыс болған (coт хабар-ошарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған отбасы мүшелерi;

12) еңбек ету қабiлетiнен айрылу - қызметкердiң жұмыс орындау, қызмет көрсету қабiлетiнен айрылуы, оның дәрежесi айрылған еңбек ету қабiлетiне пайыздық қатынастан көрінеді;

2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

13) еңбек ету қабiлетiнен айрылу коэффициентi - өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушының жалпы еңбек ету қабiлетiнен айрылу дәрежесiне қарай айқындалатын коэффициент;

2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен 13-1) тармақшамен толықтырылды

13-1) еңбекке жарамсыздық күндері санының коэффициенті - еңбекке уақытша жарамсыздық парағында көрсетілген күндер санына қарай айқындалатын коэффициент;

2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен 13-2) тармақшамен толықтырылды

13-2) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган - жергілікті атқарушы органның өңірлік деңгейде халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшесі;

2014.10.01. № 156-V ҚР Заңымен 14) тармақша өзгертілді (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



14) қатысу өтілінің коэффициентi - мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысудың жалпы өтіліне қарай айқындалатын коэффициент;

2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен 14-1) тармақшамен толықтырылды

14-1) медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесі (бұдан әрі - МӘС бөлімшесі) - әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі уәкілетті органның медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізетін құрылымдық бөлімшесі;

2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен 15) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)



15) Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры (бұдан әрi - Қор) - әлеуметтiк аударымдарды шоғырландыруды және мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушы болған асыраушысынан айрылған жағдайда, оның асырауындағы отбасы мүшелерiн қоса алғанда, оған қатысты әлеуметтiк қатер жағдайы басталған мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушыларға төлемдер жүргiзетiн заңды тұлға;

16) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының активтерi - әлеуметтiк аударымдар, әлеуметтiк аударымдарды төлеу мерзiмi өтiп кеткендiгi үшiн алынған өсiмпұл, инвестициялық табыс және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметiн қамтамасыз етуге арналған комиссиялық сыйақыны, әлеуметтiк төлемдерге бағытталған қаражатты және қате есептелген немесе артық төленген қаражатты қайтаруды шегерiп тастағанда, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына түсетiн Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де түсiмдер;

17) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру - еңбек ету қабiлетiнен айрылуына және (немесе) жұмысынан айрылуына, сондай-ақ асыраушысынан айрылуына байланысты, жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына және бір жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне орай табысынан айрылуына байланысты табыстың бiр бөлiгiн өтеу үшiн мемлекет ұйымдастыратын, бақылайтын және кепiлдiк беретiн шаралар жиынтығы;

18) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесi - мемлекет белгiлейтiн және кепiлдiк беретiн, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың арасындағы қатынастарды реттейтiн нормалар мен қағидалардың жиынтығы;

2014.10.01. № 156-V ҚР Заңымен 18-1) тармақшамен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

18-1) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысудың жалпы өтілі - әлеуметтiк аударымдар түскен айлардың жалпы саны;

19) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар - төлеушi; өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушы; алушы; Орталық; Қор; Қазақстан Республикасының Үкiмeтi; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi; өзге де уәкiлеттi органдар;

20) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген қатысушысы - өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар төленетiн және осы Заңда көзделген әлеуметтiк қатер жағдайлары басталған кезде әлеуметтiк төлемдер алуға құқығы бар жеке тұлға;

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



21) өзiн-өзi жұмыспен қамтыған адам (осы Заңға қолдануға болатын) - өздерiне табыс әкелетiн жұмыспен өздерiн қамтамасыз ететiн дара кәсiпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор;

22) табысты ауыстыру коэффициентi - әлеуметтiк төлемнiң әлеуметтiк аударымдарды есептеу кезiнде негiзге алынған табыс мөлшерiне қатынасын айқындайтын коэффициент;

23) уәкiлеттi орган - Қор қызметiне реттеу, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк орган.

 

2-бап. Осы Заңмен реттелетiн қатынастар



Осы Заң мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру түрлерi бойынша әлеуметтiк қатер жағдайының басталуына қарай мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушыларды әлеуметтiк қамсыздандырудың қосымша нысандарын құрумен байланысты осы Заңда көзделген қатынастарды реттейдi.

 

3-бап. Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңдары



1. Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

 

4-бап. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандырудың түрлерi



Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру мынадай түрлерге бөлiнедi:

1) еңбек ету қабiлетiнен айрылған жағдай;

2) асыраушысынан айрылған жағдай;

3) жұмысынан айрылған жағдай.

ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді)

4) жүктілігіне және босануына байланысты табысынан айрылған жағдай;

ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді)

5) жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айрылған жағдай;

ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді)

6) бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдай.

