Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы 2003 жылғы 25 сәуірдегі №405-іі қазақстан Республикасының Заңы


Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара



бет2/3
Дата27.02.2016
өлшемі0.67 Mb.
#28573
1   2   3
Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

3) осы Заңда көзделген қызметтердi көрсеткенi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен республикалық бюджеттен қаражат алуға;

2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды  

4) әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін қажетті құжаттардың қолданылу мерзімі аяқталған кезде әлеуметтік төлемді тоқтата тұруға құқығы бар.

2. Орталық және оның құрылымдық бөлiмшелерi:

2007.12.01. № 224-III ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 538-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 538-ІV ҚР Заңымен (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді; 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1) жеке сәйкестендiру нөмiрi негiзiнде әлеуметтiк аударымдар мен әлеуметтiк төлемдердiң есебiн жүзеге асыруға және аптасына бiр рет мемлекеттік кіріс органдарымен бiрге әлеуметтiк аударымдардың түсiмін салыстыруды жүргiзуге;

2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды  

1-1) қате есепке жатқызылған немесе артық төленген әлеуметтік аударымдар және (немесе) әлеуметтiк аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегенi үшiн өсімпұлдар сомаларын қайтаруды жүзеге асыруға;

2) әлеуметтiк төлемдерден жүргiзiлген ұстап қалу туралы алушыларды хабардар етуге;

3) артық төленген сомаларды Орталық арқылы қайтару қажет болған жағдайда бұл туралы алушыға хабарлауға;

4) Қорға жасалған аударымдардың мөлшерi мен мерзiмiне қарамастан, мiндеттi әлеуметтiк сақтандырылуға тиiстi адамдарға қызмет көрсетудiң тең жағдайларын қамтамасыз етуге;

5) банктiк үш күн iшiнде әлеуметтiк аударымдарды Қорға аударуға;

6) әлеуметтiк төлемдер тағайындауға арналған құжаттарды жасауға және оларды әлеуметтiк төлемдер тағайындау жөніндегі уәкiлеттi органға осы Заңда көзделген мерзiмде беруге;

7) алушыларға әлеуметтiк төлемдердiң аударылуын уақтылы қамтамасыз етуге;

8) артық төленген әлеуметтiк аударым сомаларын осы қаражат Қордан Орталықтың шотына аударылған кезден бастап банктiк үш күн iшiнде төлеушiлерге аударуды жүзеге асыруға;

9) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, әлеуметтiк аударымдар мен әлеуметтiк төлемдердiң жай-күйi мен қозғалысы туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге;

10) осы Заңға сәйкес әлеуметтiк төлемдер тағайындау жөніндегі уәкiлеттi органға және Қорға қажеттi есептiлiктi табыс етуге;

11) әлеуметтiк төлемдердi алу мәселелерi бойынша қажеттi түсiндiрме беруге мiндеттi.

 

2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 10-1-баппен толықтырылды



10-1-бап. Міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы мемлекеттік монополия

1. Орталық және оның құрылымдық бөлiмшелерi мемлекеттік монополияға жататын қызметтің мынадай түрлерін:

2014.10.01. № 156-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың әлеуметтік аударымдары мен әлеуметтiк төлемдерін дербестендірілген есепке алуды және олардың орталықтандырылған дерекқорын қалыптастыруды;

2) Қордың қаражаты есебінен әлеуметтік төлемдерді ұйымдастыруды;

3) құжаттар қабылдау, тағайындауға арналған істердің макеттерін қалыптастыру, Қордан әлеуметтік төлемдерді қайта есептеу мәселелері бойынша әлеуметтiк төлемдер тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органмен өзара іс-қимыл жасауды;

4) әлеуметтiк аударымдар мен әлеуметтiк төлемдердiң жай-күйi мен қозғалысы туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, Орталықтың қызмет түрлеріне сәйкес, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға ақпараттық қызметтер ұсынуды;

2014.10.01. № 156-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) төлеушiлерден түскен әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтiк аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдарды Қорға аударуды, әлеуметтiк аударымдардың артық (қате) төленген сомаларын және (немесе) олар бойынша өсiмпұлдарды төлеушiлерге қайтаруды жүзеге асыруды;

2014.10.01. № 156-V ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



6) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға төлеушілердің келіп түскен және қайтарылған әлеуметтік аударымдарының тізілімдерін ұсынуды;

2014.10.01. № 156-V ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)



7) жеке сәйкестендіру нөмірі жоқ және (немесе) деректемелерінде қателер жіберілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы үшін аударылған әлеуметтік аударымдардың сомаларын төлеушіге қайтаруды жүзеге асырады.

2. Орталық және оның құрылымдық бөлiмшелерi әлеуметтік аударымдарды есепке алу, аудару, қайтару мәселелері бойынша Қормен өзара іс-қимыл жасайды.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілейді.

 

2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен 11-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



11-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi

Уәкiлеттi орган:

1) Қордың қаржылық тұрақтылығын талдауды, бағалауды және бақылауды жүзеге асырады;

2) өзiнiң бақылау және қадағалау функцияларын қамтамасыз ету үшiн Қордың қаржылық және өзге де есептiлiгiнiң тiзбесiн, нысандарын, оны ұсыну мерзiмдерiн айқындайды;

3) Қордың басшы қызметкерлерін тағайындауға келісім береді;

4) Қор қызметi туралы мәлiметтердi, сондай-ақ мемлекеттiк органдар мен ұйымдардан өзiнiң бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру үшiн қажеттi мәлiметтер алуға құқылы;

5) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен Қордың қызметін ішкі бақылауды жүзеге асырады;

6) Қордың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ететін нормалар мен лимиттерді әзірлейді;

7) Қор активтерін инвестициялау үшін қаржы құралдарының тізбесін әзірлейді;

8) Қордың бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына байланысты қызметті жүзеге асыру тәртібін әзірлейді;

9) Қор активтерінен алынатын комиссиялық сыйақының пайыздық мөлшерлемесінің шекті шамасын белгілеу туралы жыл сайын ұсыныс әзірлейді;

10) әлеуметтік аударымдарды есептеу мен аударудың тәртібін және мерзімдерін әзірлейді;

2014.10.01. № 156-V ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



11) Қордан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау, мөлшерін есептеу (айқындау), қайта есептеу, сондай-ақ олардың жүзеге асырылу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

 12) еңбек ету қабілетінен айырылған және асыраушысынан айырылған жағдайда, Қордан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін арттыру туралы ұсыныс әзірлейді;

13) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

14) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

 

12-бап. Өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушының және алушының құқықтары мен мiндеттерi



1. Өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушының және алушының:

2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



1) еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда (егер өтініш берген кезде адамның жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі белгіленсе), асыраушысынан айырылған жағдайда, жұмысынан айырылған жағдайда Орталықтың құрылымдық бөлімшелеріне немесе ХҚО-ға әлеуметтік төлем тағайындау туралы өтініш беруге;

2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды

1-1) жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайларда Орталықтың құрылымдық бөлімшелеріне әлеуметтік төлем тағайындау туралы өтініш беруге;

2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен 1-2), 1-3) және 1-4) тармақшалармен толықтырылады (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)

2) мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақылар алуына қарамастан, осы Заңда көзделген тәртiппен Қордан әлеуметтiк төлемдердi алуға;

3) төлеушiден, Орталықтан және Қордан әлеуметтiк аударымдар мен әлеуметтiк төлемдердiң және аудару мен есептелуiнiң толықтығы және уақтылы болуы туралы, сондай-ақ әлеуметтiк төлемдердi тағайындау мен алу тәртібі туралы ақпаратты сұратуға және тегiн алуға;



2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4) әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі уәкілетті орган мен осы тармақта көрсетілген өзге де мемлекеттік органдардың немесе ұйымдардың осы Заңда белгіленген әлеуметтік қамсыздандырудың қосымша нысандарын алуға құқықтарын шектеуге байланысты әрекеттеріне шағымдануға құқығы бар.

2. Өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушы және алушы:

1) әлеуметтiк төлемдер тағайындауға қажеттi құжаттарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен табыс етуге;

2) 2007.19.12. № 9-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)

3) қате төленген сомаларды қайтарып алуға;

2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда қайта куәландырудан өтуге және қайта куәландырудан өту мерзiмдерiн сақтауға;

2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды

5) әлеуметтік төлемдерді алу кезеңінде әлеуметтік төлемдер бойынша Қор міндеттемелерінің орындалуына әсер ететін барлық өзгерістер туралы, осындай өзгерістер туындаған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Орталықтың құрылымдық бөлімшелерін хабардар етуге міндетті.

 

13-бап. Төлеушiнiң құқықтары мен мiндеттерi



1. Төлеушiнiң:

2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

1) қате төленген әлеуметтік аударымдар және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдар сомаларын қайтарып алуға;

2014.10.01. № 156-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)



1-1) жеке сәйкестендіру нөмірі жоқ және (немесе) деректемелерінде қателер жіберілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы үшін аударылған әлеуметтік аударымдардың сомаларын қайтаруға;

2) аударылған сомалар туралы қажеттi ақпаратты Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен Орталықтан сұратуға және тегiн алуға;

3) осы Заңға сәйкес басқа да құқықтарын iске асыруға құқығы бар.

2. Төлеушi:

1) әлеуметтiк аударымдарды және әлеуметтiк аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегенi үшiн өсiмпұлды уақтылы және толық көлемiнде төлеуге;

2) Қорға төленетiн әлеуметтiк аударымдар мөлшерiн есептеу мен қайта есептеудi, сондай-ақ әлеуметтiк аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемеген жағдайда өсiмпұл есептеудi дербес жүзеге асыруға;

2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3) есептелген және аударылған әлеуметтiк аударымдар бойынша мемлекеттік кіріс органдарына есеп-қисап беруге мiндеттi.

 

 



2-тарау. Әлеуметтік аударымдар

 

14-бап. Әлеуметтiк аударымдардың мөлшерi

ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)

1. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар үшiн Қорға төленуге тиiстi әлеуметтiк аударымдар мынадай мөлшерде белгiленедi:

2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап - әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсiнен 1,5 пайыз;

2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап - әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсiнен 2 пайыз;

2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап - әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсiнен 3 пайыз;

2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап - әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінен 4 пайыз;

2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап - әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінен 5 пайыз.

ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2008.10.12. № 101-ІV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес арнаулы салық режимi қолданылатын өзiн-өзi жұмыспен қамтыған адамдар үшiн олардың өз пайдасына төлейтiн әлеуметтiк аударымдарының мөлшерi:

2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап - тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленетiн ең төмен жалақының 1,5 пайызы;

2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап - тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленетiн ең төмен жалақының 2 пайызы;

2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап - тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленетiн ең төмен жалақының 3 пайызы;

2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап - әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінен 4 пайыз, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін ең төмен жалақының 4 пайызынан кем емес;

2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап - әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінен 5 пайыз, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін ең төмен жалақының 5 пайызынан кем емес болады.

 

ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен 15-бап өзгертілді (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)



15-бап. Әлеуметтiк аударымдарды есептеу және аудару

2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді; 2014.10.01. № 156-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Жұмыс берушiнiң қызметкерге табыс түрiнде төлейтiн шығыстарын есептеу жұмыс берушiнiң қызметкерлерге табыс түрiнде төлейтiн шығыстарына әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттiк органдар мен құқық қорғау органдары қызметкерлерiнiң ақшалай қамтылымын қоса отырып, Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде көзделген тәртiппен жүргiзiледi.

13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.10.01. № 156-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар үшiн төленетiн әлеуметтiк аударымдарды есептеу және аудару ай сайын жүргiзiледi.

Бұл ретте айлық табыс әлеуметтiк аударымдарды есептеу үшiн республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төмен жалақының он еселенген мөлшерiнен аспайтын мөлшерде алынады.



Егер күнтізбелік ай үшін әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төменгі жалақы мөлшерiнен кем болса, онда әлеуметтік аударымдар ең төменгі жалақы мөлшері негізге алына отырып есептеледі, аударылады.

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)



2-1. Резидент заңды тұлғаның шешімі бойынша оның филиалдары, өкілдіктері әлеуметтік аударымдарды төлеушілер ретінде қаралуы мүмкін.

ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен 3-тармақ өзгерді (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)

3. 2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара).

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет