Зейін деп-адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылысты айтады.Дәлірек айтқанда,зейін дегеніміз айналадағы объектілердің ішінен керектісін бөліп алып,соған психикалық әрекетімізді тұрақтата алу. Мысал келтірейік. Оқушы математикалық есептерді шығарып отыр.Ол бұған соншама үңілген,мұнысы психикалық кейпінен жақсы көрінеді(бала көзін қадайды,шұқшия үңіледі,демін ішіне тартады т.б.).Оқушы есептің шығару жоспарын ойлайды,оның бірінен кейін екіншісін шығарады. Есеп шығарып болып,азғантай үзілістен кейін тарихты,одан соң географианы оқуға көшеді.сабағын оқып болғаннан кейін, түрлі нәрселермен айналысады.Осы көріністердің бәрінде де бала әрекетінің әрбір түріне өз зейінін үйымдастырып,басқа обектілерден ойын бөліп отырады.Осындағы түрлі кезеңдерде бала психикасының белгілі бір объектіге бағыт алып және сонда азды көпті тұрақтап отырғанын көруге болады.
Адамның зейiнi бiр объектiге немесе бiр жұмысқа ұзағырақ тұрақтай алса, оны зейiннiң тұрақтылығы дейдi. Мысалы, өндiрiс орындарының, не хирург дәрiгердiң жұмыс үстiндегi зейiнiн осыған жатқызуға болады. Зейiндi бiр жерге тұрақтатып, жинақтап алу арқасында адам iстеп отырған iсiн тереңiнен түсiнiп, оның әр түрлi байланыстарын анықтайды. Зейiндi тұрақтата алушылық саналы әрекетке өзiңдi жете алудың басты бiр белгiсi болып табылады. Зейiннiң осы қасиетiнiң оқу процесiнде маңызы зор. Сабақ үстiнде баланың назарын көп нәрсеге аудармай, басты бiр нәрсеге не белгiлi бiр әрекетке ғана аударып, оған тұрақтатып әдеттендiру керек. Сонда ғана бала есейген кезде үлкендердiң көмегiнсiз-ақ зейiнiн тиiстi объектiге жинақтай алатын болады. Ересек адамдар жұмыс үстiнде зейiнiн 40 минуттай бiр объектiге тұрақтата алады. Осындай 10—20 минуттық зейiн қоюшылықтан кейiнгi бiрнеше секундта көңiлдiң бiр нәрсеге бөлiнуi сол жұмыстың одан ары ұйымдастырылуына ешбiр нұқсан келтiрмейдi. Қайта бұл секiлдi тынығу, жұмысты бiрнеше сағат бойы жақсы, тұрақтап iстеуге мүмкiндiк бередi. Адам соншалық ерiк-жiгермен зейiн салып жұмыс iстеген жағдайда да арасында ойы бөлiнiп, басқа бiр затқа ауып отырады. Осылайша зейiннiң бiрде әлсiздене, бiрде күшейiп тұруын зейiннiң толқуы дейдi. Толқу — зейiннiң табиғи қасиеттерiнiң бiрi. Мәселен, бар iлтипатпен кiтап оқыған адам да анда-санда басқа ойға түседi, басын көтерiп жан-жағына қарайды. Зейiннiң мұндай толқуы, әрине, адамның көңiл аударған нәрсесiне ойының бөлiнуiне, зейiннiң тұрақтылығына бөгет болмайды. Кейбiр адамдардың зейiнi толқымалы келедi. Бұған қатты тiтiркендiргiштер, күштi эмоциялық әсерлер, сондай-ақ адамның өз еркiн жөндеп билей алмауы себеп болады.
..
|