1-апта
|
|
2
|
Бақылау мақсатында сыныпты таңдау.
Мектеп психологы мен сынып жетекшісіне көмек
Сынып жетекшісінің атқаратын қызметі қандай? Талдау жасау
|
2-апта
|
|
3
|
1.Оқушылардың оқу мотивациясын зерттеу.
|
3-апта
|
|
4
|
Сабақтың психологиялық климатын бақылау, оны талдау.
|
4-апта
|
|
5
|
1.Сыныптың қиын және дарынды балаларын анықтау, олардың психологиялық ерекшеліктерін зерттеу
|
5-апта
|
|
6
|
1.Оқушылардың тұлғааралық қарым- қатынастарын зерттеу
|
6-апта
|
|
7
|
1.Оқушылардың оқу мотивациясын зерттеу
|
7-апта
|
|
8
|
1.Оқушылардың танымдық процестерін зерттеу
|
8-апта
|
|
9
|
1.Оқушылардың тұлғалық ерекшеліктерін зерттеу
|
9-апта
|
|
10
|
1.Сынып ұжымының құрылымын анықтау
|
10-апта
|
|
11
|
1.Сынып оқушылары мен сынып жетекшісі арасындағы қарым-қатынасты бақылау
|
11-апта
|
|
12
|
1.Әр түрлі әдістерді жүргізу арқылы сынып ұжымын зерттеу
|
12-апта
|
|
13
|
1.Сынып ұжымының толық сипаттамасын құру
|
13-апта
|
|
14
|
1.Тәжірибе күнделігін рәсімдеу
2.Тәжірибе құжаттамасын ресімдеу
|
14-апта
|
|
15
|
1.Есеп беру презентациясы
|
15-апта
|
|
Абай атындағы ҚазҰПУ тәжірибе жетекшісі/ Руководитель практики от КазНПУ имени Абая:
______________________________
қолы/ подпись
«___» _________20____ ж./г.
|
Тәжірибе өткізілген мекемеден тәжірибе жетекшісі/ Руководитель практики по месту прохождения практики:
_______________________________
қолы/ подпись
«___» ________ 20____ ж./г.
|
6. Тәжірибеде орындалған жұмыс жазбалары/
Записи о работах, выполненных на практике
Айы және күні/
Месяц и число
|
Атқарылған жұмыстың қысқаша мазмұны/ Краткое содержание выполненных работ
|
Жетекші белгісі*/ Отметка руководителя
|
1-апта
|
1.мамандандырылған лицей (мамандандырылған мектеп-лицей) – оқушылардың бейімділіктерімен қабілеттеріне сәйкес жаратылыстану-математикалық бағыттары бойынша кеңейтілген және тереңдетілген білім беруді қамтамасыз ететін оқу бағдарламалары мен олардың негізінде әзірленетін мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;
2.мамандандырылған мектеп – білім алушылардың тілдерді, ғылым, мәдениет, өнер, спорт, әскери іс негіздерін терең игеруіне, олардың шығармашылық әлеуеттері мен дарын-қабілеттерін дамытуға бағытталған оқу бағдарламалары мен олардың негізінде әзірленетін мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны.
3.мамандандырылған гимназия (мамандандырылған мектеп-гимназия) – оқушылардың бейімділіктері мен қабілеттеріне сәйкес қоғамдық-гуманитарлық және өзге де бағыттар бойынша кеңейтілген және тереңдетілген білім беруді қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының мемлекеттік нормативті-құқықтық актілер Реестрінде № 8424 тіркелген) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары (бұдан әрі – оқу бағдарламалары) мен олардың негізінде әзірленетін мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;
4. Жалпы білім беретін мектеп – жалпы білім беретін мектеп – бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру бағдарламасын, сондай-ақ оқитындар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім берудің оқу бағдарламасын пайдаланатын оқу орны. Жалпы білім беретін мектеп үздiксiз бiлiм беру жүйесiнiң негізгi буыны болып табылады және Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына мемлекеттiк стандарттың шегiнде тегiн жалпы орта бiлiм алудың мемлекет кепілдiк берген құқықты жүзеге асыру мүмкіндігін ұсынады.
5. мектеп-гимназия- қоғамдық-гуманитарлық бағытта тереңдетіп оқытады. оқушылардың қабілеттері мен бейімдіктеріне байланысты тереңдетіп, бейіндетіп, саралап оқытуды қарастыратын қосымша жалпы білім беру бағдарламасын іске асыратын сыныптары бар заңды дербес жалпы орта білім беретін оқу орындары екендігі нақты белгіленген.
6. мектеп-лицейлер- жаратылыстану-математикалық бағытта оқушылардың қабілеттері мен бейімдіктеріне байланысты тереңдетіп, бейіндетіп, саралап оқытуды қарастыратын қосымша жалпы білім беру бағдарламасын іске асыратын сыныптары бар заңды дербес жалпы орта білім беретін оқу орындары екендігі нақты белгіленген.
|
|
2-апта
|
Маған берілген сынып №1 М.Ауезов атындағы мектеп-гимназиясының 5 «А» сыныбы болатын.Сыныптың сынып жетекшісі музыка пәні мұғалімі Джорабекова Ардақ Бахтиярбекқызы. Сыныпта барлығы 21 оқушы бар.Олардың 12-і қыз бала,9-ы ұл бала болып табылады.Арнайы білімді қажет ететін немесе ерекше балалар жоқ.Ішінде 3 оқушы өзге ұлт өкілі болып табылады.Сынып ішінде 5 оқушы озат,қалған 16 оқушы екпінді оқушылар.Сынып оқушылдары сынып ішінде өте тәртіпті,ұйымшыл,әрбір оқушылардың сабаққа ат салысуы өте жақсы,жоғары дәрежеде деп айтуға болады.Іс-шаралар мен ертеңгіліктерде ұжым толық белсене қатысып,мектепшілік,сынып аралық тәрбие сағаттарда өз қабілеттерін көрсетіп,толығымен қатысады.Сыныптан тыс уақыттағы қоғамдық жұмыстарға кішкентай болсада араласа біледі.Сыныпта сабақта оқушылардың шапшандығын байқадым.Олардың еңбек етуі,үлкенге ілтипаттары,жолдастық көмек көрсетулеріде өте керемет.Сыныппен бірден тіл табыса алдым деп айта аламын.
|
|
3-апта
|
Мектеп өмірінде мұғалім басты тұлға. Мектеп мұғалімі балаларды оқытып қана қоймайды, сонымен бірге оларды тәрбиелейді. Ол белгілі бір сыныпта оқушылардың оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырушы әрі ұстазы, ақылшы- кеңесшісі болып саналады. Ол өзіне қатысты сынып оқушылар ұжымын ұйымдастыра отырып, осыған сол сыныпта дәріс беретін пән мұгалімдерін, окушылардың ата-аналарын және жұртшылыктын бала торбиесіидегі ықпалын біріктіріп, олардың балаға деген талаптарын ортактастырьш отырады.Сынып жетекшісі жұмысының негізгі мақсаты мектеп окушыларын қоғамның белсеңді және саналы құрылысшылары етіп тәрбиелеуте барынша ықпал жасау.Сыныптағы әрбір жеке мұлғанің ғылыми дүние танымының қалытыптасуын, адамгершілік қасиеттерінің, еңбекке деген сүйіспеншілігінің, жан-жақты жарасымды дамуына жағдай туғызу.
Сынып жетекшісі жұмысының негізгі міндеттері қандай?
1. Сыныптағы оқушылардың талап тілектері мен мүдделерін жеке олардың жеке басының ерекшеліктерін жан-жақты зерттеп білу.
2. Сыныптағы оқушылардың не нәрсеге бейімділігін анықтап, оларды ынтымағы жарасқан, белсенді, саналы ұжымға ұйымдастыру.
3. Сыныптағы мән мұгалімдері мен мектеп әкімшілігін жәнс оқушылардың ата- аналарының тәрбиелік ықпалын үйлестіру, окушыларға қоятын педагогикалық талаптарының бірлігін қамтамасыз ету.
4. Тәрбие үрдісінде мектептің, жанұя мен жұртшылықтың тығыз қарым- қатынасын қамтамасыз ету.
5. Оқушылардың ата-аналарымен үнемі байланыс жасап, жанұядағы бала тәрбиесіне байланысты педагогикалық оку насихат жұміыстарын жүргізу.
6. Оқушыларды тәрбиелеуде сыныптан және мектепттен тыс әр алуан тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру.
7. Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігін қамтамасыз ету.
8. Тәрбие қызметінің тұтастығын, жүйелігін, тәрбиелік шаралардың бірлігін қамтамасыз ету.
9. Тәрбиенің негізгі бастауы - ұлттық тәлім- тәрбиені сынып жетекшісі қызметінің маңызды компонентерінің бірі ретінде қарастыру т.б.
Сьнып жетекшісінің негізгі міндеттерімен толығырақ таныс болу үшін"Класс жетекшісінің жұмысы туралы"
методикалық хатпен, жалпы білім беретін орта мектептердін Жарғысымен т.б. көптеген құжаттармен таныс болу қажет.
Мотив (латын тілінде moveo - қозғаушы, итермелеуші) - адамды белгілі бір іс-әрекетке бастайтын ішкі субъективті себеп, оның қажеттіктері мен мүдделерін білдіруге бағытталған саналы, мақсатқа сәйкес әрекет. Пиғыл, ынта, мақсат ұғымдарымен үндес. Мотивті жүзеге асыру тұлғалық әрекетке бағыт береді. Табиғи және қоғамдық ортаның талаптары адамның мотивтерін жүзеге асыру кезінде ерік-жігер жұмылдыруды қажет етеді. Мотив -- адамды айқын әрекеттерге шақырады. Мотив адамның ішінде болады, " арнайы " мінез-құлығы болады, адамның сыртқы және ішкі күшіне әсер ететін факторларға тәуелді болады , сонымен қатар оған паралель әрекет ететін басқа мотивтерге де тәуелді. Адам өз мотивіне ықпал ете алад, ол оны көтемелей алады немесе кейбір бәсекелестіктерді алып тастай алады. Мотивация ұғымы бұл басқарушылық әрекет мәселесімен өте тығыз байланысты. Жаңа экономикалық қатынастар өткен кезендерге байланысты жұмыскерлерге жаңа талаптар қойады.Бұл тек қана тандау емес, бұл кадрларды оқыту және орналастыру жәнеде жаңаша ойлау қабілеті.
Мотивация - бұл жеке тұлғаны немесе топты ішкі немесе сыртқы әсерлер ықпалнан өз қажеттіліктерін қанағаттандыру және ұыймның мақсатына жету процессі. Бұл міндеттерді шешу үшін мотивацияның әр түрлі әдістері қолданылады. Ең бірінші және ең көп тараған әдіс бұл жазалау және кешіру әдісі. Бұл әдіс көбінесе өз қажеттіліктерін қанағаттаныру үшін қолданылған. Бұл әдістің негізгі ойы бұл- сен бірденкеге жете аласын немесе жете алмасан алдындағы қорқыныш.Бірақ бұл жерде көбінесе қамшы жұмыс істейді. Мысалы жұмысты кешк қарай бітіру өте қажет болса онда бұл саған стимул береді. Немесе сіз бәрібір кешке қарай кетіп қаламын десеніз, ал жұмысты сосын аяқтаймын десеніз стимул оданда күштірек болады. Бірақ бұл әдіс уақыт өтісімен администрациялық жүйе мен экономикалық санкцияға және стимулға айналып кеткен. Адамдық фактордың көтерліуімен психологиялық мотивация әдістері пайда болған. Психологияның көз қарасы бойынша, мотивация - Адамды белгілі бір мақсатқа тарту күші немесе қажеттілік. Қажеттіліктер -- бұл, не адам ішінде пайда болып және сонда болады, яғни, әр түрлі адамдарға жалпы жеткілікті болуы, бірақ сол уақытта әрбір адамға айқын дара көрінуі.
Оқу мотивациясы оқу іс-әрекетіне, оқудағы іс-әрекетке енетін мотивациялардың жеке түрі ретінде анықталады. Кез-келген басқа түр сияқты оқу мотивациясы да осы іс-әрекетке тән өзгеше факторлар қатарымен анықталады. Біріншіден, ол білім беру жүйесімен, оқу іс-әрекеті жүзеге асатын білім беру мекемесімен анықталады; екіншіден, – білім беру процесін ұйымдастырумен; үшіншіден, – оқушының субъектілік ерекшеліктерімен (жасы, жынысы, интеллектуалдық дамуы, қабілеттері, жеке адам талабының дәрежесі, өзін-өзі бағалауы, басқа оқушылармен өзара әрекеттесуі); төртіншіден, – педагогтың субъектілік ерекшелгімен, ең алдымен, оның оқушыға, ісіне деген қатынастар жүйесімен; бесіншіден, – оқу пәнінің өзгешелігімен.
10 сұрақтың жауаптары 0-ден 3 балға дейін бағаланады (теріс жауап – 0 балл, бейтарап – 1 балл, оң жауап – 3 балл). 30-25 балл жинаған оқушылар мектепке бейімделуінің жоғары деңгейін, 20 – 24 балл ортаңғы норманы, 15 – 19 балл ішкі мотивацияны, 10 – 14 балл және одан төменгі балл – мектепке деген теріс көзқарас, яғни мектеп дезадаптациясын көрсетеді.
|
Достарыңызбен бөлісу: |