Министерство экономики и бюджетного планирования республики казахстан



бет10/14
Дата17.07.2016
өлшемі1.97 Mb.
#204601
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Зейнетақымен қамтамасыз ету


Зейнетақымен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік қамтамасыз етудің негізгі бағыттарының бірі болып табылады, оған Президент пен Үкіметтің тарапынан ерекше назар аударылады. Барлық әлеуметтік-экономикалық, ең алдымен бюджет саласындағы реформаларды аяқтау және соның нәтижесінде зейнетақыларды, жалақыны және әлеуметтік жәрдемақыларды толық көлемде уақтылы төлеу – «Қазақстан-2030» Стратегиясының басым бағыттарының бірі.

Қазақстан ТМД аумағында 1998 жылы дербес зейнетақы аударымдары қағидаттарында жинақтаулық зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесіне жоспарлы түрде көшуді бастаған бірінші елге айналды. Экономикалық өсімді, зейнетақы жарналарын дербестендірілген есепке алу арқылы зейнетақымен мөлшерлес еңбек үлесін ескеретін тұрақты және әділ жүйені құру зейнетақы реформасын жүргізудің негізгі мақсаты болды. Жинақтаушы зейнетақы жүйесі мынадай бір қатар проблемаларды шешуге арналды: әлеуметтік шиеленісті жұмсарту, бюджетті зейнетақы төлемдері ауыртпалығынан босату, азаматтарда еңбек белсенділігі мен өз болашағы үшін жауапкершіліктің пайда болуына ықпал ету. Зейнетақы реформасын жүргізудің нәтижесінде экономиканың тағы бір институционалдық инвесторды – зейнетақы қорларын алуға тиістілігінің де маңыздылығы аз емес.

1998 жылғы 1 қаңтардан бастап республикада мемлекеттік зейнет демалысына шығудың тәртібі мен шарттарын және жинақтаушы зейнетақы жүйесінен зейнетақымен қамтамасыз етуді реттейтін «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Заң әрекет етеді. Қазақстанның зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесі қазіргі кезде бір мезгілде ынтымақтық және жинақтаушы жүйелер тетіктерін үйлестіретін үш деңгейлі жүйені білдіреді:

Бірінші деңгей – бұл Қазақстан КСРО тарағаннан кейін одан мұраға алған және онда зейнетақы төлемдерінің көзі халықтың жұмыс істейтін бөлігінің салық аударымдары мен басқа да түсімдері есебінен мемлекеттік бюджет болатын ұрпақтардың ынтымағына негізделген ынтымақтық зейнетақы жүйесі.

Екінші деңгей - Қазақстанның азаматтары. Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін ай сайынғы кірісінен зейнетақы аударымдарының тіркелген 10-пайыздық мөлшерімен міндетті жинақтаушы зейнетақы жүйесін білдіреді.

Үшінші деңгей – ерікті және ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарына негізделген жинақтаушы жүйе. Республика зейнетақы жүйесінің өзгеруі ұзақ мерзімді сипатқа ие: жинақтаушы зейнетақы жүйесіне толық көшу 2040 жылға дейін болжанып отыр.

Жинақтаушы зейнетақы жүйесі азаматтарда зейнет демалысына шыққаннан кейін өз кірісінің деңгейі үшін жоғары жауапкершіліктің болууын болжайды, өйткені жеке зейнетақы шоттарында өздері қалыптастырған жиналымдар зейнетақы төлемдерінің көзіне айналады. Бұдан басқа әрбір азаматқа ерікті зейнетақы жарналары есебінен өзінің жиналымын ұлғайту және сол арқылы еңбек қызметі аяқталғаннан кейін өзіне неғұрлым жоғары кірісті қамтамасыз ету ұсынылады.

Елдің мемлекеттік жинақтаушы қоры 1997 жылғы қыркүйекте құрылған Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры (МЖЗҚ) болып табылады. Өзінің құрылған күнінен бастап және 2002 жылға дейін МЖЗҚ үндемеу жөніндегі қор болып табылды, яғни оның салымшыларының қатарына қандай да бір жағдаяттарға байланысты қандай да бір зейнетақы қорын таңдау жөнінде өз бетімен шешім қабылдай алмаған азаматтар кірді. Алайда 2005 жылы қор өзінің ресми атауын «МЖЗҚ» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ деп өзгертті, бұл оған зейнетақы салымдары нарығының толыққанды қатысушысына айналуға мүмкіндік берді.

2008 жылғы маусымда Қазақстанда жасы бойынша 1,6 млн-нан астам зейнеткерлер болды, бұл республика халқының 10%-нан астамын құрайды. 2008 жылға арналған республикалық бюджеттің деректеріне сәйкес 2008 жылы зейнетақы төлеуге қаржылық қамтамасыз етудің көлемі 363,6 млрд теңгені құрады, бұл 2007 жылғы зейнетақымен қамтамасыз етуге жұмсалған шығыстардан 22%-дан астамға артық.
Ресейдегі, Қазақстандағы, Белоруссиядағы және Украинадағы зейнетақыларды салыстыру





Қазақстан (теңге)

Украина (гривна)

Белоруссия

(бел. рубль)



Ресей (рубль)

Орташа зейнетақы, ұлттық валютамен

17870,0

750,0

345300,0

3650,0

Орташа зейнетақы, доллармен

148,5

148,5

160,7

149,0

Орташа жалақы, ұлттық валютамен

54000,0

1271,0

752150,0

13518,0

Орташа зейнетақының орташа жалақыға қатынасы

0,33

0,59

0,46

0,27

Зейнеткерлердің саны, млн адам

1,64

13,80

2,50

38,40

2008 жылы Қазақстанда зейнетақының ең аз мөлшері негізгі зейнетақылық төлем есебімен 12110 теңгені, зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері негізгі зейнетақылық төлем есебімен – 17870 теңгені, зейнетақы төлемдерінің ең көп мөлшері – 26710 теңгені құрады.

20-сурет. 2002-2007 жылдардағы Қазақстанда тағайындалған зейнетақының орташа айлық мөлшері, теңге

2008 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша республикада 14 жинақтаушы зейнетақы қорлары (ЖЗҚ) жұмыс істеді, зейнетақы жинақталымдарының сомасы жиынтығында бір триллион теңгеден асты. Мемлекеттік емес зейнетақы қорларымен шарт жасасқан адамдардың саны шамамен 7,5 млн. адамды құрайды.

Соған қарамастан, барабар зейнетақымен қамтамасыз етуге байланысты бірқатар проблемалар шешілмей қалып отыр. Атап айтқанда, 2007 жылы зейнетақы төлемінің кірісін ауыстыру коэффициентінің 29%-ға дейін төмендеуі байқалды. Ауыстыру коэффициенті – зейнетақының орташа жалақыға пайыздық қатынасын көрсететін көрсеткіш. Дамыған елдерде ауыстыру коэффициенті орташа жалақының 50%-на жуығын құрайды.

Инфляцияның өсуі жағдайында зейнетақы төлемдерінің сатып алу қабілетінің төмендеуі де екінші маңызды проблема болып қалуда.

Аталған проблемаларды шешу үшін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мынадай бірқатар міндеттерді шешуді жоспарлап отыр:



    • зейнетақы төлемдері мөлшерінің барабарлығын қамтамасыз ету, 2011 жылға қарай базалық зейнетақы төлемінің мөлшерін ең аз күнкөріс деңгейінің 50%-ына дейін арттыру (2007 жылғы 34%-бен салыстырғанда), 2011 жылы ауыстыру коэффициентін 42%-ға дейін арттыру (2007 жылғы 29%-бен салыстырғанда). 2009 жылы зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттырудың ұзақ мерзімді стратегиясын әзірлеу жоспарлануда;

    • жинақтаушы зейнетақы қорларындағы (ЖЗҚ) міндетті зейнетақы жарналарының сақталуын қамтамасыз ету, 2009 жылы инфляция деңгейін ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналарының сақталуына мемлекеттік кепілдікті іске асыру тетігін әзірлеу;

    • ЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналары түсімдерінің уақтылылығын қамтамасыз ету, ЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешектерді 2011 жылға қарай 2,5%-ға дейін азайту (2007 жылғы 6,4%-бен салыстырғанда).

Жинақтаушы зейнетақы жүйесін әкімшілдендіру тетіктерін жетілдіруге ерекше назар аудару жоспарлануда. Осы бағытта жүзеге асырылатын іс-әрекеттер міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамтамасыз ету туралы бірден асатын шарты бар салымшылардың санын 2007 жылғы 1,8 млн адаммен салыстырғанда 2011 жылға қарай 0,8 млн адамға дейін төмендетуге мүмкіндік береді. Ал бұл өз кезегінде «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Заңмен белгіленген «бір салымшы – бір қор» қағидатын толық көлемде іске асыруға мүмкіндік береді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақы жүйесінің жұмыс істеуі тиімділігін арттыру жөнінде белсенді іс-қимылдар қабылдауда. Мәселен, халыққа ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қол жетімділігін жақсарту үшін қазіргі кезде зейнетақылар мен әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау мен төлеу жөніндегі мемлекеттік әлеуметтік қызметтерді көрсетудің 10 негізгі стандарттары мен регламенттері әзірленді. Зейнетақылар мен әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау мен төлеудің электрондық бағыттағы автоматтандырылған жүйесін енгізу жөнінде жұмыс жүргізілуде.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет