2007 жылмен салыстырғанда 2008 жылы мал санының өсімі, %-бен
ІҚМ
|
102,91
|
Оның ішінде сиыр
|
102,76
|
Қой және ешкі
|
104,79
|
Шошқа
|
102,87
|
Жылқы
|
105,38
|
Түйе
|
104,00
|
Құс
|
109,37
|
Сондай-ақ, қайта өңдеу өнеркәсібінде де өсім байқалады. 2007 жылы 2006 жылмен салыстырғанда қайта өңделген ауыл шаруашылығы шикізатының үлесі оның өндірісінің жалпы көлеміне қарағанда артты: сүт - 29%-ға дейін (2006 ж. – 26,6%), дән - 37%-ға дейін (28,2%), май өнімдері - 98%-ға дейін (75%), ет - 24%-ға дейін (17,8%).
Қазақстан ауыл шаруашылығының белсенді салаларының бірі балық шаруашылығы болып табылады. Ұзақ мерзімді бекіту принципін енгізумен туындаған балық саласына салынатын инвестицияның өсіміне байланысты бекітілген балық аулау лимитін игеру деңгейі де кенеттен артты. 2007 жылы 50,5 мың тонна лимит кезінде игеру тәуелсіздік алған жылдарда алғаш рет 97% белгісіне жетіп, 49,2 мың тоннаны құрады. Балық шаруашылығы сыртқы экономикалық потенциалын арттыруда. Экспортқа шығатын балық өнімінің көлемі 2007 жылы 2006 жылмен салыстырғанда 2,5 мың тоннаға немесе 8%-ға артты, бұл ретте, бағасы 63%-ға өсіп, 71 млн долларын құрады.
Агроөнеркәсіп кешенін ойдағыдай дамытудың маңызды факторының бірі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының техникалық жарақтануы болып табылады. Қазақстан ауыл шаруашылығы машиналарының қазіргі паркінің 80%-ға дейін тозығы жеткен. Негізгі ауыл шаруашылығы техникасының қызмет етуінің орташа мерзімі 8-10 жыл болғанда, 10 жылдан астам пайдаланылған трактордың жылдық құрамы 94,5%-ды, дән жинау комбайны – 77,7%-ды құрайды. Бұл ретте, тракторларды жыл сайын жаңарту орташа есеппен 0,87%-ды, дән жинау комбайны – 3,2%-ды құрайды. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл шаруашылығындағы техникалық жарақтану деңгейін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеуде.
31-сурет. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының 2007-2011 жылдарда техникалық жарақтану деңгейін және мамандандырылған техникалық қызметтің қол жетімділігін арттыру серпіні
Соңғы жылдары қол жеткізілген АӨК-ны дамытудағы елеулі нәтижелерге қарамастан, ауыл шаруашылығы саласындағы бірқатар мәселелер әлі шешімін таппай келеді. 2009-2011 жылдары Ауыл шаруашылығы министрлігі ауқымды стратегиялық мақсатқа қол жеткізуді жоспарлауда, оның маңыздысы мыналар болып табылады:
- агроөнеркәсіп кешені саласының тұрақты дамуы, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және аграрлық өндірісті ДСҰ-ға кіру шартына үйрету;
- отандық өнімнің ұлттық бәсекелес басымдығын дамыту;
- АӨК саласының қазіргі заман инфрақұрылымын дамыту және техникалық жарақтануын арттыру.
2011 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімін 2007 жылғы деңгеймен салыстырғанда 107,6%-ға өсіруді қамтамасыз ету жоспарлануда. Бұл ауыл шаруашылығына пайдалануға жарамды егінді жерлерді 2007 жылы 1,39 млн га-ға арттырумен салыстырғанда 1,5 млн га-ға арттыруды талап етеді. АӨК-ні ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымымен тұрақты қамтамасыз ету де үлкен мәселе болып отыр: 2011 жылы 2007 жылмен салыстырғанда 7,4 мың тоннадан 10,5 мың тонна бірегей тұқым шығару жоспарлануда. Астыққа қауіпті зиянкештер мен аурудың зиян келтіруін болдырмау мақсатында химиялық заттармен өңделетін жер ауданын шамамен екі есеге арттыру жоспарлануда: 2007 жылы 2,9 млн га-дан 2011 жылы 5,2 млн га-ға дейін.
Мал шаруашылығын дамытуға да аса назар аударылуда. 2011 жылы Ауыл шаруашылығы министрлігі ірі қара малдың асыл тұқымды өнімін шығару көлемін 4881 тоннаға дейін арттыруды көздейді, бұл 2007 жылдың деңгейінен 1,8 есе жоғары, шошқа өсіру көлемін –2007 жылы 1175,6 тоннамен салыстырғанда 1497 тоннаға дейін.
Қазақстан өзін халықаралық нарықта экспорт алқабына ие болу үшін АӨК-нің бәсекеге қабілетті өнімін шығаратын ел ретінде таниды. Осы мақсатта 2009 жылы экспортқа 34 мың тонна балық өнімін, 370 тонна тоқыма (2007 жылы 162,3 тоннамен салыстырғанда), 750 мың шаршы м. тері шикізатының жартылай фабрикатын (2007 жылы 27,5 мың шаршы м.) шығаруы жоспарлауда.
АӨК қарқынды дамыту ауыл шаруашылығы техникасын өз уақытында жаңартпаса мүмкін емес. Ауыл шаруашылығы жабдықтарының техникалық тозығы мәселесі 2009 жылдан бастап 2011 жылды қоса алғандағы кезеңде шешімін табады, осының нәтижесінде жаңартылған техниканың үлесі 2009 жылы 20%-ға, ал 2011 жылы - 25%-ға жетеді.
АӨК-ні ойдағыдай дамыту бастамасы ауыл шаруашылығы өндірушілерінің несиеге қол жеткізуінің жоғары деңгейі болып табылады. Осы бағыт шеңберінде Ауыл шаруашылығы министрлігі несие серіктестігі жүйесін одан әрі дамытуға септігін тигізеді, олардың саны 2009 жылы 161-ді құрайтын болады.
2009-2011 жылдары орманды қалпына келтіру және орман өсіру, өсімдік және жануарлар әлемін қорғау, аса қорғалатын табиғи аймақ құру бойынша ауқымды жұмыс жоспарланған. Осы іс-шараларды жүзеге асыру нәтижесінде 2009 жылы орман өсіру көлемі 2007 жылы 41 мың га-мен салыстырғанда 2009 жылы 47,6 мың га-ға артады. Үш жылдық кезеңде (2009-2011) жалпы ауданы 839,4 га 5 жаңа аса қорғалатын табиғат аймағын құру жоспарлануда. Осетр тұқымды балықтың биологиялық әралуандығын қолдау шеңберінде 2011 жылы осетр балық зауыты салынады.
2009 жылға арналған бюджетте ауылдық елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету объектілерін салуға және қайта жаңартуға 16,2 млрд теңге мөлшерінде қаражат көзделген, осының нәтижесінде 2011 жылы халықтың 80%-ы сапалы ауыз суға қол жеткізеді. Жақын арадағы үш жылда ауыл аймақтарының потенциалын арттыруды қамтамасыз ету, қалыпты өмір сүруге жағдай жасау бойынша жұмыс жалғасын табады. 2009 жылы күн көріс деңгейі 21%-дан төмен табысы бар ауыл халқының саны төмендейді деп күтілуде. Ауыл тұрғындарының шағын несие ресурсына қол жеткізуін арттыру жоспарлануда: 2010 жылы ауылдық жерлерде 2007 жылы ашылған 50 шағын несие ұйымдарына толықтыру ретінде тағы да 50 шағын несие ұйымын құру жоспарлануда.
Қазақстан Республикасы азаматтарының өмір сүруінің, денсаулығының және білімінің сапасын арттырудың маңызды бастамасының бірі болып табылатын экологиялық жағдайдың жақсаруы «Қазақстан - 2030» стратегиясында мойындалады.
Отандық өнеркәсіптің қарқынды өсуі, қоршаған ортаға антропогендік әсер ету деңгейінің артуы шиеленіскен экологиялық проблеманың бар екендігін түсіндіреді: табиғи ресурстарды дұрыс пайдаланбау, су бетінің ластануы және азаюы, ауаның ластануы, өндіріс қалдықтары санының артуы. Шөлге айналу проблемасы шешімін таппай келеді, Арал және Семей экологиялық апат аймақтарына аса назар аударуды талап етеді.
Аталған экологиялық проблемаларды шешу үшін Қоршаған ортаны қорғау министрлігі үш стратегиялық қызмет ету бағытын бөліп көрсетеді:
- қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру және жақсарту;
- Қазақстан Республикасының тұрақты дамуға көшу тетігін құру;
- экологиялық мониторингтің қазіргі заман жүйесін енгізу және гидрометеорологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
2007 жылы Қоршаған ортаны қорғаудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру аяқталды. Бағдарламаны қаржылай қамтамасыз етудің жалпы көлемі 2007 жылы 5,1 млрд теңгені құрады.
Гидрометеорологиялық мониторинг жүргізуге 1,4 млрд.теңге бөлінді. Бағдарламаны іске асыру «Қазгидромет» қызметінің материалдық базасы мен техникалық жарақтануын елеулі нығайтуға мүмкіндік берді: метеостанциялар саны 245-тен 254-ке дейін, гидрологиялық бекеттер саны – 226-дан 276-ға дейін артты.
2007 жылы Қазақстан оңтүстігіндегі уран шығатын өңірлердегі радиоэкологиялық жағдайды және радиоактивті қалдықтарды сақтау жағдайын зерттеу және Каспий маңындағы өңірлердің экологиялық алқаптылығы жөнінде жаңа жұмыс жүргізілуде.
Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп «Сарыарқа» немесе «Солтүстік Қазақстан далалары мен көлдері» атымен бірыңғай номинацияға біріктірілген Қорғалжын және Наурызым мемлекеттік табиғат қорығын ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мәдени және табиғи мұра тізіміне қосу жөнінде жұмыс жүргізді.
2007 жылы Ілек өзенінің бормен және хроммен ластанудан сақтау жөнінде жұмыс басталды және жалғасын табуда.
2007 жылы қоршаған ортаның қорғасынмен ластануын кешенді бағалау, құрамында пестицид бар қалдықтардың экологиялық жағынан қауіпсіз шіру мүмкіндігін зерттеу жөнінде ғылыми жұмыс басталды.
Осы мәселелерді қаржыландыру көлемін арттыра отырып шешудің негізгі бағыты мен тетігі Қазақстан Республикасының 2008-2010 жылдарға арналған Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасына енгізілді.
2008-2010 жылдарға арналған Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасын іске асыруға арналған шығыс көлемі, млн теңгемен
Жыл
|
Республикалық
бюджет
|
Халықаралық грант
|
2006
|
6 184,0
|
302,2
|
2007
|
13 950,6
|
150,5
|
2008
|
15 089,3
|
139,4
|
Қоршаған ортаға эмиссия деңгейін төмендетуді қамтамасыз ету жоспарлануда, ол 2007 жылғы 1 млн теңге ЖІӨ-ге 0,31 тоннамен салыстырғанда 1 млн теңге ЖІӨ-ге 0,18 тоннаны құрайды. Эмиссия деңгейін төмендету мәселесін шешудің негізгі жолы ретінде Қоршаған ортаны қорғау министрлігі мынаны көріп отыр: ең озық технологияларға көшуді ынталандыру, эмиссияны квоталау, даму жобалары мен бағдарламаларына экологиялық сараптама жүргізу.
Экономиканың дұрыс бағыт алуы және энергияның жаңартылған ресурстары мен көздерін тиімді пайдалануға жағдай жасау да маңызды мәселе болып табылады. 2011 жылы энергияның жаңартылған көздерін пайдалануды ынталандыру тетігін енгізу жоспарлануда, атап айтқанда, экологиялық салық, заңды бұзушыларға қолданылатын тиімді санкция жүйесі және т.б.
Гидрометеорологиялық және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесіне де аса назар аударылады. 2011 жылы ауа райы болжамының дәлдік деңгейін 2007 жылы 88%-бен салыстырғанда 90%-ға дейін арттыру жоспарлануда. 2008 жылы 3 метеостанция, 15 гидробекет, 16 стационарлық гидрометеорологиялық бекет салу жоспарлануда, бұл республикалық бюджеттен 157,1 млн теңге бөлуді талап етеді.
32-сурет. Қоршаған ортаны қорғау министрлігі орындайтын функцияны қаржылай қамтамасыз ету
Су бетінің ластану, бұлғану және азаю процесі жалғасуда, оның басты себебі су тоғандарына тазартылмаған немесе жеткілікті деңгейде тазартылмаған тұрып қалған суды тастау болып табылады. Су объектілеріне жыл сайын тастау шамамен 2,5 млн тоннаны құрайды. Халықтың сапалы ауыз суға қол жеткізу проблемасы бұрынғысынша қалып отыр. 2008 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша ластанған, таза емес және өте таза емес су тоғамдар санатына 80 тұшы су тоғамдарының 15-і жатқызылған.
2011 жылы министрлік күшімен су көзіне тасталатын ластаушы заттарды тастау көлемі 2007 жылы 1 млн теңге ЖІӨ-ге 0,2 тоннамен салыстырғанда 1 млн теңге ЖІӨ-ге 0,15 млн тоннаға дейін қысқартылуы тиіс. Осы бағыт шеңберінде 2008-2010 жылдары Ақтөбе қаласындағы Ілек өзенінде тазалау құрылғысы кешенін қайта жаңарту, Шалқар өзенінің табанын тазалау жұмыстарын жүргізу, Семей қаласында тұрып қалған суды биологиялық тазалау құрылғысын кеңейту, Балхаш өзені экожүйесінің Солтүстік Балхаш маңы жерінің табиғат қызметінен технологиялық ластануын төмендету жоспарлануда.
Министрлік Каспий теңізі қайраңының оған жақын орналасқан аймақтың ластану проблемасына аса назар аударады. 2008 жылы Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінің экологиялық қауіпсіздігін қамтмасыз ету тұжырымдамасын қалыптастыру жөніндегі жұмысты аяқтау жоспарлануда. Бұдан басқа, Каспийге экологиялық мониторинг жүйесін енгізуді кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда, мұнай кен орындарын әзірлеу жобасына жоғары талап қолданылуда.
2003 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы бекітілді. Тұжырымдаманы іске асырудың екінші кезеңінде (2008-2010 жылдар) қоршаған орта сапасының көрсеткіштерін тұрақтандыруға және табиғатты пайдаланушыларға қойылатын экологиялық талапты жетілдіруге бағытталады. Екінші кезеңнің негізгі нәтижесі тұрақты даму принципіне сәйкес келетін және үшінші кезеңнің басталуымен қоршаған орта жағдайының сапалы жақсаруын қамтамасыз ететін қоршаған ортаны қорғаудың тиімді жүйесін құру болып табылады.
Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы
Қазақстан Республикасының тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығының маңызды мәселелері мыналар болып табылады:
- қазіргі тұрғын үй қорының жай-күйін ұстап тұруды, оны жаңартуды және күрделі жөндеуді қаржыландыру жүйесін қалыптастырумен байланысты тұрғын үй-коммуналдық салаға жүйелік жаңарту жүргізу;
- тұрғын үй қорын тиімді басқару үшін жағдай жасау;
- пайдалануға берілетін тұрғын үй қорының жай-күйін және халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тиісінше бақылауды қамтамасыз ету;
- өмір сүру жағдайы мен ұсынылатын қызмет сапасын қамтамасыз ету үшін коммуналдық қызмет саласындағы қарым-қатынасты жетілдіру.
Тұрғын үй – коммуналдық қызмет саласына шолу жасау
Тұрғын үй - коммуналдық саласындағы мемлекеттік саясат ХХ ғасырдың соңғы он жылдығының ортасында басталған реформаға дейін тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсетуге арналған мемлекеттік монополияны, барлық ресурсты орталықтандырылған бөлуді білдірді. Тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсететін кәсіпорындарды мемлекет белгіледі, ол сондай-ақ пәтер ақысының мөлшерін нақты шығынға қарамастан белгіледі.
ХХ ғасырдың соңғы он жылдығының ортасында басталған реформа көп жағдайды өзгертті. «Тұрғын үйдi ұстау мен коммуналдық қызметiн көрсетуге ақы төлеудiң жаңа принциптерiне көшу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 12 сәуiрдегі және «Тұрғын үйлердегi пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайларды меншiктенушiлердiң тұтынушылар кооперативтерiн дамыту жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 27 мамырдағы қаулыларында мыналар көзделді:
– тұрғын үй-коммуналдық қызмет тарифнің осы қызметті көрсетуші ұйымның шығындарын жабатындай деңгейге біртіндеп көшуі;
– жергілікті бюджет қаражаты есебінен халықтың аз қамтылған топтарына жәрдемақы беру түрінде әлеуметтік қорғау шараларын қолдану;
– тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық сферасында бәсекелік орта құру және демонополизация;
– табиғи монополистер-кәсіпорындарының қызметіне тарифтерді мемлекеттік реттеу.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын реформалудың бірінші кезеңінде Табиғи монополиялардың шаруашылық субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне сумен қамтамасыз ету және кәріз қызметін көрсету, электр және жылу энергиясын беру және бөлу, жергілікті желіні пайдалану телекоммуникациясы қызметін көрсету жөніндегі кәсіпорындар енгізілді. Табиғи монополиялар субъектілері коммуналдық салада өндіретін және іске асыратын өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнына енгізілетін шығын құрамын қалыптастырудың ерекше тәртібі бекітілді. Тұрғын үйді ұстап тұру жөніндегі пайдалану жұмыстарына бірыңғай пәтер ақысының бірлігі түріндегі ақы жинаудың бұрын белгіленген тәртібі жойылды. Пәтер иелері және тұрғын үй ғимаратындағы тұрғын үй емес үй-жайлары кооперативінің жарғысының жобасы бекітілді.
Қазақстан Республикасында 1996 жылы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын реформалау басында көп пәтерлі үйлердегі тұрғын үй қорының 80%-дан астамы жаппай жекешелендіру арқасында кейін пәтер иелері және тұрғын үй ғимаратындағы тұрғын үй емес үй-жайлары кооперативін құру арқылы азаматтардың меншігіне берілген болатын.
Республикада жүргізілген реформа нәтижесінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының облыстық және қалалық құрылымын демонополизациялау жүргізілді, республиканың тұрғын үй қорының шамамен 90%-ын басқаратын 4801-ден астам ПИК (пәтер (үй-жай) иелері кооперативі), 45 ПИК-тің өңірлік қауымдастығы, сондай-ақ Республикалық үй-жай иелері кооперативінің қауымдастығы құрылды.
Тұрғын үй қорының жай-күйін талдау
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасының тұрғын үй қоры меншік нысаны бойынша жеке тұрғын үй қорының (244,9 млн шаршы м.) 97%-ынан және мемлекеттік тұрғын үй қорының (7,8 млн шаршы м.) 3%-ынан тұрады.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын реформалау мақсаты жаппай жекешелендіру жүргізу болып табылды, осының нәтижесінде барлығы дерлік мемлекеттік тұрғын үй қоры жекешелендірілді. Және де, осыдан көп пәтерлі тұрғын үйлерде жаңа меншік иелерін қалыптастыруға көшу жүргізілді. Коммуналдық қызмет көрсететін кәсіпорын құруға өзгерістер енгізілді. Өзінің қызметін шығынмен жүзеге асыратын үлкен және аз тиімді тұрғын үй-коммуналдық қызметтерін, негізінен, жаңа меншік иелерінің тұтыну кооперативіне алмастыру көзделді. ПИК кондоминиум объектілерін басқарудың ең көп таратылған нысаны болды.
Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін орта мерзімді перспективада арттыру тұрғын үй құрылысындағы жаңа саясатты талап етеді.
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2009-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы әзірленді, оның негізгі бағыты халықтың тұрғын үйге қол жеткізуін қамтамасыз ететін тұрғын үй құрылысын дамыту проблемасын кешенді шешу болып табылады. Бюджеттен жұмсалатын шығын тапшылығы 190,5 млрд теңгені, 2009 жылы - 102,8 млрд теңгені, 2010 жылы – 87,7 млрд теңгені құрайды.
Жоспарлы кезеңде тұрғын үй салу көлемі 2009 жылы 9000 шаршы м., 2010 жылы – 11000 шаршы м. және 2011 жылы – 11300 шаршы м. құрайды. Жылына бір адамға мынша тұрғын үй тапсыру жоспарлануда: 2009 жылы 0,57 шаршы м., 2010 жылы – 0,69 шаршы м, 2011 жылы – 0,70 шаршы м.
3.2.3 Қауіпсіздікке арналған бюджет
Ұлттық қорғаныс
Ұлттық қорғаныс кез келген мемлекет бюджетінің ақшалай қаражатын жұмсаудың басым бағытының бірі болып табылады. 2007 жылы бекітілген республиканың әскери доктринасына сәйкес, «Қазақстан біртіндеп әскери күштің маңызы азайтылған кездегі халықаралық қатынастар жүйесіне кіруде және де оның функциясы әскери шиеленісті ұстап тұру мәселесіне келтіріледі», осы функционалдық шығыс үлесі соңғы 3 жылда аса жоғары емес және мембюджеттің барлық шығысының шамамен 3,5-4%-ын құрайды (ЖІӨ-нің 0,7-1,3%-ы). Сонымен қатар, ұлттық қауіпсіздік саласындағы ұзақ мерзімді стратегиялық мақсатты – «Толық аймақтық тұтастығын сақтай отырып, Қазақстанның тәуелсіз дербес мемлекет ретінде дамуын қамтамасыз ету», біртіндеп өмірге келтіру үшін де қаржыландыру жеткілікті болуы тиіс. Сондықтан, жаңа әскери доктрина әскери күшті техникалық жаңартуды, ұтқыр кәсіби әскер қалыптастыруды көздейді.
33-сурет. Мемлекеттік бюджеттің қорғанысқа арналған шығысының серпіні және оның ЖІӨ-мен үлесі
Мемлекеттік бюджеттің ұлттық қорғанысқа арналған ең елеулі шығысы, млрд теңге
|
2006 ж.
|
2007 ж.
|
2008 ж.
|
Қарулы күштердің жеке құрамын, қару-жарағын, әскери және өзге техникасын, жануарлары мен инфрақұрылымын ұстап тұру
|
46,1
|
57,4
|
64,9
|
Қарулы күштер қызметінің негізгі түрлерін қамтамасыз ету
|
11,1
|
11,9
|
13,0
|
Қарулы күштердің ақпараттық жүйесін құру
|
0,71
|
0,8
|
1,4
|
Қарулы күштердің инфрақұрылымын дамыту
|
4,3
|
4,7
|
9,02
|
Қару-жарақ, әскери және өзге техника, байланыс жүйесін жаңғырту, қалпына келтіру және сатып алу
|
8,8
|
55,2
|
40,4
|
Әскерге шақырылатындарды әскери-техникалық мамандықтар бойынша дайындау
|
0,1
|
0,05
|
0,1
|
Қарулы күштерді материалдық-техникалық қамтамасыз ету
|
1,9
|
2,6
|
2,6
|
2007 жылы шығынның өсуі республиканың Қарулы күштерінің техникалық жаңаруымен түсіндіріледі, бұл «Қару-жарақ, әскери және өзге техника, байланыс жүйесін жаңғырту, қалпына келтіру және сатып алу» бөлімшесінде жаңадан қабылданған әскери доктрина шеңберінде көрсетілген.
Кейбір елдер бюджетінің (оның ішінде Қазақстанның да) қорғанысқа және қарулы күштерге шығысын (бір адамға есептегенде) салыстыру және 2004-2006 жылдардағы олардың өзгеру серпіні белгілі қызығушылық тудырады.
Кейбір елдер бюджетінің қорғанысқа және қарулы күштерге меншікті шығысы (1 адамға есептегенде), АҚШ долларымен
Ел
|
2004 г.
|
2005 г.
|
2006 г.
|
Франция
|
755,85
|
756,57
|
774,1
|
Германия
|
376,24
|
367,15
|
370,12
|
Ресей
|
108,79
|
135,94
|
176,9
|
Украина
|
20,3
|
26,08
|
35,59
|
АҚШ
|
1745,91
|
1886,55
|
2121,03
|
Бразилия
|
18,79
|
21,96
|
24,67
|
Қытай
|
18,67
|
20,3
|
22,78
|
Үндістан
|
15,81
|
18
|
20,85
|
Жапония
|
349,97
|
343,32
|
319,67
|
Қазақстан
|
23
|
27,24
|
33,28
|
Қазақстандағы шығыс өсімінің қарқыны үлкен емес екені көрініп тұр, алайда, 3 жыл бойы біртіндеп өсіп келе жатқаны байқалады және де ол 2008-2011 жылдары осы оң серпінді жалғастыру үшін қажет елеулі күшке ие.
Достарыңызбен бөлісу: |