 

5-бап. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандырудың негiзгi принциптерi



Мiндеттi әлеуметтiк сақтандырудың негiзгi принциптерi мыналар болып табылады:

1) Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңдарын сақтау мен орындаудың жалпыға бiрдейлiгi;

2) әлеуметтiк төлемдердi қамтамасыз ету үшiн қолданылатын шараларға мемлекеттiң кепiлдiк беруi;

3) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысудың мiндеттiлiгi;

4) осы Заңға сәйкес әлеуметтiк аударымдарды әлеуметтiк төлемдерге пайдалану;

5) әлеуметтiк төлемдердiң осы Заңда көзделген шарттар бойынша мiндеттiлiгi;

6) әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн саралау;

7) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруды қамтамасыз ететiн мемлекеттік органдардың қызметіндегі жариялылық.

 

2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен 6-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)



6-бап. Әлеуметтiк төлемдердi алу құқығы

Мемлекет азаматтарға әлеуметтiк қатер жағдайлары басталған кезде осы Заңда белгiленген шарттармен мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру түрлерi бойынша әлеуметтiк төлемдердi алу құқығына кепiлдiк бередi.



Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар әлеуметтік төлемдерді алу құқығын Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең пайдаланады.

 

2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен 7-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)



7-бап. Әлеуметтiк аударымдардың сақталуын қамтамасыз ету

1. Мемлекет Қордағы әлеуметтiк аударымдардың сақталуына және нысаналы пайдаланылуына кепiлдiк бередi.

2. Әлеуметтiк аударымдардың сақталуы:

1) Қордың қызметiн, оның қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ететiн, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тиiстi нормалар мен лимиттердi белгiлеу арқылы реттеу;

2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi арқылы инвестициялық қызметтi жүзеге асыру;

3) Қор активтерiн инвестициялық басқару жөніндегі барлық операцияларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде есепке алу;

4) Қордың өз қаражаты мен активтерiнiң бөлек есебiн жүргiзу;

5) Қордың қызметiн қамтамасыз етуге арналған шығыстарға шектеулер енгізу;

6) жыл сайын аудит жүргiзудiң мiндеттiлiгi;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Қордың ұдайы қаржылық есептiлiгi;

8) Қор активтерiн инвестициялау үшiн қаржы құралдарының тiзбесi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң айқындауы арқылы қамтамасыз етiледi.

 

2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен 8-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



8-бап. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруға жататын адамдар

Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін алушыларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын және Қазақстан Республикасының аумағында табыс әкелетін қызметтi жүзеге асыратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қоса алғанда, қызметкерлер, өзiн-өзi жұмыспен қамтыған адамдар мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруға жатады.

 

2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен 8-1-баппен толықтырылды



8-1-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы құзыреті

Қазақстан Республикасының Үкіметі міндетті әлеуметтік сақтандыру саласында:

1) Қор активтерінен алынатын комиссиялық сыйақының пайыздық мөлшерлемесінің шекті шамасын жыл сайын белгілейді;

2) әлеуметтік аударымдарды есептеу мен аударудың тәртібін және мерзімдерін бекітеді;

3) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

4) еңбек ету қабілетінен айырылған және асыраушысынан айырылған жағдайда Қордан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыру туралы шешім қабылдайды;

5) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

 

9-бап. Әлеуметтiк төлемдердi тағайындау жөніндегі уәкiлеттi органның құзыретi



2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Әлеуметтiк төлемдердi тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган:

1) әлеуметтiк төлемдердi тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы шешiм қабылдайды;

2) еңбек қабiлетiнен айрылу дәрежесiн белгiлейді;

3) құжаттардың дұрыстығын тексереді;

4) әлеуметтiк төлемдердi тағайындауға қажеттi құжаттарды қабылдау және беру жөнiндегi талаптарды белгiлейді.

2. Әлеуметтiк төлемдердi тағайындау жөніндегі уәкiлеттi орган:

2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1) әлеуметтік төлемдерді тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы қабылданған шешім жөнінде Орталықтың құрылымдық бөлімшелері немесе халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі - ХҚО) арқылы жазбаша нысанда өтініш берушіге хабарлауға;

2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

2) әлеуметтiк төлемдердiң уақтылы және толық тағайындалуы мен олардың алынуын бақылауды қамтамасыз етуге міндетті.

3) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

10-бап. Орталықтың және оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң құқықтары мен мiндеттерi

1. Орталықтың және оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң:

1) әлеуметтiк төлемдердi тағайындау жөніндегі уәкiлеттi органға беру үшiн құжаттарды қабылдау мен олардың жиынтықтылығын тексерудi жүзеге асыруға;

2) әлеуметтiк төлемдердi тағайындау жөніндегі уәкiлеттi органның шешiмi негiзiнде Қорға Орталықтың шотына ақша аудару туралы сұрау салуға;

2013.04.02. № 75-V ҚР



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет