Министерство образования и науки республики казахстан


Негізгі өлшемдері мен типтері



бет5/9
Дата14.11.2023
өлшемі368 Kb.
#483236
1   2   3   4   5   6   7   8   9
курстық жұмысқа қойылатын талаптар

1 Негізгі өлшемдері мен типтері
1.1
1.1.1
1.1.2
1.2.
2 Техникалық талаптар
2.1
2.1.1
2.1.2
49. Жұмыстың беттері жұмыс мәтініндегі барлық өтпелі нөмірлерді сақтап, араб сандарымен нөмірленеді. Беттің нөмірі парақтың төменгі жағының ортасына нүктесіз жазылады.
49. Жалпы парақтар санына жеке парақтағы иллюстрациялар мен кестелер кіреді. А3 формат бетінде жасалған иллюстрациялар мен кестелер бір бет болып саналады.
50. Жұмыстың әрбір құрылымдық элементін жаңа парақтан (беттен) бастаған жөн. Бір бөлім ішіндегі бөлімшелер өзара бір аралыққа түсіріліп басылады.
51 Сандық материалдар ең үздік көрнекіліктер мен көрсеткіштерді салыстыра қабылдау үшін кесте түрінде рәсімделуі керек.
52. Кесте атауы нақты және қысқа, мазмұнына сай болуы керек.
Кестенің атауын кестенің үстіне сол жағында, абзацтық шегініс жасамай бір жолға сызықша қойып, номірін жазу керек.
53. Кесте жұмыстағы мәтінде бірінші рет кездессе, одан кейін немесе келесі бетке орналастыру керек.
54. Жұмыста барлық кестелерге сілтемелер болуы қажет. Сілтемеге нөмерін көрсете отырып «Кесте» сөзін жазу керек, мысалы, (1Кестені қараңыз).
55. Қосымшалардағы кестелерден басқа кестелер барлық жұмыс шеңберінде араб сандарымен реттік тәртіппен нөмірленеді.
56. Әр қосымшадағы кестені санның алдына қосымша белгісін қоса отырып, араб сандарымен жеке нөмірлеу қажет.
57. Егер жұмыста бір кесте болса, онда ол «1 Кесте» деп белгіленеді, ал егер кесте В Қосымшасында болса, онда« В1 Кесте» деп белгіленеді.
58. Баған тақырыптары мен кесте жолдын тақырыбы бір сөйлемнен тұрса кіші әріппен, ал егер олардың өзіндік мәні болса, бас әріппен жазу керек.
59. Көп жолдан құралған кестені келесі параққа (бетке) көшіруге болады. Кестені басқа бетке көшірген кезде «Кесте» сөзі мен нөмірі бірінші бөлігінде көрсетіледі, басқа бөліктеріне «Қосымша» сөзі жазылып, кесте нөмірі көрсетіледі, мысалы: «1 Кестенің жалғасы». «Кестенің жалғасы» оң жағында жоғарыда орналасады, кестені көшірген кезде бағандардың номірімен қосымша жол керек. Бағандарының саны көп кестелер қосымшаға шығарған дұрыс болып келеді.
60. Егер кестенің әр түрлі жолдарында (бағандарында) қайталанатын мәтін бір сөзден тұрса, онда оны бірінші жазғаннан кейін тырнақшамен ауыстыруға рұқсат етіледі; егер екі немесе одан да көп сөзден болса, онда бірінші қайталағанда оны "бірдей" сөздермен, содан кейін тырнақшамен ауыстырады. Қайталанатын сандар, маркалар, белгілер, математикалық, химиялық белгілер тырнақшаға алынбайды. Егер кестенің қандай да бір жолында сандық немесе басқа мәліметтер берілмесе, онда оған сызықша қойылады.
61. Сол, оң және төмендегі жақтағы кестелер тәртіп бойынша сызықтарға шектелген.
62. Бағана тақырыптарын тәртіп бойынша кесте жолдарымен параллельді жазады. Қажеттілік жағдайда бағандар тақырыптарын көлдененен орналастыруға болады. Кестенің басы кестенің басқа бөлігінен сызық арқылы бөлінуі керек.
63. Кесте және мәтін аралығы бір «бос» жолдан тұруы қажет. Кестенің рәсімделу үлгісі Л Қосымшасында көрсетілген.
64. Иллюстративті материал курстық, дипломдық жұмыстардың және жобалардың міндетті бөлігі болып табылады. Оның санын, құрамы мен
мазмұнын жұмыс жетекшісі белгілейді.
65. Иллюстративті (суреттер) материалдардың негізгі түрі сызу, схема, фотосуреттер, диаграммалар, графикалар.
66. Сызу – машина, тетіктердің құрастырылуы немесе олардың бөліктері максималды дәл бейнелеуде қолданылатын иллюстрациялардың негізгі түрі. Ол сызу тәртіптері мен стандарт талаптарына сай болуы керек.
67. Фотосуреттер – көрнекіліктің шынайы берілуінің сенімді және анық құралы. Ол құжаттамалық дәлдікпен пән және құбылысты барлық жеке ерекшеліктерімен бірге бейнелеу үшін қажет.
68. Техникалық сурет пән және құбылысты ешқандай бөлшексіз және егжей-тегжейсіз көзбен қабылдау кезінде қолданылады.
69. Схема – қандай да бір құрылғы, пән, құрылыс немесе процестің негізгі идеясының масштабын сақтамай, шартты белгілер көмегімен берілетін және басты элементтердің өзара бір-бірімен әсерін көрсететін бейне.
70. Диаграмма – мөлшерлер аралығындағы тәуелділікті графикалық бейнелеудің бір тәсілі. Массалық мәліметтерді көрнекі түрде бейнелеу үшін құрастырылады.
71. Графика – мөлшерлердің шартты бейнесі және олардың геометриялық фигуралар, нүктелер, сызықтар арқылы қатынасы. Геометриялық образдан басқа графика мыналарды қамтуы керек:
1) жалпы тақырып;
2) шартты белгілер және графикалық бейненің жеке элементтерінің мазмұнын түсіндіру;
3) координат осьтері, масштабты шкала, сандық торлар;
4) графикалық көрсеткіштерге түсірілген мөлшерді анықтайтын және толықтыратын сандық мәліметтер.
Координат осьтері сызықтармен сызылады: ось соңында нұсқар қойылмайды. Қысқа тәуекелді ось бойынша оське масштаб жүргізіледі (немесе координатты тор), шкала масштабының сандық белгісі координат осінің сол жағына қарай және абсцисс осінен төмен жазылады. Осьте шартты белгілер және бөлінген мөлшерлердің өлшемділігі көрсетілуі қажет. Мөлшерлердің бөлшектік мағынасының орнына мөлшерді әріппен белгілей отырып, көбейткіш енгізіледі.
72. Егер иллюстрация бірінші рет ескерілсе мәтіннен кейін немесе келесі бетке орналастыру қажет. Иллюстрация комьютерлік орындауда болу керек, сондай-ақ түрлі түсті болып келеді. Жұмыстағы барлық иллюстрацияларға сілтемелер беріледі.
73. Фото суреттер өлшемдігі А4 форматтан аз болып стандартты ақ қағаз бетіне жабыстырылуы керек.
74. Иллюстративтік қосымшаларды жұмыстың барлық шеңберінде араб сандарымен нөмірлеу керек.
75. Егер бір сурет болса «Сурет 1» деп белгіленеді, сурет сөзі және оның атауы жолдың ортасына қойылады.
76. Иллюстрацияның қажеттілік жағдайындада атауы және түсініктемелік мәліметтері болады (асты сызылған мәтін). «Сурет» сөзі және оның атау түсіндірмесі мәліметтерден кейін және келесі түрде орналасады: 1 Сурет. Құрылғының бөлшектері.
77. Иллюстрациядағы сілтемелерді « ...2 суретке сәйкес» деп жазу керек.
78. Әр қосымшадағы иллюстрация санының алдына қосымшаның белгісін қосып араб санымен жеке нөмір беріледі, мысалы: Сурет А 3.
79. Иллюстрацияны бір бетте орындау керек. Егер иллюстрация бір бетке сыймаса, оны басқа беттерге шығаруға болады.
Бұндай жағдайда иллюстрацияның атауын бірінші бетке орналастырады, әр бетке түсіндіру мәлімет жазылады және олардың астына «сурет.. бет .. » деп көрсетіледі.
80. Суреттің жоғары және төменгі жағында орналасқан сурет пенмәтіннің аралығында екі «бос» жолды құрайды.
Иллюстрацияның рәсімделу үлгісі М Қосымшасында берілген.
81. Формулалар мен теңдеулерді мәтіннен жеке жолға шығару керек. Әр формула мен теңдеудің жоғары және төменгі жағында бір бос жол қалдыру керек. Бірінен кейін бірі келетін және мәтіннен бөлінген формулалар үтір арқылы бөлінеді.
82. Символдар және коэффициент сандар белгісін формулада берілген бірізділік бойынша формула астына келтіру керек.
Әр символ және коэффициент сандар белгісін жаңа жолдан бастап жазу керек. Түсіндірудің бірінші жолын қос нүктесіз, «қайда» сөзінен бастап жазу керек.
83. Формулаларды барлық жұмыс шеңберінде жолдың шеткі оң жағына дөңгелек жақшаға алынып, араб сандарымен реттік нөмірлеу арқылы нөмірленуі керек,
мысалы: , (1)
онда u – седиментация жылдамдығы;
g – еркін құлаудың үдеуі;
р – дисперлі фазаның тығыздығы;
p0 – дисперлі ортаның тығыздығы;
г – бөлшектер өлшемі;
η – дисперлі ортаның жабысқақтылығы.

84. Егер теңдеу бір жолға сыймаса тең болады (=), қосу (+), алу (-), көбейту (х), бөлу (:) және басқа математикалық белгілерден кейін көшірілуі керек, бұндай жағдайда белгі келесі беттің басында қайталанады.


85. Мәтіндегі формуланың тәртіптік нөмірінің сілтемелері жақшаның ішінде беріледі: (1) формулада.
86. Қосымшада көрсетілген формулаға, әрбір қосымшаның шегінде, Қосымшаны белгілейтін әріп қосылып, араб саны бойынша жеке нөмір беріледі, мысалы, формула А1.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет